Тіл дамытудан ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балапан» бөбекжайы





Тіл дамытудан ашық ұйымдасқан оқу қызметі


Тақырыбы: «Бауырсақ көктемді қалай қарсы алды?»


Тіл дамытудан ашық сабақ


Өткізген: 1-кіші «Жұлдыздар» тобының тәрбиешісі

- Ташманова Алтын Нұрғалиқызы




2014-2015 оқу жылы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Бауырсақ көктемді қалай қарсы алды?»

Мақсаты: Балаларға көктем, көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек туралы түсінік бере отыра, көктем белгілерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Көктем мезігіліндегі маусымдық өзгерістер туралы айта отыра, табиғатты аялауға баулу.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

Ендеше қонақтармен амандасып алайық..

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Шеңбер бойында тұру .

Қолды алға созу.

Қолды кеудесіне қою

Басты төмен ию.

Ұйымдастырылған ізденушілік

Күтпеген сәт: Музыка ойнайды. (Ә.Қалаубаева «Ертегілер» әні) «Бауырсақ» ертегісінің бас кейіпкері - Бауырсақ кіріп келеді. Өте көңілді көңіл-күйде болады.

Бауырсаққа көмек - оны жеп қойғысы келген аңдар туралы сергіту сәттерін орындау: «Ұзын құлақ сұр қоян», «Аю отыр партада», «Қасқыр», «Түлкішек».

Амандасады.

Сергіту сәттерін жасап көрсетеді.

Рефлексифті-түзетуші

«Қане, қане, кім келді?» саусақ жаттығуы.

Қане,қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

Ата, ата, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

Ағатайым, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

Көктемді көру үшін жайлауға бару, тасты жолмен өту. Д/о «Бәйшешектерді бөліп ал»

Саусақтарымен қимылдата отырып, жасайды.


Тасты жолмен жүреді, ойын ойнайды.

Біледі: Көктем мезгілі туралы әңгімелеуді;

Үйренеді: Бәйшешек гүлін басқа гүлдерден ажыратуды;

Игереді: Көктемдегі маусымдық өзгерістерді.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Образовательная область: «Коммуникация»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Раздел: «Развитие речи»

Тақырыбы: «Бауырсақ көктемді қалай қарсы алды?»

Тема: «Как колобок встретил весну?»

Мақсаты: Балаларға көктем, көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек туралы түсінік бере отыра, көктем белгілерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Көктем мезігіліндегі маусымдық өзгерістер туралы айта отыра, табиғатты аялауға баулу.

Цель: Детям дать понятие о весне, о подснежнике. Познакомить признаками весны. Развивать мышление, память. Расширить словарный запас. Воспитывать любовь к природе, уважительное отношение к окружающему.

  1. Барысы:

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше, өйткені бізге қаншама қонақтар келіп отыр, қане, бәрімізі амандасайықшы!

(Балалар амандасады).

- Ал, енді балалар, қуаныш шеңберіне тұрайық!

Қуаныш шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

(Қуаныш шеңберіне тұрып, тәрбиешімен амандасады, бір-біріне қуаныш гүлін сыйлап, күнге сәттілік тілейді).

2. «Кім бар, кім жоқ?» ойыны. (Балалардың аты-жөні аталады, бар балалар «мен» деп жауап береді. Ал жоқ баланы бәрі бірге «жоқ» деп айтады. Бар балаларға бір-бір бәйшешек гүлі сыйланады да, ашық ұйымдасқан оқу қызметінің басталғаны айтылады).

3. Балалармен көктем мезгілі туралы әңгіме жүргізу. (Музыка. «Көктем мезгілі туралы». Балалармен табиғат құбылыстарының үнін тыңдау).

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

(жыл мезгілі - көктем).

- Ал, баладар, көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

(күн жылынады, қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, жаңбыр жауады).

- Жарайсыңдар! Ал енді қолдарыңдағы гүлдерің туралы не білесіңдер?

(бұл - бәйшешек гүлі, ол көктемнің алғашқы гүлі).

- Бәйшешек гүлінің түсі қандай, атап беріңдерші?

(өзі ақ, шеттері сары, сабағы жасыл).

- Дұрыс айтасыңдар! Ал енді гүлдерімізді мына вазаға салып қояйық та, әрі қарай жалғастырайық!

(балалар қолдарындағы бәйшешек гүлдерін вазаға салып қояды).

- Өте жақсы, балалар, ал көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойлаймыз?

(8-наурыз және Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлаймыз).

- Бәрекелді, жарайсыңдар! Ал енді балалар, кім маған көктем туралы тақпақ айтып береді?

(Аделина, Нұржан тақпақ айтып береді).

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді.

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көрікті!

- Рақмет, балалар! Жарайсыңдар!

3. Күтпеген сәт: Музыка ойнайды. (Ә.Қалаубаева «Ертегілер» әні) «Бауырсақ» ертегісінің бас кейіпкері - Бауырсақ кіріп келеді. Өте көңілді көңіл-күйде болады.

Бауырсақ: - Балалар, сәлеметсіңдер ме?

Балалар: - Сәлеметсіз бе?

Бауырсақ: - Балалар, ал сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: - Иә, сен бауырсақсың!

Тәрбиеші: - Балалар, бауырсақтан сұрайықшы, ол қайда бара жатыр екен.

Балалар: - Бауырсақ, сен қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: - Мен ертегілер елінен келе жатырмын. Апам мен атамнан қашып кеттім, көктемді жайлауда қарсы алғым келеді.

Тәрбиеші: - Балалар, бауырсаққа біздің көмегіміз керек! Ол көктемді өз көзімен көру үшін, біз оны жолында кездесетін жануарлардын құтқарып қалуымыз керек! Ол үшін ертегіні есімізге түсірейік!

4. Үстел үсті театры. «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлері жайлы сергіту сәттерін еске түсіру. Апасы мен атасына қашып кеткен бауырсаққа бірінші болып қоян кездеседі, ол бауырсақты жеп қоймақшы болады.

- Қане, балалар, бауырсақты қоян жеп қоймауы үшін оған қоян туралы білетінімізді айтайық! («Ұзын құлақ, сұр қоян» сергіту сәтін орындайды).

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Бауырсақты қояннан құтқарып қалдық, ал енді оған қасқыр кездеседі. Қасқыр туралы не білеміз? («Қасқыр» сергіту сәті)

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады

Аспанға қарап ұлиды,

Малды ауылды ториды.

Ал енді бауырсақ қасқырдан да құтылды, оған аю жолықты, ол да бауырсақты жемекші, аю туралы не білеміз? («Аю отыр партада» сергіту сәті).

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада

«А» деді, «Б» деді,

«Р»-ға тілі келмеді. (Үш түрлі көңіл-күйде айту: қуаныш, реніш және сыбырлап).

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді бауырсақты ең соңғы түлкіден құтқарайық. («Түлкішек» сергіту сәті).

Түлкі, түлкі, түлкішек,

Түнде қайда барасың?

Апам үйіне барамын.

Апаң саған не береді?

Ешкі сауып сүт береді.

Оны қайда қоясың?

Тау басына қоямын.

Ит ішіп кетсе қайтесің?

Жылап-жылап қоямын.

  • Бәрекелді, балалар! Ал, Бауырсақ, енді жайлауға сенімен бірге көктемді қарсы алуға барсақ бола ма?

Бауырсақ: - Әрине, болады. Сендерге көп рақмет, білімдеріңнің арқасында мені құтқардыңдар! Енді мен де жылдың керемет мезгілі - көктемді қарсы ала аламын!

Тәрбиеші: - Ендеше, балалар, тұрмайық! Бәріміз бірге жайлауға барып көктемді қарсы алайық!

5. Жайлау көрінісі. (Тәрбиеші балалармен, бауырсақпен бірге жайлауға барады, қар еріп жатқандықтан, тасты жолмен жүру керектігі айтылады. Балалар бірінің соңынан бірі тасты жолмен жүріп, жайлауға келеді. Оларды Көктем қарсы алады). Көктем туралы музыка ойналып тұрады.

Көктем: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар: - Сәлеметсіз бе? Ал сіз кім боласыз?

Көктем: - Мен - Көктеммін. Менің мезгілім жеткен соң, жайлауға келдім. Айнала қар еріп, күн жылынды. Барлық тіршілік атаулы қысқы ұйқыдан оянды, көктемді қарсы алуда! Ал сендер кімсіңдер? Қайдан жүрсіңдер?

Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, Көктем! Біз балалармен Бауырсақты қиындықтардан құтқарып, өзіңізді көзімен көріп қарсы алғысы келген Бауырсақты сізге алып келдік!

Бауырсақ: - Иә, мен ертегілер елінен сізбен жолығу үшін қашып кеттім, ал мына ақылды балалар, мен қоян, қасқыр, аю және түлкіден құтқарып қалды. Енді міне, мен де өз көзіммен көктемді көріп, қарсы алдым! Рақмет сендерге, балалар!

Көктем: - Ендеше, төрлетіңіздер, барлығыңызды дастархан басына шақырамын! (Көктем төрге шақырып, балаларды, бауырсақты үстелге шақырады, үстел басында балалармен ойын ойнайды).

- Балалар, мен мына келген қонақтарға сыйлыққа бәйшешек сыйлағым келіп еді, тек олар мына көп гүлдің ішіне араласып кетті, оларды ажыратып бере аласыңдар ма?

Тәрбиеші: - Балалар, біз бәйшешектерді бөліп алмас бұрын, саусақ жаттығуын жасап алайық!

6. «Қане, қане, кім келді?» саусақ жаттығуы.

Қане,қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

Ата, ата, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

Ағатайым, бұл сіз бе?

Иә,иә,иә!

7. Ойын. «Бәйшешектерді бөліп ал»

(Балаларға көптеген гүлдер беріледі солардың ішінен балалар бәйшешектерді ажыратулары тиіс)

Көктем: - Жарайсыңдар, сендер өте ақылды балалар екендеріңді дәлелдедіңдер! Енді мына гүлдерімізді келген қонақтарға табыс етейікші! (балалармен бірге қолдарындағы бәйшешек гүлдерін қонақтарға табыс етеді). Менің де сендерге дайындаған азын-аулақ сыйлығым бар, қабыл алыңдар! (балаларға сыйлық береді, балалармен қоштасады).

8. Қорытынды. Балалардың жеке және топтық жауаптары.

Тәрбиеші: - Балалар, жарайсыңдар! Ал енді бүгін біз сендермен не істедік, қане, есімізге түсірейікші!

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бізге ертегілер елінен не қашып келді?

  • Біз оған қалай көмектестік?

  • Содан соң біз қайда бардық?

  • Бізді онда кім қарсы алды?

  • Бізге ол сыйлықты не үшін берді?

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендерге мен риза болдым! Сендерге осы көктем тек жақсылық әкелсін деп тілеймін. Балалар,осымен біздің ашық ұйымдасқан оқу қызметіміз аяқталды, қане, қонқтармен қоштасайық!

(Балалар келген қонақтармен қоштасады).













Самоанализ (Өзіндік есеп)

Білім беру саласы: «Қатынас»

Образовательная область: «Коммуникация»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Раздел: «Развитие речи»

Тақырыбы: «Бауырсақ көктемді қалай қарсы алды?»

Тема: «Как колобок встретил весну?»

Мақсаты: Балаларға көктем, көктемнің алғашқы гүлі - бәйшешек туралы түсінік бере отыра, көктем белгілерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Көктем мезігіліндегі маусымдық өзгерістер туралы айта отыра, табиғатты аялауға баулу.

Цель: Детям дать понятие о весне, о подснежнике. Познакомить признаками весны. Развивать мышление, память. Расширить словарный запас. Воспитывать любовь к природе, уважительное отношение к окружающему.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы бойынша тіл дамыту бойынша алға қойылған мақсат:

Мақсат: Балалардың енжар сөздік қорларын молайту, түсінікті сөздердің қатарын көбейту. Көркем сөздерді, шағын шығармаларды түсінуге жағдай жасау.

По программе «Алғашқы қадам» по развитию речи поставлена цель:

Цель: обогащение пассивной речи ребенка, расширение запаса понимаемых слов. Содействие пониманию художественного слова, произведения малых форм.

Міндеттер: 1. Балалар үшін кез келген қолжетімді тілдік қатынастарды мадақтау. 2. Балаларда артикуляция, тілдік жаттығулар негіздерін қалыптастыру.

Задачи: 1. Поощрять любые доступные ребенку речевые проявления. 2. Формировать у детей основы артикуляции, речевого дыхания.

ҰОҚ ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктері мен «Көктем» тақырыбынан алған білім деңгейлері есепке алынды.

Бұған дейін балалармен жүргізілген жұмыс түрлері: «Бауырсақ» ертегісі оқылды, мазмұндалды, ертегі бойынша суреттер топтамаларымен жұмыс жасалды, серуен кезінде бақылау жасалды, көктем туралы тақпақ жатталды.

При планировании занятия были учтены возрастные особенности детей, и знания, полученные ими по теме «Весна»

На предшествующих занятиях была проведена предварительная работа в которую вошли: чтение сказки «Колобок», рассматривание картин из сказки, наблюдения на прогулке, разучивание стихов о весне.

Я считаю, что на данном занятии поставленные задачи были выполнены. Дети отвечали на вопросы воспитателя активно. У детей закрепилось понятие о весне, о подснежнике, а так же закрепили правила культуры поведения в гостях. Был вызван интерес через использование игровых приемов, пальчиковую игру «Қане, қане кім келді?», д/игру «Бәйшешектерді бөліп ал!». Дети с удовольствием играли и отвечали на поставленные вопросы.


Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту. Саусақпен сурет салуға және қағаз қиындыларынан үйшік құрастыруға, өз беттерінше жұмыс жасау дағыларын қалыптастыру.
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет: (музыка)
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Өйткені бізге қаншама қонақтар келіп отыр, қане, алдымен барлығымыз қонақтармен амандасып алайық! (сәлеметсіздер ме, қонақтар!) Ребята, к нам сегодня пришли много гостей, давайте с ними поздароваемся!

Ал енді барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық та, осы күнге сәттілік тілейік! А теперь я всех вас приглашаю на утренний круг!

Шаттық шеңбері: (музыка)
Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Қуаныштымын саған! (қуаныш гүлін сыйлайды)

Ұйымдастырушы-ізденушілік қызмет:
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге ертегі тыңдаған ұнай ма? Ребята, а вам нравится слушать сказки?

  • Қандай ертегі білесіңдер? А какие вы знаете сказки?

  • Ертегілер еліне саяхат жасағыларың келе ме? А вы хотите в путешествие мир сказок?

  • Ендеше, теміржол вокзалына телефон соғып, пойыз шақыртайық! А давайте мы позвоним на железнодорожный вокзал и закажем поезд?

Телефон соғу: - Алло, сәлеметсіз бе? Біз ақылды балалармен бірге ертегілер еліне саяхатқа бармақшымыз, бізге сиқырлы пойыз жібере аласыздар ма? Рахмет! Сау болыңыз! Күтеміз! Алло, здравствуйте! Мы с очень умными ребятами хотим попасть в мир сказок. А вы не могли бы нам придаставить поезд?

Күтпеген сәт. Кондуктордың келуі. (логопед) (музыка)

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

  • Сәлеметсіз бе?!

  • Балалар, қараңдаршы, менің қолымда не бар?

  • Иә, бұл сиқырлы гүлді маған досым сыйлап еді, менің қолымда гүлдің ортасы ғана, ал жапырақтары жоғалып қалды, біз оларды ертегілер елінен тауып, жапсырсақ, жақсы болар еді! Сендер менімен ертегілер еліне барасыңдар ма? Да, этот волшебный цветок мне подарил мой друг, к сожалению у меня на руках осталась лишь середина, а лепестки я потерял. Но я знаю мы с вами их найдем, и наклеем! Вы готовы к путишествию?

  • Ендеше, саяхатқа шықпас бұрын сергіту сәтін жасап алайық!

Сергіту сәті. «Прогулка»

Саяхатқа қалай барамыз? - топ, топ!

Есікті қалай жабамыз? - хлоп, хлоп!

Мысық аулада секіріп: - прыг!

Ал торгайлар ше: - чик-чирик!

Риза мысық: - мурррр!

Ұшқан торғай: фурррр!

Одан әрі аяқпен: - топ, топ!

Дала есігін: - хлоп! хлоп!

Шөптер шулайды: - шшшшшш!

Шөпте не бар? - тышшшшшшқан!

Гүлдегі ара: - жужужу!

Жапырақпен жел: - шушушу!

Ал өзен ағысы: - трень-брень!

Армысың, жаңа күн!

(Сиқырлы пойызға отырып, ертегілер еліне саяхатқа шығу).

Балалар логопедпен бірге:

Біз пойызбен жүреміз, жүреміз, жүреміз!

Баршаңызға күлеміз, күлеміз, күлеміз!

Ертегілер еліне, еліне, еліне!

Тез арада жетеміз, жетеміз, жетеміз!
І-аялдама. «Шалқан» ертегісі. Қуыршақ тетры.

Кондуктор: - Балалар, қараңдаршы, бізді бірінші аялдамады кім күтіп тұрғанын! Қане, салем берейік! (амандасады)

Әже: - Балалар, амансыңдар ма? мен «Шалқан» ертегісіненмін. Ертегіде шалқанды кімнен кейін кім тартып, ең соңында кімнің көмегімен шалқанды жұлып алатыны ұмытып қалдым, көмектесесіңдер ме?

Кондуктор: - Балалар, көмектесеміз бе әжейге?

Балалар: - иә, көмектесеміз! (қуыршақ театрын рет-ретімен орналастырады, оларды 2 тілде атайды:

Кондуктор: - Ал енді барлығымыз бірге атайық!

ата-дедушка,

әже-бабушка,

немере-внучка,

ит-собака,

мысық-кошка,

тышқан-мышка,

шалқан-репка.

(Әже 1 жапырақ сыйлайды, кондуктор гүлге жапсырып қояды. Қоштасады, пойызға отырып, келесі аялдамаға кетеді).

ІІ-аялдама: «Үш аю» ертегісі. Мнемокестемен жұмыс.

Кондуктор: - Балалар, мына аялдамады бізді аю қарсы алып тұр екен. Сәлеметсіз бе, аю!

Аю: - Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мына кестеден не көріп тұрсыңдар? Бұл қай ертегі? Балалар жауап береді.

Кондуктор: - Ал енді барлығымыз бірге атайық!

орман- лес,

үй- дом,

ботқа- каша,

стул- орындық,

стол- үстел,

аю- медведь,

кереует- кровать.

Тіл дамытудан ашық сабақ

(Аю 2 жапырақ береді, кондуктор балалармен бірге оларды гүлге жапсырады, қоштасады, келесі аялдамаға барады).

ІІІ-аялдама «Бауырсақ» ертегісі. Қуыршақ театры.
Бауырсақ: - Балалар, мен туралы қандай ертегі білесіңдер? («Бауырсақ - қолобок»)

  • Мені қандай жануарлар жеп қоймақшы болады? (қоян - заяц, қасқыр - волк, аю - медведь, түлкі - лиса)

  • Түлкіден мені құтқару үшін, ол туралы тақпақ айтып бере аласыңдар ма? «Түлкішек» сергіту сәті.

Бауырсақ: - Рақмет сендерге, балалар! Сендер ең ақылды балалар екенсіңдер? Келесі аялдамады сендерге дайыдыған сыйлықтарым бар, соны қабыл алыңдар! Сау болыңдар!

(Бауырсақ 3 жапырақ береді, кондуктор балалармен бірге оларды гүлге жапсырады, қоштасады, келесі аялдамаға барады).

ІV-аялдама. «Ғажайып сандық»

Тәрбиеші: - Балалар, сендер кондуктор ағаймен қайды бардыңдар?

  • Сендерге саяхат ұнады ма?

  • Қандай ертегілерді көрдіңдер?

Кондуктор: - балалар, сендер өе ақылды екенсіңдер! Міне, менің жоғалтып алған жапырақтарымды білімдеріңнің арқасында қайтардыңдар» сендерге көп рақмет! Ал мынау «Ғажайып қалта» сендерге! Сау болыңдар, балалар!

Балалар: - Сау болыңыз!

Тәрбиеші: - Балалар, жарайсыңдар! Ал енді қонақтарымызбен де қоштасатын сәт келді!

Балалар: - Сау болыңыздар!


© 2010-2022