Қазақ халқының «Тақия тастамақ» атты ұлттық ойынымен таныстыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 27 бөбекжай - бақшасы» Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны.











Қазақ халқының «Тақия тастамақ» атты ұлттық ойынымен таныстыру.



Қазақ халқының «Тақия тастамақ» атты ұлттық ойынымен таныстыру.



Қазақ тілі мұғалімі: Иманкулова Р.А.







Қостанай қаласы


Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді.

Ойын тапсырмасы: Қарамау арқылы сезіп, дер кезінде қашып үлгіру.

Ойын іс әрекеті:Тақияның өзіңде екенін сезсе, тез орнынан тұрып кету және тақиясы бар баланы көршілері ұстап үлгіру.

Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.

Құралдар: Қазақы ұлттық бас киім (тақия), ұлттық ою өрнекті суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға ұлттық ойын мазмұнымен таныстырады. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз.

Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді. Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады.

Осы ойын арқылы балалар өздеріне көптеген жақсы қасиеттерді жинайды. Бұл ойын баланы жылдамдыққа, сақтыққа, көзбен көрмей есту қабілеті арқылы сезе білуге үйретеді. Сонымен қатар көпшілік алдында өз өнерін көрсете білу қасиетін қалыптастырады.

«Тақия тастамақ» ойынының бірнеше нұсқасын бір сабақта көрсету, ойнау мүмкін емес, сондықтан тәрбиеші ойынды бірнеше сабаққа бөледі.

© 2010-2022