Экология негіздері: Менің үйімдегі бөлме гүлдері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп

Шағын орталық топ тәрбиешісі : Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы

Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Менің үйімдегі бөлме гүлдері»
Мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп,табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері:

Қолымызды жаяйық

Әдемі гүлге ұқсайық.

Бір жабылып ашылып,

Орнымызды табайық.

Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз.

Сәлеметсіздер ме? Құрметті апайлар!

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі сабағымыз сол туралы болмақ.

Жұмбақ :Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.( Гүл )

-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз өсімдіктермен яғни гүлдермен танысамыз .Оның ішінде біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.

Жаңа сабақ

- Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек.Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп,үйдің ауасын тазартады.Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.Ендеше балалар тақтаға назарымызды аударайық.
Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.

-Балалар енді осы гүлдеріміз жайқалып,жайнап әдемі болып өсу үшін не керек деп ойлайсыңдар? Күн ,ауа,жарық,су,топырақ,жылу.
Гүлдің тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет. Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? ---Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап ,еркелетіп тұру қажет,олар да өздерінше қуана да мұңая да алады екен. Ендеше осы аталған гүлдер біздің бөлмемізде бар ма?Мұқият қарайықшы кім көріп тұр?

Ойын:Айырмасын тап.

Дала гүлдерімен бөлме гүлдерін айыра білу.

Практиклық әрекет: Ал енді балалар біздің бөлмеде традесканция гүлі мен бальзамин гүлі жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар.
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет.Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз.Ыдыстың түбі тесік болады.Содан кейін топырақ саламыз.Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз.Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз.Балалар гүл отырғыздық ,енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек. Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады.

-Ал сендер осы гүлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Гүл іздеу».
Сергіту сәті : «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған

Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру».
Мақалдар.
«Гүлді гүлдеме, егер сабағы болмаса».
«Гүл - өмір қызығы».
«Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас».
«Гүлші бір гүл егем дегенше, жүз тіккеннің уын жұтады».
«Гүлдің тоны қырық жамау. Бірақ иісі бар».
Қыз өссе - елдің көркі.
Гүл өссе - жердің көркі

Қорытынды: -Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

-Өсімдікке не керек?

-Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?

Мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Нені игерді: Бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін игеру.
Нені меңгерді: Гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгеру.
Нені біледі: Бөлме гүлдерін күтіп -баптау жолдарын білу.




© 2010-2022