Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиетӨзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет




Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет


тақырыбы: «Мейірімділік- асыл қасиет»



Өткізген : Жакипова А.А.

0 «А» сыныбы



2014-2015 жыл



Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік- асыл қасиет

Мақсаты:

1. «Қайырымдылық», «Мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2. Әңгімелесе отырып, қамқорлық жасауға жетелеу.

3. Мейірімділікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Сюжетті суреттер, жағдаяттар, болжау үлестірме қағаздары.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Апам мені: «Айым» - дейді,

Мен мұнайсам, уайым жейді.

Апам мені: «Күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

2. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

- Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

- Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

- Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

3.Жақсылық пен жамандық ертегілер тыңдау

Мысал ертегі.

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі - ақ, екіншісі - қара. Он екі жастағы немере көзін ашқалы, осы иттер үнемі атасының үй алдында арпалысып жататын. Атасының бұл иттерінің үлкендігін айтсаңшы.

- Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үй күзетуге біреуі де жетпей ме? Екеуін қайтесіз? Сосын біреуі -ақ, екіншісі - қара түсті болуын әдейі таңдадыңыз ба?- дейді немересі.

Жасы жетпістен асқан ата немересіне ойлы көзбен қарап: «Ол иттерім» - деді, «Мен үшін мәні зор екі таңба, балам!»

- Ненің таңбасы, ата?

- Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер сияқты ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды үнемі қасымда ұстаймын.

Немересінің көзі оттай жанып: «Күресте қайсысы көп жеңеді, қайсысы көп жеңіледі» - дейді. Атасы риза болып, немересінің арқасынан қағып:

- Қайсысы дейсің, балам?.. Мен қайсысына күтім жасап, жақсы көрсем, сол итім жеңетініне көзім жетеді.

4. Суреттерге қарап, жағдаяттар шешу.

1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыны кездестірдің.........

2. Сен аулаға коньки тебуге шықтың, ал досының көңілі жоқ..........

3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті........

4. Саған анаң дүкеннен екі балмұздақ сатып алды , сен досынды кездестірдің........

Сергітейік жанымызды.

Теңіз толқиды бір

Теңіз толқиды екі

Теңіз толқиды үш

Қатқаламыз біз!!!!

5. Балалардың мейірімділік туралы мақал -мәтелдерін тындау .

6.Балалардың орындауында көрініс көрсетіледі «Апа мен кішкентай қыз», «Апа мен

бала»

7. «Қол соғу »ойыны

8. Тапсырманы орындау (берілген суреттерді аяқтау,мазмұндау)

9. «Жер, су, ауа » ойыны.

Сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап алу.

- Талға мысық мініп түсе алмаса не істер едің?

- Үлкен кісіге қандай жақсылық жасау керек?







Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет

Балалар «Апа мен кішкентай қыз» көрінісін көрсетуде

Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиет

Балалар «Апа мен бала»көрінісін көрсетуде

Өзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиетӨзін-өзі тану пәнінен. Тәрбие сағаты: Мейірімділік - асыл қасиетБалалар «Жер, су,ауа» ойының ойнауында. «Мейірімділік» туралы мақал-мәтелдер айтуда

© 2010-2022