Мереклік іс-шара Қош келдің, Нұрлы жаңа жыл

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кел жаңа жыл,жаңа жыл!»

1- Жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

2- Жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Жұмыр жердің үстінде ,

Бұзылмасын тыныштық!

Жыл қуантты баршаны,

Ән мен билер басталсын,

Мерекелік тойды енді

Мен-Балдырған - басқарсын!


  1. Жүргізуші:Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем әнмен би билеп,

Күй-жырларды төгіндер.

2-Жүргізуші:

-Балалар ,біздің тойымызға бір нәрсе жетіспейтін сияқты?

1-Жүргізуші:

-Балалар , таптым! Біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған жоқ па? Олар біздің мектебімізді таба алмай жүрген шығар. Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды естіп,бізді тауып алар.

Бәрі:

Аяз ата,Ақшақар

Келіңіздер біздің ортамызға!( 3 рет)

Аяз ата:

-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар халайық!

Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан- тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар:

Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып ,

Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем иіліп.

Келе жатқан Қой жылы жылы ,

Береке , бірлік әкелсін сендерге!

2-Жүргізуші:

Аяз ата,сіз алыс жолданшаршап келдіңіз, енді отырып демалыңыз.Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.

Ән «Аяз ата»

Аяз ата мен балалардың көңілді биі.

1-жүргізуші: Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт- береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге

Балалар енді ескі жылмен қоштасып, жаңа жылды қарсы алайық.

Ескі жыл: Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап,

Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап.

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен.

Келер қой жылында

Дән көп болсын қоймада.

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әмәнда

Қоштасып қол бүлғаймын

Қош, сау болыңдар!

Клоун: Алақай,алақай,

Жыл келді шапқылап,

Қанеки, қарсы алайық жақсылап!

Балалар: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жыл: Рахмет, балалар! Мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет!

Жақсылыққа бағыттаған

Қоймын мен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз,

Жаңа үміт таба біл.

Барыс жылының мерекесін

Берекеге жалғаймын.

Жаңа жылдың бастауын,

Сендерменен тойлайын,

1-Жүргізуші:

Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт- береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге

Би `` Гномики`` Ұлдар тобы

2-жүргізуші:

Төрлет, қане Жаңа Жыл,

Үлестір құт, береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке!

Ән `` Жаңа жыл``Орындайтын: Тілегенқызы Назар және қыздар тобы

1-жүргізуші: Шырша қандай керемет,

Ойыншықтар ілінген.

Жымың қағып шамдары,

Бүкіл қызық тірілген.

2-жүргізуші:Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз ата бүгінгі келген күндей,

Жүздеріңнен қуаныш арылмасың.

Балалар арасында ойын:

1-жүргізуші:Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Циган биі : Хуантхан Әмина

2-Жүргізуші: Шырша айналып әндетіп,

Би билеңіз сәнді етіп.

Қандай жақсы жаңа жыл,

Ән салайық айналып.

``Шырша `` әні ,балалар шыршаны айналып билейді.

Аяз ата: Ал енді балалар сендердін тақпақтарынды тыңдайын. Тақпақ айтқан әр балаға кәмпиттерім бар.

«Балалар тақпақтарын айтады»

Жарқырайды жан жағым,

Жаңа жылдық киіммен.

Жаңа жалдың сыйлығын

Жеңіп алғын өнермен.-деп жақсы киінген балаларға сыйлығымыз бар.

«Жақсы киінген балаларға сыйылық беріледі»

Аяз ата:

Ау халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек

«4» пен «5» болсын!

Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар. Сендерге сыйлықтарымды үлестірейін.Сосын жол жүремін.

«Сыйлықтар үлестіріледі»

Ақшақар:

Күтіп отыр балалар,

Тағат таппай сағынып.

Оқалы шам бағандар,

Зерделі моншақ тағынып.

Жаңа жылым , жас ұлан,

Тұсауыңды кесейін!

(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)

Балалар: қош бол аяз ата. Рахмет!

1-жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.

Құт болып береке бер халқымызға,

Мерейін мәртебесін биікке асыр.

2-жүргізуші:Жаңа жыл әрбіріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

© 2010-2022