Айналамен таныстыру. Сабақ. Құстар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Балауса» балабақшасы











Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Құстар әлемі»



Айналамен таныстыру. Сабақ. ҚұстарАйналамен таныстыру. Сабақ. ҚұстарАйналамен таныстыру. Сабақ. Құстар









Өткізген: Болыспаева Т.А.










Қабанбай батыр ауылы, 2016.

Сабақтың тақырыбы: «Құстар әлемі»

Сабақтың мақсаты: •Балаларды табиғат құбылыстарын әңгімелей білуге үйрете

отырып, құстар жайлы мағлұмат беру.

•балалардың есте сақтау, ұғу, ойлау қабілеттерін арттыру,

сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру;

•балаларға құстардың пайдасын ұғындыра отырып, оларды

қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсінік беру, көрсету, сұрақ-жауап, жаттықтыру, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: ағаш, құстардың суреті, ұя, кеспелер,

магнитафон, сандықша.

Меңгерілетін сөздер: құстар, қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, ұя


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Қайырлы таң, аспан ана!

Қайырлы таң, жер ана!

Қайырлы таң, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Өткен сабақты қайталау:

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді өткен сабақты есімізге түсірейік. Сонымен, балалар, бізде қазір қай жыл мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Дұрыс айтасыңдар. Ал көктемде қандай өзгерістер болады? Кәне мына суретке қарап айтып көріңдерші.

  • Қар ериді

  • Күн жылынады.

  • Ағаштар бүршік жарады.

  • Жылы жақтан құстар келеді.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Дыбыстық жаттығу:

-құ, -құ, -құ - құстар

-ғаш, -ғаш, -ғаш - қарлығаш

-ғай, -ғай, -ғай - қараторғай

-я, -я, -я - ұя

Жаңа сабақ:

(Құстардың дыбысы естіледі)

  • Балалар, біз ненің дауысын естіп тұрмыз?

  • Құстардың.

  • Дұрыс айтасыңдар. Балалар, жаңа сендер көктемде жылы жақтан құстар ұшып келеді дедіңдер. Ендеше біз бүгін сол құстар жайлы айтамыз, яғни қандай құстар ұшып келеді екен соны білетін боламыз.

(ағашты тақтаға ілемін)

  • Күн жылына бастаған кезде қараторғай деген құс ұшып келеді екен.

  • Қараңдаршы қараторғай кішкентай құстардың бірі екен. Түсі қара.

  • Ал келесі құс - бұлбұл.

  • Бұлбұлды біз әнші құс деп айтамыз. Ол орманның ағаштарын құрт-құмырысқадан сақтайтын әдемі құс.

  • Тағы құстың бірі - бұл қарлығаш.

  • Қарлығаштың түсі қара, адамға жақын құстардың бірі. Оның құйрығы айыр болып келеді. т.с.с

  • Ал, балалар, осы құстар туған жеріне ұшып келгенде біз не істеуіміз керек? (суретті тақтаға ілу)

  • Ұя жасауымыз керек.

  • Балалар, ұя құстарға не үшін керек? (балалардың ойын тыңдау)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қанатты кең жаяйық.

Қарлығашқа ұқсайық,

Көбелектіжасайық,

Гүлге барып қонайық,

Құстар болып қалықтап,

Орнымызды табайық.

(Қараторғай кіріп келеді)

  • Сәлеметсіздер ме, менің достарым? Мені таныдыңдар ма?

  • Мен - қараторғаймын. Бүгін «Балдәурен» балабақшасының терезесіне ұшып келіп едім, дауыстарыңды естіп, сендермен ойын ойнағым келді. Ойнаймыз ба?

  • Ендеше біз қазір «Ұшты-ұшты» ойынын ойнаймыз.

Ұшты-ұшты - сиыр ұшты.

Ұшты-ұшты - қарлығаш ұшты.

Ұшты-ұшты - аю ұшты.

Ұшты-ұшты - қараторғай ұшты.

Ұшты-ұшты - жылқы ұшты.

Ұшты-ұшты - бұлбұл ұшты.

  • Жарайсыңдар, достарым! Мені қуантып тастадыңдар.

Дидактикалық ойын:

  • Қараторғай, біздің балалар қазір сізге ұя жасап береді. Ал сіз отырып дем алыңыз.Балалар, ол үшін мына кеспелерден сендер толық ұяны құрастыруларың керек. Кімнің жылдам екенін көреміз. (қималарды құрастыра отырып ұя жасайды)

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді біздің қараторғайымыздың өз ұясы болатын болды.

Қараторғай: Балалар, маған жасаған ұяларыңа өте ризамын. Сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған ұя жасасаңдар, мен сендерге де сыйлық ала келдім. Ол сыйлықты топтарыңа барып беремін.

  • Балалар, сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Қорытынды:

  • Сонымен, балалар, барлығымыз тақтаға қарайықшы! Бүгінгі құстарымызды тағы бір атап өтейік. Мынау не? (тақтадан құстардың суретін көрсете отырып)

  • Бұл - қарлығаш.

  • Қарлығаш қандай құс?

(Әр құстың суретін көрсете отырып сұрап шығу)


  • Ал, Аружан бізге осы құстар жайлы тақпақ айтып беремін деп отыр, тыңдайық.

Ой, балалар, балалар!

Құстар да да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Құс ұясын бұзбайық,

Обалына қалмайық.

  • Жарайсың, Аружан! Балалар, Аружан дұрыс айтады,біз құстарды әрдайым қорғап, олармен дос болуымыз керек. Сендер әрқашан оларға қамқор бола біліңдер.

Балаларды мадақтау:

  • Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Әсіресе ..., ... -ды ерекше атап өтуге болады.

Білді:Құстардың аттары мен оларды қорғауды және олардың дыбыстарын айыра білді.

Білу керек: Құстарға қамқор болуды.

Біледі:Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы біледі.












© 2010-2022