- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Оқу іс-әрекеті, тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекеті, тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Елмагамбетова Г.И. |
Дата | 12.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Астана қаласы
Дарынды балаларға арналған
№ 81 «Astana English School» мектебінің
Тәрбиешісі Елмағамбетова Г.И
Оқу іс әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ш дыбысы бар сөздерге мысал келтіріп, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрату арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс- әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер ,текшелер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалардан өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталайды.
-
Балалар,дыбыс дегеніміз не?
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Дауысты дыбыстар қалай аталады?
-
Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?
-
Негізгі бөлім.
1.Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.
-
Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?
2. Мұғалім жұмбақ жасырады.
Мысалы:
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бөгенге.
(Шана)
Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
-Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр ?
Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.
Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.
3. Сергіту сәтін өткізу.
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егер де,
Былай ескек есейін.
(Қимылмен көрсету).
Тіл ұсарту жаттығуы.
Шы-шы-шы
Әкем менің аңшы.
5. Дәптермен жұмыс.
Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы,шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.
Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.
Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастыру. Сөзжумбақ шешкізу.
6. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны аптық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шырша, машина, ағаш, шымшық,шаңғы.
Осы сөздерге балалар сөйлем құрастырады.
Жұмбақ шешу:
Тікен-тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
(Шырша)
-
Қорытындылау:
-
Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па ? Дауыссыз дыбыс па?
-
Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді Ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
Шана сөзін балалар тақтаға текшелер арқылы жазып, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.
Сабақты қорытындылай отырып, жақсы жауап берген балалар мадақталады, бағаланады.