Дидактикалық ойын Дала құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құзыреттілікке жеткізетін - ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері:

Білім беру саласы

«Әлеуметтік орта»

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тобы:

Ортаңғы

Тақырыбы

Дала құстары. Қыста қыстап қалатын құстар. Дидактикалық ойын: «Үй құстары мен дала құстарын ажырату»

А) ақпараттық құзыреттілік

Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру,қыстап қалатын құстарды таныстыру. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

ә) коммуникативтік құзыреттілік

Қысқы табиғат көркін бақылату арқылы суреттеу дағдыларын дамыту.

Б) проблема шешу құзыреттілігі

Өз бетімен тәрбиешінің сұрағын түсініп, өз ойын нақты жеткізу қабілетін қалыптастыру. Үй құстарым мен дала құстарына көңіл бөлгізу. Құстардың түсін айқындату.Балаларға үй құстарын қалай баптау керек екендігін түсіндіру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі

Серуен сабақ

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар

Серуен, бақылау, Ойын-жаттығу, тіл дамыту жаттығулары.

Әдіс - тәсілдер

Түсіндіру, көрсету, суретті мазмұндау, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар өткізу, сергіту сәті.

Оқыту құралдары:

Құстар бейнеленген суреттер. Жыл құстарының суреттері.

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы бөлімі

Шаттық шеңбері:

Амандасып үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлематсыздарма қонақтар!

Балалар бірге қайталайды.

Іздену ұйымдастырушы бөлімі

Сұрақ-жауап:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қыста балалар қандай ойын ойнайды?

Балалар бүгін сіздер дала құстарымен, яғни қыста қыстап қалатын құстармен танысамыз. Балалар тақтадағы суреттегі құстарға қарайық.

Қане баріміз құстардың аттарын атайық.

  • Мынау қандай құс?

  • Түсі қандай?

  • Денесінде не бар?

  • Қарға не жейді?

  • Ал мынау қандай құс?

  • Торғайдын түсі қандай?

  • Тұмсығы қандай?

  • Торғай қалай дыбыстайды?

Балалар қане құстар туралы тақнағымызды қайталайықшы.

Қарға ұшар қарқылдап

Торғай ұшар шырылдап

Көгершін ұшар гуілдеп

Қарлығаш ұшар шық-шыттап.

Дидактикалық ойын:

Мақсаты: Дала құстары мен үй құстарының суреттерін ажырата таба білу, есте сақтау қабіліеттерін байқау.

Сергіту сәт:

Қане,қанат жазайық

Құс болып ұшайық

Ұшып -ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

Суреттерді қарап, сұрақтарға толық жауап береді

  • Қыс

  • Күн салқын болады, аяз болады, боран болады.

  • Шанамен ойнайды, коньки тебеді,сырғанақ тебедіү

  • торғай, ұзақ,қарға, көгершін, сауысқан, сарышымшық.

  • қарға

  • кара ала

  • қауырсын

  • құрт-құмырсқа, жем жейді

  • торғай

  • қоңыр ала

  • қысқы үшкір

  • шық-шықтайды

Өлеңді тәрбиешімен бірге қайталайды

Мәнерлеп оқылған өлеңді зейін қойып тыңдап, бірнеше рет қайталайды.

Ойынды ойнайды

Сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы жасайдыү



© 2010-2022