Ертегілер әлемі ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ертегілер әлемі.»

Мақсаты: Балалабақшада балалардың ертегі арқылы тілдерін дамыту, шығармашылығын дамыту, ертегіні мазмұнына сахналауға үйрету, рольде ойнау шеберліктерін жетілдіру, театр өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктері: компьютер, флэшка ертегілердің суреттерімен, «Қарлығаш пен Дәуіт», «Маша мен аю», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Үш торай» музыка «В гостях у сказки», құстардың дыбыстары, ағаштардың макеттері, оқтау, себет, қолғап, сандық, жануарлардың балалары мен суреттері, бауырсақтың атрибуты.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады.

Ұйымдастырушылық-

Ізденістік

Музыка әуенімен педогок:

-Балалр, жаңа ертегілерді естігілеріңіз

келеді ме?

Онда мына кітапты алып ертегіні таңдап алыңыз.

-Ой, ертегілеріміз қайда кеткен?

- Ертегілер қайда жоғалып кеткенің қалай ойлайсындар?

Біздің балалар соңғы уақытта мультфильмдерді өте көп қарайды, компьютер ойнайды, ал ертегілерді мілдем оқымайды.

-Ертегілер сиқырлы ертегілер әлеміне кетті деп ойлаймын.

-Біздер оларды қалай қайтарамыз?

Жаңа ертегілерді жазамыз, кітапханадан іздейміз, әлде қайтып келуге өтінеміз бе?

-Балалар мен таптым, мүмкін біздер ертегілер әлеміне ертегілерімізді іздеуге барамыз?

-Сендер менімен барасындар ма?

-Біздер немен барамыз?

-Поезбен, машинамен, ұшақпен баруға болады, бірақ біздің топта ондай көлік жоқ.

Тәрбиеші кілемді әкеліп жаяды.

-Балалар қарандар біздің кілем тесіліп қалыпты ғой. (Кілемнің тесіктері геометриялық пішіндер тәрізді болып келеді.)

-Ертегілер әлеміне жету үшін кілемді жамау керек.

Дидактикалық ойын: «Жамауды тап»

Балаларға берілген геометриялық пішіндердің орның тауып кілемді жамау керек.

-Балалр қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?

- неше төрт бұрыш бар?

-неше үшбұрыш бар?

-неше тіктөртбұрыш бар?

-Жарайсындар кілемді жөндедік енді бәрімізге сәт сапар тілеймін.

(хормен)

Біздің кілем ұшып барады

Алыс жерге апарады

Кәне достар көзді жұмамыз

Ертегілерімізді табамыз.

-Балалар қарандар, қайда келіп қалдық? (музыка қосылады, орман мекендеушілердің дыбыстары естіледі.)

-Балалар орманда қалай жүру керек?

-Қарандар бағдаршалар бар, мұнда не жазылғаның оқып бериін бе?

-Сол жаққа барсан суға батасын, оң жаққа барсаң ертегілерді табасын.

-Балалар қалай ойлайсындар біздер қай жаққа барамыз?

Тәрбиеші балалармен оң жаққа барып, ағаштың астыңда флэшканы тауып алады.

-Балалар бұл не?

-Сендер қалай ойлайсындар мұнда не жазылған? Қараймыз ба?

-Ендеше жайғасып отырайық менде сендермен бірге қарайық

Балалар теледидардан «Қарылғаш пен дәуіт», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Маша мен Аю», «ш торай» ертегілердің суреттерін көріп, қандай ертегі екенін айту керек.

-Жарайсындар компьютер астынаң сол ертегілердің суреттерін алып шығады.

Әрі қарай жолмен бара жатып алма ағаштың астыңда қолғапты, себетті, оқтауды тауып алады.

-Балалар бұл заттарды қай ертегінің кейіпкерлері жоғалтты?

Әрі қарай бара жатып, сандықты көріп қалады.

Сандықта жанжануарлардың суреттері бар.

Дидактикалық ойын: «Баласын тап»

-Балалар осы жануарларға өз балдарын табуға көмектесу керек, көмектесеміз бе?

Әрі қарай бара жатып, үстінде бауырсақ отыр екен.

-балалр бұл кім?

-Ендеше орындарымызға отырып, ойын ойнайық. Мен сендерге сөйлемді оқып бастаймын сендер оны аяқтайсындар.

Сөздік ойын:

-Әже бауырсақты пісірді өйткені ол..............,

-Бауырсақ ата-әжеден қашып кетті

өйткені ол........,

Қоян, аю, қасқыр бауырсақты жеп қойған жоқ өйткені ол..........,

Бауырсақпен жамандық болып қалған

өйткені ол..........

-Балалр осы ертегінің соңы қандай?

-Сендерге ертегінің аяқтағаның ұнайды ма?

Мағанда ұнамайды бірақ сендер осы ертегінің аяқ жағын өз қалауынша құрастырып көріңдер.

Енді менің құрастырғаның тыңдандар.

«Айтып берді бауырсақ өленді түлкіге, түлкі оған: «бауырсақ мен қартайдым, құлағым естімиді мұрныма отырып өленіңді тағы да айтшы». Бауырсақ түлкіні айлакер, қу екенің білгесін, мұрнына отырып, «Бесік жырын» айтып, түлкі оны тыңдап, ұйықтап қалады. Бауырсақ секіріп домалап ата-әжесіне қашып кетеді.

-Иә

балалар кітапты ашып қараса, кітаптің таза беттерін көреді.

-Олар жоғалып кетті.

Балалрдың жауаптары тыңдалады.


Балалрдың жауаптары тыңдалады.

Балалрдың жауаптары тыңдалады.

Балалар топта сиқырлы кілем бар екенің айтады.




Балалар топта сиқырлы кілем бар екенің айтады.

Бәрі кілемге тұрып, музыка әуенімен саяхаттқа аттанады.


-Орманға.



-Оң жаққа.


-флэшка

-иә


Балалар айтды.


-Себетті Маша «Қызыл телпек» ертегінен, оқтауды түлкі, «Оқтауды тауып алған түлік» ертегінен, қолғапты шал «Қолғап» ертегінің кейіпкерлері жоғалтты.

Балалар тауып айтады:

-аю баласына қонжық деп айтады, қоян- көжек, қасқыр-бөлтірік, түлкі-жәудір.

-Бауырсақ


Балалр өз қалауы бойынша жауап береді.



-Түлкі бауырсақты жеп қойды.

-жоқ

Балалар пікірлермен бөліседі.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар сендерге ұнады ма?

Сендерге тапсырма үйде ата-аналармен бірге осы ертегінің соңың өз қалауынша құрастырып көріндер.

-Біз біраз ертегілерді таптық, енді топқа оралайық мен сендергеосы ертегілерді оқып беремін.

-Ұнады.

Балалар сиқырлы кілемге тұрып, сиқырлы сөздерді айттады. «Біз кілемшеге тұрамыз балабақшаға қайтамыз.»

Күтілетін нәтижелер:

Білу: Ертегілерді сурет арқылы танып білу.

Игеру: Өз ойынды ашып айту, сұрақтарға толық жауап беруді.

Меңгеру: Ертегілерді өз қалауы бойынша құрастыруды.








© 2010-2022