Педагогикалық терминология жалпы ұісінік

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



















Педагогикалық терминология жалпы ұісінік




Акмеология- грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді. Адамның дамуы мен тіршілік әрекет барысындағы биіктіктерге шығуын қарастыратын ілім. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылық қабілетті, өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің субъектісі ретінде танылады.

Аксиология- құндылықтар және құндылық мінез-құлық жайлы ілім, адамдар ісіндегі мотивация,адами әрекеттердің мәнді ұстанымдары жайлы философиялық теория.

Андрагогика- ересектерге білім берудің теориялық және практикалық мәселелерін

қарастыратын педагогика ғылымының бір саласының аталымы. Андрагогиканың жүйеге келтірілуі ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталады.

Әдіс- (грек тілінен аударғанда- теория, ілім, зерттеу жолы)- көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Әдістер әрекет мақсатына, түріне қарай таңдалады.

Әдіскер- оқу-тәрбие әдістерін жетік меңгерген ұстаз. Әдіскредің мінденті- мұғалімдерге ғылым мен озат тәжірибеге негіздей отырып, пәннің оқытылу жайы, тәрбие мәселелер турасында көмектер ұйымдастыру, жаңашылдық тәжірибені зерттеу,тарату.

Синергетика- бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу немесе өзін-өзі дамыту педагогикасына бағытталған күрделі жүйе.

Білім- адам ойлауындағы шындықтың нақты көрінісі; қоғамдық тәжірибе негізінде тексерілген танымдық үрдістің нәтижесі.

Білімдер- ұғым,ұстаным,теория түрінде көрінетін және табиғи және жасанды тілдердің белгілік жүйесінде тіркелген, айнала қоршаған орта шындығы туралы мағлұматтардың жиынтығы.

Жаңашыл- жүйеге, үрдіске,құбылысқа ілгерінді бір жаңалық енгізуші адам; көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс-әрекетін көрсете алушылық.

Кәсіби дайындық- белгілі кәсіб бойынша арнаулы білім, білік, дағды, шеберлік және еңбек тәжірибесін қалыптастыру.

Креативтілік- өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы.

Құзырлылық- «істі білу» іс-әрекетіне деген қабілеттілікті білдіретін жалпы бағалау термині.

Мониторинг- қоғамда немесе оның қайсібір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі.

Педагогикалық диагностика- ұстаздың кәсібилік деңгейі мен әрекетінің нәтижелілігін анықтаудың жеке, топтық, ұжымдық құралдары, әдістер жүйесі.

Педагогикалық жүйе- педагогикалық ақиқаттың қызметтік мәнін, оның ұйымдастыру-әрекетін құрылымын, үрдісі мен морфологиясын сипаттаудың құралы.

Праксеология- әлеуметтік іс-қимыл мен әрекет жайлы философиялық және әлеуметтанымдық ілім.

Рефлексия- субъектінің психикалық акты мен күйлерді өзінше талдауы және тануы.

Тұлға- дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің жеке нысаны.

Тұжырымдама- белгілі бір құбылыстар жайындағы көзқарас жүйесі, бір нәрсе туралы негізгі пікір.

Үздіксіз білім- білімдегі бір саты мен келесі сатының жалғасып келуі, толассыздық.

Фасилитация- топтың іс-әрекетін жеңілдету үрдісі.

Білім беруді жаңғырту- білім беру жүйесін жетілдіру, жақсарту, жаңарту, оны жаңа талаптар мен нормаларға, техникалық шарттарға, сапа көрсеткіштеріне сәйкестендіру.

Бейін- оқу жүктемесінің нормаларына қатысты талаптарға сәйкес келетін базалық, бейіндік және элективті курстардың үйлесімі.

Бейіндік саралау- әрбір пәннің оқытылу мақсаттарына орай мазмұндық айырмашылық, яғни түрлі бейіндігі сыныптарда немесе білім беру ұйымдарында қайсыбір пәннің тереңдетіле оқытылуын немесе кеңейтілуін қарастыратын құжат.

Бейіндік білім беру бағдарламасы- бейіндік пән бойынша білім беру мазмұннын анықтайтын және берілген пәннің тереңдетіле оқытылуын немесе

кеңейтілуін қарастыратын құжат.

Білімдегі менеджмент- білім беру процесінің тиімдлігін көтеруге бағытталған білім беру процесінің ұстанымдары, әдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдердің кешені; адамдарды бірлескен жұмысқа қабілетті ету мақсатында адамның айналасында жүретін басқару іс-әрекетінің бір түрі.

Бейіндік пән- жалпы орта білім берудің жоғарғы деңгейіндегі бейіндік оқыту бағытының сипатын анықтайтын оқу пәні.

Құзіреттілік- оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Құзіреттілікті тәсіл- оқу процесінің түпкіліктіқұзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы.

Ресурстық орталық- бейіндік оқытуды жүргізу үшін ресурстарын өзге мектептер пайдаланатын, жеткілікті материалдық және кадрлық әлеуетке ие білім беру ұйымы.

Тұлғаға бағытталған тәсіл- мұғалімнің оқушыға тұлға, тәрбиелік әрекеттестік етудің саналы, жауапкершіл субъектісі ретінде бірізді қарым-қатынасы.

Тұлғаның әлеуметтенуі- кең мағынада алғанда адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қамтылуын және оның осы қатынастарды өз бетімен қайта жаңғыртуын көздейтін адамның әлеуметтік нормалары мен мәдени құндылықтарды меңгеру процесі.

Ықпалдасу- ғылымдардың жіктелу процесімен қатар жүретін, олардың жақындасуы мен байланысу процесі.

Элективті курстар- мемлекеттік білім беру стандартының аясынан шығатын білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды ұйымдастыру формасы.

Баға- бағалау процесі нәтижесінің шартты- формальды (белгілік) көрінісі; оқушылардың оқу жетістіктері бағасының сандар мен ұпайлар түріндегі сандық көрінісі.

Бағалау- бұл оушының қол жеткізген іс-әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру процесі.

Базистік оқу жоспары - жалпы орта білім беру сатыларына сәйкес мазмұн көлемі мен тізімін, оқыту тәртібін реттейтін негізгі құжат.

Бейіндік оқыту- білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқуды саралау мен даралау құралы.

© 2010-2022