Ұлттық - ою өрнек сабақ жоспары даярлық топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Сабақ тақырыбы:Ұлттық ою-өрнек.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Балаларға ермексаздан ширату әдісін қолдану арқылы ұлттық ою-өрнектерді женіл түрдегі бедермен орындауға үйрету.Қазақтын ою-өрнектерінің элементтерімен таныстыру.Балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.Ою-өрнектегі түс үйлесімдегі мен ырғақты сезінуге,әсемдікті қабылдай білуге тәрбиелеу.

Міндеті:Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Керек құралдар мен материалдар:

Педагог үшін:қазақтын сәндік қолданбалы өнер бұйымдары ,Ұлтық ою-өрнектер үлгілері,ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал.

Балалар үшін:Жұмыс дәптері,ермексаз,тақтайша,таяқша,қолорамал.

Кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды жағы

Жағымсыз жағы

Мотивацияқ кезеңі.

Ұйымдастыру кезеңі.









Рефлексия.

I.Жылулық шеңбері

Армысың,ардақты Аспан ата!

Армысың,мейірімді Жер-ана!

Армысың,шұғылалы алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

II.Сурет бойынша әңгіме.

Тақырыбы:Қазақтын қолөнері.

III.Жұмыс ретімен танысу.

-Ақ және қоңыр түсті ермексазды жұмсартамыз.

-Ермексазды домалақтап алақанға салып жалпайтамыз,тақтайшаға жабыстырып,ою-өрнек салынатын негізгі өң бетін дайындаймыз.

-Өң бетіне тіс шұқығыш таяқшамен оюдың үлгісін саламыз.

IV.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Қанатымызды жаямыз

Ұшақ болып ұшамыз

Суда жүйткіп жүземіз

Кемелерді түземіз

Жол тәртібін сақтап

Тролейбусқа мінеміз.

Қорытынды.

Сұраққа жауап береді.

Қандай ою-өрнек түрін білеміз?

Оюдың аттарын атаймыз?

Оюмен нені безендірдік?

Жылылық шеңберін орындайды.

Жақсы-жақсы сөздер,айтады.

Сурет бойынша ою түрімен танысады.

Жұмыс ретімен танысады.

Берілген түсті жұмсартады.

Домалақтап ,жалпайтып, тақтайшаға жабыстырады.

Оюдың үлгісін салады.



Өлең жолдарын қимылмен жасап,сергіту сәтін жасайды



Сұрақтарға жауап береді..

Күтілетін нәтиже:Ұлттық ою-өренекті әшекейлеуді .

Білуі: Қазақтын ою-өректерін мүсіндеу.

Игеру:Мүсіндердің әдіс-тәсілдерін

Меңгеру:Ою-өрнекті безендіруді.



© 2010-2022