Сабак Тіл дамыту дайындық сыныбы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесі. Мақсаты: Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынган сюжетті сурет. Сөздік жұмыс: немере қызы. Әдіс - тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу, сұрақ -жауап Оқу іс - әрекетінің барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру талпындыру




\


Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру













Рефлексия орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою

І. Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері:

Амансыңба, күн ана!

Амансыңба, жер ана!

Амансыңба достарым!

Сендерді көріп қуанам.

І. Кіріспе бөлім

а) Балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқып беру. Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады.

-Тышқан:«Апырай қайдан шықты екен осыншама нан? Біліп алып шыққан жеріне кірсем бе екен?» - деп ойлады.

- «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

-Бір күні жануарлар «Не дәмді?» - деп таласып қалыпты.

- «Не дәмді?» ертегісі.

ә)Балалардан еңбек туралы қандай әңгіме, ертегі білетіндерін сұрау. Сонан соң Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитындарының, оның еңбек туралы екенін хабарлайды.

-Қыз Мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші», - дейді.

-«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

-Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе?

-«Не сыйлау керек?» әңгімесі.

ІІ. Негізгі бөлім

а)Ы.Алтынсарин туралы қысқаша мағлұмат береді.

-Ыбырай Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.

ә) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Шапан, мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.

Шапан - астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім.

Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.

Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні. Әңгіменің мазмұнына байланысты төмендегі үлгідегідей сұрақтарға жауап беру.

Сұрақ -жауап

-Үйде анасы мен қызы не істеп отыр еді?

-Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?

-Мақтаны не іліп алып кетті?

-Торғайға мақта не үшін қажет болды Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.

б) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Өлеңді дауыстап оқиды, балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды.

Білесің, кәне, айта ғой

Танисынба ба....?

в) Жаңылтпаш жаттату. Жаңылтпашты жылдам айтқызу арқылы балалардың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйретеміз.

Мақталы дала

Аппақ қой, қара.

Қарашы, бала

Мақталы дала.

ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау. а) «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе, сабақтың қорытындылау.

Бағалау

Дөңгелене тұрып бір -біріне тілектер айтады.



Таныс ертегі, әңгімелерден үзінді айтады








Бір уыс мақта әңгімесін айтады.

Сөздік жұмысы жүргізеді.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Ұйқасын тап ойынын ойнау.

(торғай)

Жаңылпашты жатқа айтады.


Сұрақ-жауп арқылы сабақты қорытындылады.



© 2010-2022