Мен және мені қоршаған орта

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Валеология

Оқу іс әрекетінің тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта.

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.

Қсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым қатынасын қалыптастыру.

Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

Оқу іс әрекетінің барысы:

Адамға ең қажетті дене мүшелерін ата.

Қаңқа деген не? Ол не үшін қажет?

Дәрігер Салауат сүйектерді қорғау үшін қандай кеңестер береді?

Тері қандай маңызды рөл атқарады?

Табиғат сенің денсаулығыңа қандай әсерін тигізеді?

Педагог балалармен табиғат дегеніміз не және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгіме өткізеді.

Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу.

Табиғат адамдарды қоршаған әлем.

Бұл аспан, ай, жұлдыздар, өзен көл теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын шашын, боран, су тасқыны, қар еруі бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.

Таулар, тастар, ағаштар, шөптер табиғаттың денелері.

Табиғат бүкіл қоршаған ілем, ал адам өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Табиғаттың адамға ғажайып сыйлығының бірі таза ауа.

Педагог терезенің желдеткішін ашып, балаларға таза ауаны терең жұтуды ұсынады. Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.

Ағаш ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағмды әсер етеді.

Күн табиғат сыйының бірі. Халық: «Күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады» дейді. Күн шуағы көптеген аурудың алдын алады.

Балалар терезеге келіп, қолдарын күнге созып жылытады.

Өмір шырыны су табиғаттың тағы бір сыйы.

Адам ағзасының жартысынан көбі судан құралады. Сусыз адам біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін. Ыстық болған сайын ағзалардың сусыз өмір сүруі қиындай түседі. Су ішкі және сыртқы ағзаларды тазартады. Өсімдіктер де, жануарлар да сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер мен жануарлар денсаулықты нығайтуға қажетті дәрумендер береді.

Балалар таза, салқын суды ішеді. Қолдарын суға салып, бетерін сулы қолдарымен сүртеді.

Сергіту жаттығу.

Әңгімелесу.

Флора және фауна дегеніміз не?

Флора өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер,бұталар, шөптер, т.б.)

Фауна жануарлар әлемі (үй жануарлары және жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер).

Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады.

Дән жерге түскеннен кейін, өніп, тамырланып, кішкентай өскін өсіп шығады. Оны жаңбыр суарып, күн жылуын береді.Жер күш береді. Ағаш күшті және иілгіш болуы үшін, ір тағда таңертеңгі шық оны жуындырып, салқын жел әр бұтағын тербетіп, жапырағын сыбдырлатып тұрады. Ал ол қсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан: жауын шашын, желден, т.б. қорғап, жемісін беріп, ыстықта көлеңкесін түсіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегі шығарады. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, жапырағы сарғаяды, зиянды заттар болса, ағаш ауырып, аяғында солып қалады. Суы аз болса, өспей қалады.

Жануарлар да салауатты өмір заңын сақтайды.

Күшік пен мысық аулаға жүгіріп шығып, керіліп созылады. Мысық бетін жуады, ал күшік тілімен жүнін жалайды. Барлық жануарлар тамақтанғаннан кейін жуынады. Әтеш қақпаға шығып, мойнын созып, қанаттарын серпіп серпіп, қатты шақырады.

Жануарлар жүнінің таза болуы жақсы денсаулықтың белгісі.

Жануарлар тамақтану тәртібін сақтайды. Егер мысықтың баласын уақытында тамақтандырса, ол өспей қалады.

Ойын лото «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері».

Балалар адамға қоршаған ортаға байланысты үлкен жауапкершілік жүктелгенін талқылайды. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды, өйткені ол табиғаттың бір бөлігі. Өз денсаулығын сақтау үшін, ол жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға міндетті.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Дәрігер Салауаттың кеңестері:

Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! Сүйсініп қара, басқа адамдардың да сүйсініп қарауына мүмкіндік бер.

Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол, ол оны өзіне төнген қауіп санап,қауып алмауы мүмкін.

Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяны көрсең,тиіспе. Құстар өз балапандарын қорғаймын деп, шоқып тастауы мүмкін.

Жануарларды таяқпен соғып, аяқпен теуіп, құйрығынан тартып жәбірлеуге болмайды. Олар өзін қорғау үшін, сенің өміріңе қауіп төндіру мүмкін.

Қорытынды:

Табиғат тіршілік нәрі.

Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

Адам табиғаттың бір бөлігі. Жер бетіне ауа, су, күн болмаса, тіршілік атауы болмас еді.




© 2010-2022