Конкурс Көңілді тапқыштар (0 класс)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конкурс Көңілді тапқыштар (0 класс)Мектепалды дайындық сыныбының «Көңілді тапқыштар» сайысына қош келдіңіздер.

Сайысымыздың мақсаты: Балалардың үйреніп жатқан білімдерінің нәтижесін көрсету. Білімділігі: Балалардың білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Ққызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Балалардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Балалардың ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: суреттер, тақта,смайликтер .
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар мектепалды даярлық сыныбында өтетін «Көңілді тапқырлар» атты сайысына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі білімдерін тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс кезінде сіздерге әртүрлі тапсырмалар беріледі, сол тапсырмалардың жауаптарын табасындар деп ойлаймыз. Балалар сіздерге сәтілік тілейміз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз.

Уа халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Есеп шешіп жарысып

Шабыт тасып шалқысын

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шешу шашайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ есеп бәрі бар

Ал сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық.

Сайыс VI - бөлімнен тұрады.

1. «Мен кіммін» (топтар өз-өзін таныстырады)

2. «Бәйге» ауызша сұрақтарға жауап беру.

3. Суретшінің қателігін анықта.

4. Жұмбақтарды шешу

5. Суретті құрастыр.

6. «Көкпар» логикалық есептер шығарады.

Осы бөлімдер бойынша балаларға әр дұрыс жауабына смайликтер беріледі. Көп смайлик жинаған команда жетіске жетеді.

Тәрбиеші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздей өренді

Математика сырына

Қадамдарың оң болсын

Сәт сапар енді тілеймін

Сайысымыздың 1- бөлімі «Мен кіммін» топтар өздерін таныстырады.

Ортаға «Күншуақ» тобын шақырамыз.

Бәріміз-біріміз үшін,

Біріміз- бәріміз үшін.

Енді екінші топ «Көгершін» тобын ортаға шақырамыз.

Ақ көгершін, ұш биікте қалықта,

Қалықтауда еш уақытта жалықпа.

Енді үшінші топ «Күлкі» тобын ортаға шақырамыз.

Ойнаймыз да күлеміз,

Күні бойы жүреміз.

Топтарымызға қол соғып қошемет көрсетейік.

Сайысымыздың II - бөлімі «Бәйге»

Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.

«Күншуақ» топқа беріледі

  1. Үшбұрыштын неше қабырғасы бар?

  2. 4 санының көршісін ата?

  3. Жыл мезгілдерін ата?

«Көгершін» тобына сұрақ

  1. Бесбұрышта неше қабырғасы бар?

  2. 2 санының көршісін ата?

  3. Орман дәрігері деп қандай құсты атайды?

«Күлкі» тобына сұрақ

  1. Дөңгелекте неше қабырға бар?

  2. 6 санының көршісін ата?

  3. 1 аптада неше күн бар?

Тәрбиеші:

Ұшақтан да ұшқырмыз

Желден озған жүйрікпіз

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз

Сайысымыздың III бөлімі. Суретшінің қателігін анықта.

Сайысымыздың IV бөлімі . Жұмбақ жасыру.

Тәрбиеші: Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық деп жұмбақ жасырайын.

1. Қабат-қабат қаттама

Ақылын болса аттама (кітап)

2. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

3. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

4.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қозы)

5.Өзі алып кемедей, даулдан қорықпайды.

Су шашып телегей, мұхиттан шықпайды. (кит)

6.Қыста жерді басады,

Жазда сайға басады.(қар)

7.Орақ құйрық, тарақ бас,

Көп ұйқыны жараптас.

Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (әтеш)

8.Тікен-тікен тік пісте,

Қысы,жазы бір түсте. (шырша)

9.Қолы жоқ, сурет салады.

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

Сайысымыздың V бөлімі. Суретті құрастыр.

Дей - келе келесі сайысымыздың VI бөлімі. Логикалық есептер шығару.

«Күншуақ» тобына:

  1. Мұз айдында 2 бала

Асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай 3 бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы бар баланың

Саның айтсаң жарадың «2+3=5»

2. Екі сиырдың мүйізі нешеу? «4»

3. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? «Балық ұшпайды»

«Көгершін» тобына

1. Тал басында тізіліп

6 жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті үшеуі

Тұр әлі ілініп

Жапырақтың нешеуі? «6-3=3»

2. Үш киттің құйрығы нешеу? «3»

3. Үш күшіктін құлағы нешеу болады? «6»

«Күлкі» тобына

1.Табақта 7 алма

Ислам алды 1 алма

Ерсін алды 2 алма

Сонда қалды неше алма «7-1-2=4»

2. Екі мысықтың аяғы нешеу? «4»

3. Бес тырнаның басы нешеу? «5»

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, апайлар осымен мектепалды даярлық сыныбының дайындаған «Көңілді тапқыштар» сайысы өз мәресіне жетті.

Әділ қазыларға сөз кезегін берейік.







«Өлеңті орта мектебі» КММ















Мектепалды даярлық сыныбы


















Өткізген: Алиманова Ш.Б.











2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022