Валеология пәні бойынша сабақ жоспары: Мен кіммін? (0 - ә сынып)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Валеология негіздері

Cабақтың тақырыбы: Мен кіммін?

Сабақтың мақсаты: Баланы өзі жайлы толық түсінік беруге үйрету:

а) өзінің аты-жөні, жасы, үйінің мекен жайы.

ә) отбасы туралы отбасы мүшелерін түгел атап шығу олардың қайда және қандай жұмыс істейтіндерін білу.

«Табиғат және мен» байланысы арқылы салауатты өмір салтына сәйкес білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: Сурет

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа даярлау.

II. Жаңа сабақ.

Ғажайып түс. (Ертегісі) мазмұндау. Сұрақ қою.

Адамның дене мүшелерін ата. Оларды қандай қызмет атқаратынын айт.

Дене мүшелері.

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қаңқасы дейді.

Адамның бас мүшелерінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіл, тіс, таңдай т.б. мүшелеріне орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі көзбен көруге болатын дене мүшелері.

Бұлардың көзбен көруге болмайтын да ағзалары да бар. Оларды дәрігерлер жақсы біледі. Көзге көрінбейтін мына ағзаларды жеке адамдар да сезеді, олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, іш. Өйткені адамдар бұлармен жиі ауырады.

Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щеткасымен тазалап отыру керек. Шашты сабынсумен жиі жуып, құлақтың ішін сабындысумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі-тазалық.

III. Сергіту сәті.

Жылы таза суда

Балық жүзіп ойнауда

Біресе керіледі

Біресе жиырылады

Біресе құмға тығылады.

IV. Бекіту.

Біз бүгін не білдік?

V. Қорытындылау.

Бағалау.



© 2010-2022