Ашық сабақ математика Уақыт арасындағы қатынас мектепалды даярлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математика»

Тақырып: «Уақыт арасындағы қатынас»

Мақсаты:

Білімділік: Уақыт бірліктерімен және олардың арақатынасымен таныстыру, салыстыруға машықтандыру;

Дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге баулу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелілік: Пәнге деген сүйіспеншілігін оятуға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру, санау, ойын.

Көрнекілік: ребус, плакат, шелек, күн,суреттері,сағат, сандықша.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын кез келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы күн, Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Еліміз аман болсын!

  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Анамыз ауырмасын!

  • Деніміз сау болсын!

  • Өте жақсы балалар. Сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп, бір-бірлеріңе жақсы тілектер айттыңдар.

Шеңберге тұрып орындайды.

Сәлемдеседі

Тілектерін білдіреді

Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі

Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіру

Балалар мына көоіп тұрған жасыл шелек пен көк шелекке сусымалы заттар мен сұйық заттарды орналастыра қойыңдаршы.

-Өте жақсы, жарайсыңдар!

Жұмбақ жасыру.

Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.

(сағат)

-Балалар, біз бүгін ашық оқу іс-әрекетімізден «Уақыт арасындағы қатынаспен» танысамыз. Мен бүгін сендерді смайликтермен бағалайтын боламын. Қанеки, кім сабаққа жақсы қатысады екн, көрелік.

-Балалар уақыт қатынастары 6-кезеңге бөлінеді.

  1. Таңертең

  2. күндіз

  3. түс

  4. бесін

  5. кеш

  6. түн

Сағат бойынша жұмыс.

-Балалар, бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы сандықша қонаққа келіпті.

-Сиқырлы сандықты ашсақ ішінен не шығар екен?

-сандықтың ішінде неше түрлі тапсырма бар екен.

Қанеки тапсырмамен танысып көрелік.

І-тапсырма

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Оларды атап бер.

ІІ-тапсырма.

  • Уақыт сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІІІ-тапсырама

  • Ребусты шеш. Жауабы: уақыт.

-Өте жақсы, балалар! Жарайсыңдар!

-Балалар ал енді бәріміз бір сергіп алайық.

-Уақыт қатынастары туралы тақпақтар айтайық онда.

1.Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады? (таңертең)

2.Сабақ оқып, ойын ойнап,

Серуендеп қайтамын.

Тамағымды ішіп,

Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз)

3.Біз тәртіпті баламыз

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез? (Түс)

4.Ұйқыдан тұрып, беті қолды жуып,

Төсекті жинап тазалықты сақтап,

Таза ауа жұтып, кешкісін үйге қайтамын Бұл қай кез? (бесін)

5.Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез? (Кеш)

6.Үйге келіп кино көріп

Ойыншықтарды жинастырып

Беті-қолды жуып, тісімді тазартып

Ұйықтауға жатамын

Бұл қай кез? (Түн)

Дәптермен жұмыс.

1-қатар:

3сағ+2сағ

4сағ+6сағ

5сағ+5сағ

2-қатар:

1мин+2мин

3мин+5мин

10мин-3мин


Балалар сұйық заттар мен сусымалы заттарды орналастырады.



Балалар назар аударады.


Тапсырмаларды орындайды.





Сергіту сәтін жасайды

Уақытқа байланысты тақпақтарды айтады.



Рефлексивті - түзетушілік

Сандықпен қоштасу.

-Сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап болсақ, сандықпен қоштасайық.

Дидактикалық ойын: Кім жылдам?

Шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беру. Сұрақты мұғалім оқиды.

  • Балалар, біз бүгін оқу іс-әрекет барысында не үйрендік?

  • Қонаққа кім келді?

  • Өте жақсы, балалар. Ал енді тақтада не көріп тұрмыз? Бұл бүгінгі біздің шуақты күніміз. Осыған қанекей барлығымыз алдағы сабақтарымызда осындай болсын деп мына стикерлерді жапсыра қояйық.

Сандықпен қоштасады.

Балалардың жауаптары.


Барлығы бірге стикерлерді жапсырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

1-10-ға дейін санауды;

Игереді:

Дидактикалық ойындарды;

Меңгереді:

Есту арқылы санай білуді, уақыт қатынастарын меңгереді.


© 2010-2022