Ашық сабақ Ағашты біріктіру әдісі

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім беру басқармасы

№43 мектеп гимназиясы.


Ағаштарды біріктіру әдістері

9 сынып.

Ботабаев Рифхат.



Өскемен қаласы

.

Сабақтың тақырыбы: ағаштарды біріктіру әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .

Тәрбиелік : еңбексүйгіштікке ,іскерлікке, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ынта-ықыласын,икемділігін, қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: технологиялық карта, жасалған бұйымдар, дайындамалар, шаблондар.

Құрал-жабдықтар: балға, егеу, кемпірауыз, ара.

Пәнаралық байланыс: география, эстетика, сызу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а.Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

ә.Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

б.Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрап білу.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру

а.Ұлттық қолөнер туралы түсініктерін тексеру.

ә. Ағашты шиптік қосылыс арқылы біріктіру.

б.Ағаштан жасалған бұйымдар туралы сұрау.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақтың ұлттық қолөнеріндегі ағаштан жасалған бұйымдарды түсіндіру.Шығыс Қазақстандағы қылқан жапырақты ағаштардың қай аудандарда өсетінің айтып түсіндіру.Осы ағаштардан тақтайларды кесіп алудың жолдарын айтып түсіндіру.Ағаштардың кептіру әдістерін түсіндіру.Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштардан біріктіру әдісінен жасалған заттардың түрлерін айтып жеткізу.Оның ішінде шаңырақ, кереге, есік, сандық, астау, науа және тағы басқа заттардың қалай біріктіріліп жасалынатыны туралы айтып түсіндіру.Оқушылардың дайындамаларына берілген суреттерді ағаштардың біріктіру тәсілдерін қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып біріктіру жолдарын түсіндіру.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

5.Практикалық жұмыс кезеңі

6.Оқушылардың жұмысын бағалау.

7.Үйге тапсырма.Үйде осы технологиялық картаны сызып өздерінің жобаларын дайындап келу,өзгеріс кіргізу.









© 2010-2022