Тігін шеберханасындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

--------- Ж. Оразайұлы

«----» --------2015ж


Тігін шеберханасындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы

1.Тігін шеберханасына жұмыс істеуге қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқамадан өткен адамдар жіберіледі.

2.Қауіпті өндірістік факторлар:

-оймақсыз жұмыс істеу кезінде саусақтарға ине мен түйреуіштердің шаншылуы;

-қайшыларды ұқыпсыз пайдаланудан немесе тегін иашинасындағы жұмыс кезінде қолдардың жарақаттануы;

-электр тігін машинасында, үтікпен жұмыс кезінде электр тогынан зардап шегу, қолдың үтіктің қызған металл бөліктеріне тиген кезде немесе матаны тым мол ылғалдағанда будан күюі;

-желіге қосылған үтікті қараусыз қалдырған кезде өрттің шығуы.

3.Тігін шебеоханасындағы жұмыстарды орындау кезінде арнаулы киім: халат немесе алжапқыш, үшкіл орамал, сондай-ақ үтік пен электр тігін машинасындағы жұмыс кезінде диэлектрик кілемше пайдаланады.

4.Жұмыс алдында үтік бауының бүтіндігі мен табанының тазалығын тексеру керек. Үтікті электр желісінде тек құрғақ қолмен қосып, ажыратады. Бауы қызғанда немесе электр тоғымен зақымданғанда үтікті желіден ажырату қажет. Егер ол мүмкін болмаса, онда электрағытқыш ажырату керек. Жұмыстан кейін үтік желіден ажыратылып, үтік қойғышқа қойылады.

Оқушылар жарақаттанған кезде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету.


© 2010-2022