Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

    «Өнер көзі-халықта, халықсыз өнер өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру- біздің басты парызымыз» Қазақ халқы талғампаз халық , Ұрпағына өнеге қалдырған бай мұрасы- тұрған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын  байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары  әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген.Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-баба...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Киіз басу технологиясы

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Халқымыздың мәдени мұрасын жаңғырту, ата-бабаларымыздың асыл қазынасының бірі жүннен жасалатын бұйымдар туралы, жүннің қасиеттіне тоқталып, мағұлмат беру. Жүннен картина жасаудың жаңа технологиясын үйрету.

Ә) дамытушылық:

Жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша топпен жұмыс жасай білуге баулу.

Б) тәрбиелік:

Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулып, жүннен картинка жасау арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сабақтың типі:

Жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Сарамандық

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта,боялған жүндер, сабын ерітіндісі,синтепон матасы,тор мата

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу.Тарих

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайын дығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін атқару;

-сабаққа дайындалу;

ІІІ. Жаңа материалды қабылдау ға дайындық

«Өнер көзі-халықта, халықсыз өнер өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру- біздің басты парызымыз» Қазақ халқы талғампаз халық , Ұрпағына өнеге қалдырған бай мұрасы- тұрған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірбиесіне толы. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән беруімен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен қызмет атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан, киім-кешек, әр түрлі төсенішттер мен ең қажетті мүлікттер жасаған.

Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері , ешкі түбіті,оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы , түйенің жүні шудасы. Жүк артып, күш -көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны «жабағы» дейді Әлгі жабағының астынан «боздақ» деп аталатын үлпәлдек жүн өседі де, жабағы өзінен өзі көтеріледі. «шуда» деп түйенің мойынындағы ,тізесіндегі, екі өркешінің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіреді. Шуда жіп «шертер», «керуші» деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебінде де тағылған

Қойдың жүнін «жабағы»,»күзем»,»қозы», «өлі» деп төрт түрге бөліп қарайды.

*Жабағы жүн- көктемде қойдан қырқылып алынады. Киімге ,алаша ,ши тоқуға қолданады.

*Күзем жүн-қойдан күзде қырқылып алынады. Күземді көбіне киіз басуға пайдаланамыз .

*Қозы жүн-қозы туылған жылы бірінші қырқылған жүн. Сапасы , қасиеті жағынан талшықтары нәзік,ұйыспаған.

*Өлі жүн- малдың терісінен жұлынып алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді өлі жүн деп атайды.

Ешкі жүні түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шарф,шұлық,қолғап,шәлі сияқты жылы әрі жылы киімдер тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп, қылшығынан бөледі. Қылшықтан арқан жіп есуге жұмсалады.

Қылды жылқыны жал-құйрығынан алады.Оны арқан жіпке, тұзақ есуге қолданады. Қобызға шек қылып тағады.

Жүн

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Түйе

Қой

Ешкі

жылқы

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Шудасы Жабағы боздақ.

Күзем жабағы өлі жүн қозы жүн

Түбіт қылшық

қыл

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспарыКиіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Киім- кешек тоқыма

Текемет сырмақ киіз киім

Орамал шәлі арқан жіп

Арқан жіп Тұзақ есу сүзгі тоқу

Ған

Жүннің емдікте қасиеті бар.Гайморит пен варикозды қойдың жүнімен емдеуге болады екен Қойдың жүнінде суықты тартып алатын, Жараның тезірек жазылуына жәрдемдесетін ланолин бар. Тіпті ертеде адамдар бастарын шарқатпен таңып, сол арқылы тіс немесе бас ауруынан айыққан деседі. Жүннің мынадай артықшылығы бар: ылғалды сіңіреді, бойды термен бірге бөлініп шыққан улы заттардан арылтады, денені таза ,құрғақ әрі жылы етеді. Температураны бірқалыпты сақтайды.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту

Біз бүгін қойдың жүнінен картина жасауды үйренеміз. Ол үшін сіздердің алдарыңызда өзім үйден өңдеп алып келген қойдың жүні, гуаш бояуымен арнайы түстерге боялды. Синтепон , тор мата ,су сепкіш, арнайы дайындалған сабынды су. Сабын ертіндісін дайындау үшін.

1 100-125гр сабынға 2литр су керек

2Сабынды ірі үккіштен өткізіп алады

3 Үккіштен өткен сабынды табаққа салып үстіне 1 литр қайнаған су құйылады.

4Оның үстіне үй температурасындағы тағы 1 л су құйылады

5Ерітіндіні көпіртіп, қоюланған соң жұмысымызға қолданамыз.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:

-Жұмыс орнын ретке келтіру.

-Арнайы алжапқышты тағып алу.

-Жұмыс құралдарын түгелдеу.

-арнайы қолымызға қолғап киеміз

Жүннен картина жасау

Нұсқау карта

р/с

Жұмыстың орындалу реті

Бейнеленуі

Қажетті

құралдар

1

Алдымен жұмыс орнын ретке келтіру. Тор матаны жайып үстіне синтепонды өзімідің қалауымызша біркелкі етіп жаямыз, ескере кететініміз синтепонның көлеміне байланысты картинамыз шығады

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Синте-пон ,тор

мата

2

Өзіміздің қиялымыздағы эскизді

Түрлі-түсті жүннің көмегімен синтепонның үстіне орналастырамыз.Жүннің біркелкі алынуы үшін , сол қолымызға ыңғайлы етіп алып , ал оң қолымыздағы үш саусақтың көмегімен бояу тартамыз.

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Түрлі-түсті жүн

3

Ендігі кезекте түрлі-түсті жүннің көмегімен қиялымыздағы эскизді жүзеге асырамыз. Мысалы: сары түспен,қызыл түспен гүлді жасап алып орналастырамыз.

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Түрлі -түсті жүн

4

Орналастырып болсақ

Үстінен тор матаны жауып сабынды сумен алақанмен сипап отырып уқалаймыз. Сабынды су жүннің бойына сіңгенше уқалау керек. Нығыздау әрі біркелкі шығу үшін кәдімгі нан жаятын оқтаумен жаямыз.

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Тор мата, оқтау,сабынды су

5

Сабын сіңіп болған кезде сыртындағы тор матаны алып қоямыз. Алақанға алып шиыршықтап қысып 1-2 рет тағы да уқалауға болады.

Картинканы кептіру үшін шаш кептіретін фенді пайдаланамыз.

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

ІV. Сарамандық

бөлім

Біздің қолымыздан жасалған керемет туындыларды көрмелерге қоятынымыз анық. Мәселен, көрмелер «Алтын ұямыз- мектебімізге» қонақтар келген кезде міндетті түрде ұйымдастырылады. Сол секілді еліміздің жүрегі-Астанада «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбында өтетін Экспо -2017 Халықаралық көрмеде ең ғажайып туындылар жасалып, әлемді таңғалдыратына сенеміз.

Экспо-2017-ні бекер айтып отырған жоқпын

Біз 3топқа бөлініп . бүгінгі тақырыпқа сай бірінші топ көрменің эмблемасын жасайды.

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Сонымен қатар «ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес

Қуатсыз -өмір жоқ. Қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін «Болашақтың энергиясын» назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.Екінші топқа Лампочканың бейнесіндегі каринаны жасауға берем бірақ өзгерту енгізуге болады.
Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Үшінші топтың қыздарына мына эскизді берсем. қайталап айтам қатып қалған ешнәрсе жоқ .

Киіз басу технологиясы тақырыбында сабақ жоспары

Ал,кәне «қол батыр-көз қорқақ» -дегендей. Алдарымыздағы керек құралдарды пайдалана отырып ұйымдасқан түрде жұмысымызды бастайық.

V. Қорытындылау

Әр топ өз жұмысын қорғайды.Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру мәдени дамытуға үлес қосу деп білемін

Топ мүшелеріне сөз

VІ. Үйге тапсырма

Елбасымыздың кеше ғана жолдаған жолдауы мәңгілік ел болу. Болашақта Қазақстан қандай болмақ міне осы тақырыптар аясында эскизді қағазға түсіріп келу.

VІІ.Бағалау

Жұмыстарына қарай бағалаймын

Күнделікке қойдыру





© 2010-2022