Мамандығым мақтанышым кездесу кеші

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамандығым мақтанышым кездесу кешіМамандығым - мақтанышым

Мақсаты: 1) Мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру.

2) Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

3) Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы:

1 - ж: Армысыздар, қадірменді құрбы - құрдастар, ұстаздар!

Оқу ісінің меңгерушісі, қадірлі де құрметті Бибигүл апайымызға сөз береміз!

2 - ж: Санаулы күндерден соң осы жерге жиналған біздер 11 жыл білім нәрін берген алтын ұя мектебімізбен қоштасып, жұмбағы мол жаңа өмірге аяқ басамыз. Біздің әрқайсысымыздың «Кім болам?» деген сұрақ қинап, өмірден өз орнымызды, өз жолымызды табу мақсатында жауапты сынаққа түсер сәт те алыс емес.

Ақеділдің орындауында «Асыл анам» әні.

1 - ж: Халқымыздың ұлы ақыны, ойшыл Абай атамыз

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан,

Сенде бір кірпіш дүниеге

Тетігін тап та бар қалан», - деп әр адамның өмірде өз орнын табудың маңыздылығын атап өткен екен.

2 - ж: Кез - келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің қолымызда.

Ортада Өзбек биімен Данагүл, қарсы алыңыздар!

1 - ж: Мамандық таңдау дегеніміз - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдауларың керек.

Мінекей, бүгінгі біз «Мамандығым - мақтанышым!» атты студенттерге арналған кеште, яғни сіздермен кездесіп, сұхбаттасу үшін бас қосып отырмыз.

Мың бұралған бишіміз Сания, «Үнді» биі.

Оқушылардың студенттерге арнаған сұрақтарын қояды:

1) Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба, әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2) Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3) Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғарғы білім алу қажет пе?

4) Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүруі үшін не істеу керек?

«Қызғалдақ» би тобының орындауында «Испан» биі.

1 - ж: Қазіргі дәуір - ғылым мен техника өсу қарқыны күннен - күнге өрлеп, жаңалық хабар аумағы өсіп қарыштаған дәуір. Олай болса жастар өз дәуіріне сай болуы тиіс. Адамның дәуір талабына сай болуы деген сөз - білімді, іскер, тәрбиелі болу. Ол үшін өзін - өзі тәрбиелеп, іздену керек. Өз бойындағы қабілет, талант, іскерлік, күш - қуаттың көзін ашу керек.

«Жас дәрен, жігер оты жанған жалын,

Көрмесем қызығыңды армандамын.

Өмірге екі келер уақытым жоқ,

Сондықтан үлесімді мол қармадым», - деп ақын айтқандай, әрбір жас осылай деу үшін уақытты қадірлеу керек. Уақыт - өмір. Уақыт қалай өтсе, өмір солай болады.

«Жігіттер» тобы, «Қазақ» биі.

2 - ж: Белгілі орыс жазушысы В. Шукшин былай деген екен: «Басқалардан көп білетін бол, басқалардан көп жұмыс істе, тағдыр деген сол. Бұл оңай емес, бүкіл өмір бойын солай өткізу керек. Сөйткен адамдарды ғана есімізде сақтап, алғысымызда айтамыз ғой. Сен кім болсаң да - комбайнер, академик, суретші болмасын - бар күшіңді сала сарқа өмір сүр, көп білуге ұмтыл, ештеңеге шағым айтпа, ешкімге қызғана қарама, арына қарсы аяқ баспа, адал да жомарт жанды адам болуға тырыс. Сонда бұл адам қызығарлық тағдыр болады. Өзін осындай болып алған соң өзгелерге жәрдемдес. Сен халық үшін көп іс тындырып үлгеруің керек екенді ешбір сәт естен шығарма».

1 - ж: Заңғар жазушының осы сөзімен бүгінгі келелі бас қосуымызды аяқтағымыз келіп тұр.

2 - ж: Құрметті қонақтар, барлықтарыңа қалаған мамандықтардың иесі болып, өмірде өз орындарыңды табуларыңа шын жүректен тілектеспіз!





































Жаңа - Үлгі ауылдық клубы



Тақырыбы:















Н. Д. Абдулина



2015 жыл



© 2010-2022