Тәрбие сағаты Отбасы - басты байлық

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, халқымыздың тәлім- тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру.

Ата-ананың бала тәрбиесі жайлы ой- пікірлерін білу, мектеп, ата-ана, мұғалім, бала арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосу

Оқушыларды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге ,аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:суреттер, нақыл сөздер, сызбалар т.б.

Барысы

Ұйымдастыру .

Оқушылар мен ата-аналарды топтастырып отырғызу.

Кездесуге келген әкелермен таныстыру.

Кіріспе сөз: Бала үшін кім түспейді егеске,

Бала адамның бауыр еті емес пе?

Бүгін мұнда алып келген сіздерді,

Шерхан,Құндыз,Айым және Ерсін емес пе?

Жас ұрпақты жан- жақты жетілген,ақыл-парасаты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Отбасы- адамзат бесігін тербеткен ұя болса,Баланың басты ұстазы-ата-ана.Әкеден ақыл, анадан мейір алады.Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ,сондықтан да баланың әдепті,білімді болып өсуін армандаймыз.Бала әр ата-ананың болашағы.Ол оның өмірінің жалғасы.Сондықтан бүгінгі сыныптан тыс тәрбие сағатын «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» деп алдым.

Ән «Әке туралы жыр» оқушылар хормен айтады.

Ой қозғау.

-Бала деген кім? (күн бейнесін келтіру)

Ата-аналар жауабы

Сіз білесіз бе? (ырымдар мен тыйымдар)

-Ортан жіліктің майын неге жеуге болмайды?

-Жаңа үй босағасын неге маймен майлайды?

-Қамшы тастау деген нені білдіреді ?

-Ата-бабадан қалған үйді қалай атайды ?

-Қорқақ неден қорқады ?

-Қандай ата өнерін білесіз ?

Жалғасын тап ойыны

Әке - бала тәрбиесі туралы , оқушы ата-ана туралы мақал -мәтел айтады.

«Сезім кітабы»

Мұғалім ұсынған бетке әкесі өз баласын қалай жақсы көретіні туралы жазып, оқиды.

Ойын «Қимылмен жасап көрсету»

-Аттың жүрісі, еден жуып шаршаған адам, сырт жаңбыр жаураған адам бейнесі, телефонмен сөйлесіп қуанған адам, сабаққа кешіккен оқушы, ұйқыдағы мысық, төбелескіш бала кейпі.

«Жүректен жүрекке !»

(оқушыларға жүрекше суреті таратылады)

Оқушы өз отбасын қалай жақсы көретіні жайлы жақсы сөздерін жазып, оқиды.Жүрекшені өз әкесіне табыстайды.

«Әке тәлімі» әкелер бата береді.

Қорытындылау.

«Болсын балам тәрбиелі білімді,

Күндей күлген болсын жарық өмірі» дей келе сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.Әкелерге мың алғыс.Келіп ой бөлісіп,жақсы пікір айтқандарыңызға көп-көп рахмет.

Ән «Әкешім-Анашым» .



© 2010-2022