» Қош бол, құтты әліппе!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім: Құрметті, ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін біздің бірінші сынып шәкірттерінің «Әліппемен қоштасуға» арналған ертеңгілігіне қош келіпсіздер! Құрметті, ата- аналар, балаларыңыз қолдарына алғаш рет ұстап бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Мерекемізді бастайық.

«Бастау» әуеніне ойнап тұрады. Мұғалім сөзі:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

«Қош бол, құтты Әліппе!» кешінен тыс қалмаңыздар!- демекші, бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Оқушылар демонстрациясы

»Қош бол, құтты әліппе!»

Мұғалім: Қымбатты, Зульхумар, Улбосын, сендер мектепке алғаш келгенде білім ордасында адасып жүргендей едіңдер. Сендерге дыбыс пен әріптен бастап, саралап, нақтылап, білімнің сансыз сырына бастайтын жол керек еді. Сол жолды бізге әліппе келіп көрсеткен еді ғой.

Жылағандай болып ортаға екі оқушы шығады

Зульхумар, Улбосын:

Торғай, торғай, көп торғай

Көп торғайда бір тоғай.

Біз адастық тоғайда

Торғай, торғай, жол қайда?

Залға әліппе кіреді

Әліппе (Тоғжан):

Мен, әліппемін, әліппемін

Адасқанға жол алып келдім.

Өмірдегі қасиетті кітаппын мен

Ертеңіне негіз болам алып елдің.

Мұғалім: Балалар, сендер әліппеден не үйрендіңдер?

Балалар: (шулап, әркім өз білгенін айтады)

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Енді Расулға сөз берейік.

Расул: Әліппе бізге дыбыстар мен әріптерді танытты. Алфавитті оқып үйрендік.

Әліппе (Тоғжан) :

Алфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

40 дыбыс, 42 әріп бар.

Әсет: Әліппенің орны әрқашан да үйіміздің төрінде ғой. Әліппе, келіп орналасыңыз.

Медеу: Біз әліппеден дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін білдік. Ал, неге тұрмыз? Оң жақтағы дауысты дыбыстар мен сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың айтысын бастайық!

»Қош бол, құтты әліппе!»

Асылбек:

Балалар, дыбыстарды дұрыс таңда

Мағына, мән бар дауысты дыбыстарда.

Бізде екпін, қуат бар құдіретті.

Бізсіз сөзде тіршілік, тыныс бар ма?

Улбосын:

Тоқта, тоқта, дат тақсыр, ұғысалық

Шығар мүмкін дауысты дыбыс анық

Біз жоқ болсақ сөз болмайды,

Біз болмасақ кетпейді бағын жанып.

Зульхумар:

«Отан» деген асыл сөз адам үшін.

Дыбыстардан дауысты табар күшін.

Адам үшін осындай қымбат сөзді

Дауыссыз дыбыс, сен жазармысың?

(«Отан» сөзі жазылады)

»Қош бол, құтты әліппе!»


Асылбек: Жүріңдер, дауысты дыбыстар, кетіп қалайық. Не болар екен?!

Мұғалім: Енді оқиықшы.

Балалар: «ТН»

Дауыстылар шулап: Міне, жеңді деген осы ғой

Асылхан:

Оқу деген сөз ғой ол мағыналы,

Мағыналы талай сөз табылады.

Енді «Білім» сөзі жазылады.

»Қош бол, құтты әліппе!»

(дауыссыз дыбыстар кетіп қалады)

Мұғалім: Енді оқиықшы.

Балалар: «ІІ»

Дауыссыздар шулап: Міне, жеңді деген осы да!

Азамат (екі жағына кезек қарап):

Қояйық біз айтысты,

Тыңдырайық бір істі.

Айтып- айтпай немене

Болайықшы тек күшті!

Медеу:

Сөз құрамы болады қос дыбыстан.

Жол бермейік пайдасыз бос қағысқа

Дауыссыз бен дауысты дыбыстарды

Алаламай екеуін де дос қып ұста.

Достығымыздың белгісі болсын, ән салайық.

«Ақниет:Ақ көгершін » әні

(Кенеттен жылаған дауыс естіледі)

Расул: Бәлі, мында біреу жылап отыр ғой. (Жылап отырған «У» дыбысын тұрғызып алып келеді)

Әсет (У): Үй жоқ менде, күй жоқ менде...(жылауын тоқтатпайды)

Мұғалім: Балалар, «У» дыбысының үйі неге жоқ? Күйі неге жоқ?

Улбосын: Есімізге түсірейікші. «У» дыбысын не дауыстыға енгізбей, не дауыстыға енгізбей ағаш басына іліп кетіп едік қой. Тіліміздің заңы ғой, У дыбысы, кел, қатарымызға орналас.

Әсет:

Бағынып заңға, бүгінгі таңда

Молайтып жүрмін тілімді

Сөкпеңіздер сұрарым

Қатарына әріптердің тұрармын.

Оңғарбай:

Жарайды енді, түсін мейлі түсінбе

Абыройын әріптердің түсірме.

Бейбітшілік керек бізге әрқашан

Бірге тұрмыз әліппенің ішінде.

Улбосын: Балалар, бізге әліппе танытқан орыс тілінен енген әріптер бар ғой. Енді солар сөйлесін.

Мейрамбек:

Талабы мен заманның, тілегі мен адамның,

Келдік орыс тілінен

Өздеріне сүйене, ендік біздер жүйеге.

Ануар:

Я буква «Ё» пришла не зря,

Из сказочного русского языка.

Связываю буквы, слоги и слова

Как день и ночь, утренняя заря.

Жанелия:

Ең соңғы дыбысымын әліппенің,

Қазақ тілін дәріптедім.

Медеу: Балалар, әліппе танытқан таңбаларды ұмытып барамыз ғой.

Әсет, Расул:

Дыбыс емес әріппіз

Сырларына қанықпыз.

Ъ- айырамын сотқарды,

Ь- жұмсартамын достарды.

»Қош бол, құтты әліппе!»

Мұғалім:

Барлық әріп бағалы

Бердік әділ бағаны.

Дыбыссыз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Сондықтан да, балалар,

Еске сақтап қалайық

Ұмытпастай болайық!

Енді әліппені шығарып салуға дайындалайық№

.

Тоғжан:

Менімен қош айтысып қаласыңдар,

Енді қолға ана тілін аласыңдар.

Талаптанып, ерінбей оқысаңдар

Тәуелсіз елдің иесі боласыңдар!

Мына сандықтың ішінде сендерге сыйлығымды қалдырдым.

«Әліппе» әні

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл сандықта не бар?

(Балалар шулап, әркім өз пікірлерін ортаға салады)

Оны ашу үшін мен сендерге алдымен жұмбақ жасырамын.

(Сандықтың ішінен ана тілі шығады)

»Қош бол, құтты әліппе!»

Ана тілі:

Сәлем, достар, ой саналы!

Әрбір сөзің ой салады.

Ғылым, тәлім, өнерім көп.

Достасқанға берерім көп.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ақниет:

Әкемнің құты, шешемнің сүті

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың, ұлағаты тарихтың

Құйған сана ойыма

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!

Мұғалім:

Таулары бар ең биік

Даласы бар жерұйық

Бұл қай ел?

Қазақстан

Әйнегі- күн, шатыры- аспан,

Кең дала. Төсі толған егін.

Көлдері күміс

Бұл қай ел?

Қазақстан

Гүл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны.

Бірін- бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны

Бұл қай ел?

Қазақстан

Елінің болашағын ойлаған

Бақытты балалары ойнаған

Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаған

Бұл қай ел?

Қазақстан

Еліміз өсті, Абай ауданы түрленді, мектебіміз осындай сәулетті... Сендер бақытты балаларсыңдар! Елімізді көркейтер, саналы, ақылды, ибалы қоғам мүшесі болуларына тілектеспін, Бүлдіршіндер!

Осы біздер қандаймыз?

- Талабы биік таудаймыз

- Мың бұралған бишіміз

- Күмбірлетер күйшіміз

- Біз қызықпыз, қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз

- Біз шеберміз

- Ақылдымыз

- Көп оқимыз

- Үлкенге ізеттіміз

- Кішіге қамқоршымыз

- Қазақстан

- Елтаңбасымен еңселі

- Туымен тұғырлы

- Әнұранымен әйбатты

Біз қазақ елінің болашағымыз!

Мұғалім:

Тәуелсіздік ата- бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам!

Құтты болсын, «Тәуелсіздік», «Әліппемен қоштасу» мейрамдары

Олар әркімге еркін өмір, ақыл, білім сыйлады!

Сонымен біз болашаққа қандай ұранмен барамыз?

Хормен:

«Ер жеткенде ел сенер нағыз адам боламыз!»

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

»Қош бол, құтты әліппе!»

»Қош бол, құтты әліппе!»


ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕ!


© 2010-2022