Сабақтың тақырыбы: Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні:Ана тілі

Тақырыбы: Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Мақсаты:

1. Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау;

2 . Сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.

3 . Сауаттылыққа, туған жерін қастерлеуге, Отанға деген сүйіспеншілігін

арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сызба, плакат,слайд

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық сәт

2.Дәптерлерін таратып,оқушыларды топқа бөлу, партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ. Өткенді қайталау:

- Балалар, мен сендерге туған жерден адасқан дауыстылар жайлы ертегі айтып берейін.

- Баяғыда «Дыбыстар әлемінде» дауысты дыбыстар ән салғанда, олардың керемет дауысына барлығы қызыға қарайтын. Бірі жуан, бірі жіңішке дауыспен әуендеткенде, жұптары бір жазылмай тату-тәтті өмір сүретін. Бірде ел аралап ән салмақшы болып, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар болып екіге бөлініп кетеді. Арада көп уақыт өткен соң, жуан дауыстылар туған жеріне оралады.Ал жіңішке дауысты дыбыстар адасып, өз елін таба алмай қалады. Бөтен елде көп қиындық көреді , тіпті өздерінің жуан дауысты жұптарын да ұмытады.

Бір күні оларға бір қария кездесіп, адасып жүрген қай елдің дыбыстары екенін танып қалады. Олардың жағдайын естігенен кейін қария оларға бірнеше сөздерді тауып беріп, содан өз жұптарын көрсетуді сұрайды. Жіңішке дауыстылар өз жұптарын көріп, қуанып кетеді. Қария оларға жол сілтеп, шығарып салады. Жіңішке дауыстылар туған жерге оралып, өз ағайындарының ортасында шат-шадыман өмір сүреді екен.

  • Қане , балалар, бізде шашылып жатқан дыбыстарды жұп-жұбымен орналастырайық. Мұғалім оқушылардан әр жұп дауыстылардың айтылу ерекшеліктерін (ережені) сұрайды.

Ойын. «Тиістісін қой».

Ал - әл от -өт ыс - іс ұн - үн

Сан - сән тос - төс тыс - тіс тұс - түс

Аң - ән тор - төр қыр -кір сұр - сүр

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау.

  • Балалар, «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

  • Біздің ел басымыз кім?

  • Н.Ә. Назарбаев.

  • Еліміздің бас қаласы қай қала?

  • Астана.

  • Астанаға кім барды? Кім көрді?

Оқулықпен жұмыс.

70-жаттығу.

а) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

ә) Оқушыларға оқытамын

б) Өлең бойынша сұрақтар қоямын

- Өлең не туралы?

- Ақын Отанды кімдерге теңеді?

- Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Оқушылар туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.

Жұппен жұмыс.

Дәптермен жұмыс жүргізіледі.

71 жаттығу. Мақалды оқып, балалар бір-біріне айтады.Жатқа жазу.

Туған жердің түтіні де ыстық.

Жазып болған соң,қарамен жазылған сөздердің дауысты дыбыстарын ажыратады.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдік.

Топпен жұмыс.

1 топқа тапсырма : Отан деген тақырыпқа сурет салу.

2 топқа тапсырма: Отан туралы мақал-мәтелдерді құрастыру.

3 топқа тапсырма: «Отан» сөзін топтастыру.

4 топқа тапсырма: Проблемалық сұрақ: Президент болу үшін қандай болу керек?

Барлық топтармен жұмысты аяқтаған соң «Біз дәуірдің түлегіміз» әнін айту.

V І. Бекіту:

  • Бүгін сабақта біз не білдік? Не үйрендік?

  • Сендерге сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта ең қиын, ең түсініксіз болған не? Жұп дауыстылар деп қандай дыбыстарды айтады ? Неге оларды жұп дауыстылар деп айтамыз?

«Алма жинау» ойыны. Тақтаға бұтақтарына сөздер қыстырылған алма ағашының суреті ілінеді. Оқушыларға алма ағашындағы жуан дауысты дыбысты сөздерді бір себетке, жіңішке дауысты дыбысты сөздерді екінші себетке жинау тапсырылады.

V. Бағалау және оқушылардың сабақтан алған әсерін тыңдау: топ бір-бірін бағалайды. Мұғалім оқушыларды жеке бағалайды (көк жалау - 5, жасыл жалау - 4).

VІ. Үйге тапсырма: 69 -жаттығу. Өлеңді жаттау.


© 2010-2022