Тәрбие сағаты Қазақ хадгығына-550 жыл

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Қазақ хандығына - 550 жыл

Мақсаты:

Қазақ хандығының құрылуы , дәстүрлі аймақтық - әкімшілік құрылымы, қазақ хандары туралы мағлұматтар беру.

Өз елінің тарихына құрметпен қарауға, елін, жерін сүюге , бабалар өсиетінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу

Көрнекілігі :Тақырыбы , хандар портреттері,

суретті плакат «1465-2015» , нақыл сөздер

І бөлім: Қазақ хандығының құрылуы

ІІ бөлім: Қазақ хандығының дәстүрлі аймақтық - әкімшілік құрылымы

ІІІ бөлім: Қазақ хандары

ІҮ бөлім: Қорытындылау:

Барысы:

1- жүргізуші:

Басын қосқан үш жүздегі қазақтың,

Көрген талай қиындық пен азап, мұң.

Қазіргі ұрпақ бақытты ғой , арман жоқ,

Өмір сүрген шаңырағында ғажаптың.

2-жүргізуші:

Қазақ елі сақ ,ғұндардан басталған,

Қазақ елі түспеген ғой аспаннан.

Қазақ елін құртам деген жаулары,

Бабалардың табанында тапталған.

Қазақ хандығының құрылуы:

1-оқушы:

ХІҮ - ХҮ ғасырларда Шыңғыс хан империясы мен Алтын Орда ыдыраған соң , қазіргі Қазақстанның территориясында Ноғай ордасы, Ақ Орда , Әбілхайыр хандығы және Моғолстан мемлекеттері бөлініп шығып, жеке - дара билік құрды.

2-оқушы:

Кең байтақ дала мен оңтүстіктегі таулы аудандарды мекендеген қазақ тайпалары осы мемлекеттердің құрамында болды. Тайпалардың тілі , әдет - ғұрпы мен дәстүрлерінде ұқсастық көп еді. Барлығын да хандар басқарды. Олар , негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Ал өзен алқаптарын мекендеген адамдар егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда қолөнершілік жақсы дамыды.

3-оқушы:

Бүгінгі Қазақстан жерінде ХҮ ғасырда екі мемлекет : Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан елеулі рөл атқарды. Әбілхайыр хандығы Орталық Қазақстанда орналасса, Моғолстан , негізінен, Жетісуды жайлады. Осы уақытта билік үшін, хан тағы үшін күрес жүріп жатты. Шыңғыс хан ұрпақтары - сұлтандар елді жеке -дара билеуді көкседі. Олардың әрқайсысы өзін Ұлы хан болуға лайықтымын деп санады.. Бұл өзара соғыстарға алып келді.

4-оқушы:

Билік үшін күрес шаруашылықты шайқалтып, қарапайым малшылар мен диқаншылардың өмірлерін нашарлатты., сауданы шығынға ұшыратты. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқтырды. Ішкі қайшылықтардың ауыр зардабын жат жұрттық жаулаушылар пайдалануға тырысты. Сөйтіп , Қытай жеріндегі жоңғар тайпалары қазақ жеріне шабуылдай бастады.

5-оқушы:

Әбілхайырдың әлсіреп, бытыраған әскері жоңғарларға қарсылық көрсете алмады. Олар қазақ ауылдары мен қалаларына ала құйындай бас салды. Киіз үйлер мен сарайлар отқа оранды, қарттар, әйелдер мен балалар ажал құшты. Жоңғарлар малдарды тартып алып, егістікті таптады, қолөнерші шеберлерді тұтқындады.

Әбілхайыр 1457 жылы жоңғарларға тойтарыс бермек болды. Бірақ жеңіліске ұшырап, ұрыс даласынан қашып кетті.

6-оқушы:

Әбілхайырдың саясатына көптеген сұлтандардың , әмірлердің , ру-тайпа басшыларының көңілі толмады. Ханға наразы әрі үздіксіз соғыстардан шаршаған қазақ ру -тайпалары Әбілхайырдың қол астынан кетпек болды. Олар Жәнібек пен Керей сұлтандарды қолдады. Жәнібек пен Керей 1457 жылдың күзінде қазақ руларын бір тудың астына топтастырып, қайыршылық пен опат болудан құтқару үшін оңтүстікке - Моғолстанға бастап кетті.

7-оқушы:

Дүние -мүліктерін жинап, жылқы мен түйеге артып, жүз мыңдай халық аттылы- жаяу жолға шықты. Әбілхайырдан бөліне көшкен тайпалар үсті-үстіне келіп қосылып, қазақтардың саны көбейе түсті. Олар Жетісуға қарай толассыз ағылып жатты.

8-оқушы:

ХҮ ғасырдың 60-шы жылдарының басында қоныс аударушылар Жетісуға келіп жетті. Моғолстан ханы оларға Шу мен Талас өзендерінің алабынан жер берді.Оның өз көздегені болды. Ол қоныстанушылардың көмегімен Әбілхайыр мен ойраттардың шапқыншылығынан қорғануды ойлады.

9-оқушы:

Жаңа жерлерге қоныстанған халық Жәнібек пен Керей сұлтандарды өздерінің билеушілері деп таныды.

10-оқушы:

Жәнібек пен Керей басқарған қазақтар өмір сүрген жерлерді ортағасырлық тарихшылар Қазақ хандығы деп атайды.

Осылайша , қиын күрес пен ауыр сынақтардың нәтижесінде қазақтардың алғашқы мемлекеті - Қазақ хандығы құрылды.

Осы кезде қазақ ұлты - қазақтар қалыптаса бастады.

1469 жылы Моғолстан ханы көз жұмды. Оның қол астындағылар Жәнібек пен Керейдің билігіне өтті.Қазақ хандығы ұлғайып, күшейе түсті.

Сонымен , Қазақ хандығы - қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы , шамамен 1458 - 1847 жылдар аралығы құрылады. Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды.

Қазақ хандығының дәстүрлі аймақтық - әкімшілік құрылымы:

11-оқушы:

Қазақ халқының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық- рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы , негізінен, ХҮ-ХІ ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.

12-оқушы:

Ұлы , Орта және Кіші жүздерге Қазақстанды ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кірді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның , әр рудың өз ұраны , таңбасы болды. Жүзге тек төре , Шыңғыс хан ұрпақтары, қожа , тегі арабтық, төлеңгіт , хан-сұлтандардың қызметшілері , нөкерлері , және кейбір топтар, мысалы ,сунақ кірген жоқ.

13-оқушы:

Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды. Хан жарлығы , түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға , одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына , бірігуіне көп мүмкіндік берді.Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді.

14-оқушы:

ХҮІІІ ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге , руға еш уақытта бөлінбеді. Өзара араздасуды , ру , тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. ХХ ғасырдағы ұлт - азаттық көтерілістер , ашаршылық , І, ІІ Дүниежүзілік соғыстар зардабының салдарынан қазақ жүздерінің кейбір рулары бастапқыда орналасқан жерлерінен қол үзіп қалды.

15-оқушы:

Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танылады.

Қазақ хандары :

1-оқушы:

Қазақстан жерінде әр түрлі хандықтар болған. Солардың бірі- Әбілхайыр.

Ол қырық жыл ел билеп, өз халқына қаталдық көрсетеді. Сол кезде Керей мен Жәнібек оның қол астында сұлтандар болады. Ол екеуі бір - біріне жақын туыс екен. Екеуінің аталары кезінде ел билеген атақты хандар болған.

2-оқушы:

Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханға бағынғылары келмей, Шу өзені бойына көшіп келеді. Жасы үлкен болғандықтан халық Керейді ақ киізге көтеріп хан етіп сайлайды. Осылайша жаңадан хандық құрылады. Оны «Қазақ хандығы » деп, ал оның халқын - қазақ халқы деп атай бастайды.

3-оқушы:

Тарихта Керей мен Жәнібекті - «Қазақ хандығын » құрушылар деп санайды.

Керей хан Болатұлы Қазақ хандығын 10 жылдан аса уақыт билеген. Ол Хан тауы етегіне жерленген. Оның үш ұлы болған : Бұрындық, Қожа - Мұхаммед және Сұлтан Әлі.

4-оқушы:

Жәнібек хан Барақұлы , шын аты - Әбу Сайд , Керей ханның немере інісі .

Керей ханның тұсында Жәнібек «кіші хан» есебінде онымен бірге ел басқарған. Керей өлгеннен кейін билікті өз қолына алған. Жәнібектен кейін билік басына Керейдің баласы Бұрындық келген.

5-оқушы:

Керей мен Жәнібек қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұрындық отырады. Бұрындық - Керей ханның үлкен ұлы , шамамен 1430-1510 жылдары өмір сүрген . Бұрындық хан билік басында 30 жылдан астам уақыт отырады.Оның кезінде «Қазақ хандығы» Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі қазақ қалалары - Түркістан, Отырар , Сауран және т.б. үшін күрестер жүргізеді. Бұл күрестер өте ұзаққа созылады. Ақыры , Бұрындық хан жаулармен соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келеді.

6-оқушы:

Бірақ жаулар аз уақыт ішінде күшейіп алып, қазақтарға қарсы бірнеше рет жорықтар жасайды. Көптеген қазақ ауылдары тоналады, адамдары тұтқынға алынады. Ал, Бұрындық хан болса , жауға қарсы ешқандай әрекет жасамайды. Сол кезде жауға қарсы Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан бас көтереді. Ол Ұлытау деген жерде жау әскерін тас-талқан етіп жеңіп, өз жерлеріне дейін қуып жібереді.Содан кейін халық Бұрындық ханды «хан» санамай, Қасымды «хан» ретінде тани бастайды. Ол 10 жылдай хан тағында билік жүргізеді.

10-оқушы:

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады , жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, Мысалы , Мәскеумен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазақ еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы : «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», деп жазады. Ал , қазақ халқы болса , Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді.

11-оқушы:

Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан - сол хандықты нығайтып , жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.

12-оқушы:

Абылай хан (1711-1781) - қазақ халқының әйгілі ханы , Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Бір ұрыста үлкен әкесінің атымен «Абылайлап » жауға шабады.Осыдан бастап ол Абылай атанып кетеді. Абылай 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошыдан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында дүниеге келген .

13-оқушы:

Абылай әкесі Уәлиден айрылып , жетімдіктің зардабын ерте тартады. Балалық шағы мен жасөспірім шағы қуғында өтеді. Ол атақты Төле бидің бақташысы болған деп те айтады. Абылай жоңғарлармен болған ұрыстардың бірінде жекпе -жекте жоңғардың батыры Шарышты өлтіріп, , қазақ жауынгерлеріне жігер беріп, рухтандырып, шайқаста жеңіске жетеді. Осы жеңістен соң ол Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады.

14-оқушы:

1771 жылы Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, қазақтардың үш жүзінің ханы етіп тағайындайды.

Абылай Қазақ мемлекетінің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен арақатынасты бірдей ұстап , халқының өз туған жерінің қожасы , өз тағдырының иесі болуын көкседі. Оның данышпандығы мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман орнады. Абылай хан 10 жыл билік жүргізді . Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді атқарды. Ол билік жүргізген 10 жылдың Дала тарихына Абылай дәуірі болып кіруі тегін емес.. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады.

15-оқушы:

Абылай хан 1781 жылы 70 жасында өмірден өтті. Тарихи ұлы тұлғаның денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Халық жадында ол тәуелсіз Қазақ мемлекетінің символы іспетес.

1-оқушы:

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы.Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушысы. Кенесары ұлы Абылай ханның немересі. Ол хан атасының барлық қасиеттерін бойына сіңірген. Жігерлі әрі батыл Кенесары жас кезінен -ақ халық құрметіне бөленген.

2-оқушы:

1837 жылы Кенесары отаршыл Ресейге қарсы ұзақ та , ауыр шайқасқа түседі. Одан кейін Орта Азия билеушілерімен де соғысып, Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қайтаруға ат салысады.

3-оқушы:

1841 жылы Кенесары әскері шешуші жеңістерге қол жеткізіп, Созақ,Жаңақорған , Ақмешіт сияқты қоқан қамалдарын басып алады.Сол уақытта үш жүздің өкілдері Кенесарыны қазақтардың ханы етіп сайлайды. Кенесарының қатты серпіліс әрекеттерінен қорыққан Ресей өкіметі 1843 жылы оларға қарсы әскери шаралар қолдана бастайды. Кенесары әскерлері орыс жасақтары мен оларға жақ қазақ сұлтандарына тойтарыс беріп отырды.

4-оқушы:

Бірақ жақсы қаруланған орыс әскерлері көтерілісшілерді Жетісуға қарай жылжытты. Кенесары қырғыз манаптарынан өзін хан екенін мойындап, олардың көтеріліске қатысуын талап етеді. Алайда қырғыздар қарсылық білдіреді. 1847 жылы қырғыздарға қарсы көтеріліске ол тұтқындарға түсіп, өлім жазасына кесіледі. Кенесарының ерлігі қазақ халқының жадында мәңгі қалады.

Қорытындылау:

1-жүргізуші:

Мен қазақпын , белдімін, байтақ елмін,

Қайта тудым , өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске ,

Айта бергім келеді, айта бергім.

2-жүргізуші:

Аз болсақ та жеңіп щықтық , азатпыз,

Біз елдікті бағымыз деп санаппыз.

Қазақстан - жер ұйықтай мекенім,

Біз он жеті миллион қазақпыз.

Хор: ҚР-ның Мемлекеттік Гимні



© 2010-2022