- Преподавателю
- Начальные классы
- 7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Жусупбекова М.О. |
Дата | 15.03.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
-
Ондықтан аттап жетіні қосу және азайту тәсілдерімен оқушылардытаныстыру. Екі амалдан тұратын өрнектермен және екі амалмен шығарылатын есептерді шешу ерекшеліктерін талдау.
-
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдылық, шығармашылық, белсенділіктерді арттыру. Шапшаңдылыққа баулу.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, сабақ барысына жасалған слайдтар, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, тірексызба 7- санына байланысты.
Сабақтың түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.
Әдіс-дәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болып шықты он саусақ, - деп бүгінгі сабақта тек «5» деген баға алайық.
-
Үй тапсырмасы:
№2 Теңдеулерді шеш. Білімдерін тиянақтап, үй тапсырмасын бекіту.
-
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін есімізге түсірейік. (1 оқушыдан сұрау)
Жаңа сабақ:
(Күн, сынып, 7 санын қосу және азайту)
7 санын қосу және азайту үшін «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша 7 өткелден өтеміз.
Мысықтың қатық табуына көмектесейік. Мысық пен бірге тапсырмалар орындайық. Сәт сапар!
-
- сиыр тапсырмасын орындаймыз.
І 7-ге 7-ні қосу, азайту.
а)7+7=14 14-7=7
(7+3)+4=14 (14-4)-3=7
ә) 8+7= 15-7=
9+7+ 16-7=
-
Тағы сиыр не сұрайды ?
-
Жапырақ.
-
Теректің тапсырмасы:
№2 теңдіктер құр. (ауызша)
3 - мысық сергіп алып су іздеп жолға шығады. Алдарынан кім кездеседі?
-
Қыздардың тапсырмасы:
Өрнекті жаз және мәнін тап.
(7+3)+4= (8+2)+5= (9+1)+6=
(14-4)-3= (15-5)-2= (16-6)-1=
-
Дүкеншінің тапсырмасы: Есеп
Ойыншықтарды жақсы көреміз бе? Қандай ойыншықтармен ойнаймыз.
-
Есеп не туралы айтылған?
-
Есепте не белгісіз?
-
Есеп неше амалмен шығарылады?
-
Бірінші амалмен нені табамыз?
-
Екінші амалмен ше?
Робот - 9
Қуыршақ - ? 5 кем
Барлығы - ?
Шешуі: 9+(9-5)=13
Жауабы: барлығы 13 ойыншық сатылды.
-
Тауықтың тапсырмасы.
Ал осы жерде мысыққа мен көмектесіп жіберейін. 7саны тақ сандар қатарына жатады.
Қазақта 3, 5, 7, 9, т.б. киелі сандар қатарына жатады.
ата
күн
шелпек
7 нота
ғалам
қазына
жұлдыз
Жеті ата: Жеті күн: Жеті нан:
Ата Дүйсенбі Бейсенбі, жұма күні аруаққа бағыштап
Әке Сейсенбі пісірілген жеті шелпек. Оны жақсылық,
Немере Сәрсенбі амандық, саулық үшін пісіреді.
Шөбере Бейсенбі
Шөпшек Жұма
Немене Сенбі
Туажат Жексенбі
Жеті нота: Жеті ғалам: Жеті қазына:
Си Оңтүстік Ер жігіт
Ля Солтүстік Сұлу әйел
Соль Шығыс Ақыл-білім
Фа Батыс Жүйрік ат
Ми Аспан Қыран бүркіт
Ре Жер Берен мылтық
До Жер асты Жүрік тазы
Жеті жұлдыз:
Кетсең де түнде адасып,
Беретін сол жол ашып.
Темірқазық жұлдызы,
Солтүстікте тұрады.
-
Тышқан да дәнін оңай бере салмайды.
Оның да тапсырмасы бар екен.
«Кім тапқыр» ойыны: 7
6+
2+
4+
7+
1+
0+
3+
-
Енді мысық келген жолымен қайта қайтады да, дәнді ала отырып, кері санап жүреді.
-
Ойын кім тез есептегіш
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналған-ды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынтасы неше есек.
Онсаусақтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады.
Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық.
Қарайықта санайық,
Санайықта табайық.
-
Сонымен ол мақта қызға келгенде оның тапсырмасы бар болып шықты.
-
7 мақта қыз тапсырмасы
-
Санамақ жаттау
Жеті деген - жігер, жетер жолын білер.
Осыдан кейін мқта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, - деп ақылын айтып, екеуі дос болыпты.
Ал, біз қандай болуымыз керек?
Біз де әдепті, сыйлы, адал, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді сыйлайтын, адал, мейрімді болайық.
Қорытындылау
7 санын қосу және азайту
Мақта қыз бен мысық
Үйге тапсырма
Бағалау