- Преподавателю
- Начальные классы
- 4-сынып Арифметикалық амалдардың қасиеттері
4-сынып Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Исаева Ж.Т. |
Дата | 02.03.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; Есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру, кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту, өзін - өзі бағалай білуге үйрету; Санды көбейтіндіге бөлу тәртібін, есеп шығару, көп таңбалы сандармен есептеу қабілетін нығайту, ауызша есептеу дағдысын жетілдіру, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін және есептерді шығару дағдыларын тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,шпашаңдыққа баулу.
Тәрбиелік:Ұлттық дәстүрді, салт-сананы меңгерген, оны ұран ететін ұландарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, кестелер, суреттер,сызбалар
Сабақтың түрі: Топтық оқыту, білімді тиянақтау
Сабақтың типі : Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, денешынықтыру
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, тест, жарыстыру
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру:
Әрбір ісің? - Оқу, тірлік, адамдық.
Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
-
Балалар, алда қай ай келе жатыр?
-
Наурыз айында қандай үлкен мереке бар?
-
Дұрыс айтасыңдар 22 наурыз жаңа жылымыз тойланады. Олай болса бүгінгі сабағымыз осы мерекеге тікелей қатысты болады. Бұл мерекеде алдымен үлкендер не істейді
-
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№5 тапсырманы тексеру. Ауызша.
6 км 90 м = 6090 м 72 сағ = 3 тәул 8 т 2 ц= 82 кг
486 с = 8 мин 6 с 2600 г = 2 кг 600 г 60000кг= 600 ц
5 сағ 8 мин = 308 мин 52 ай = 4 жыл 4 ай 1 саг 5 мин = 65 мин
Интер тақтадан тілектер жазылған карточкалар шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Шашу» бұл қандай дәстүр? Қай қатар тез әрі көп орындаса шашуды көп тергені болады.
№2 тапсырма.
(190*5)*2 (7250*2)*5 (332*4)*5
5*(630*4) (639*4)*5 200*(96*5)
№3 тапсырма. 2 бала тақтаға, қалғандары дәптерге орындайды.
- Наурыз тойында қандай ұлттық тағам жасалады?
№4 тапсырма. Тақтаға орындау.
-
Балалар, наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы сол ойындарға тоқталамыз.
7860 х1500 * 1500х7860 (2368х5)х4* 2368х(5х5)
5879х(2х500)*5879х800 3489+700586* 700586+3490
(689+3689)х150* 689х150+3689х150
21684+(168954+3547)* 3547+(21684+168955)
«Көкпар» ойыны.
-
Бұл қандай ойын?
-
Қазір №6 тапсырманы қай қатар бірінші орындаса көкпарда сол қатар жеңеді.
-
3 оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге орындайды.
А) (17612/28)х16= 10064 қаз
Ә) 100х300х365=10 950000 г = 10 т 950 кг
Б) (16500+7500)/1500= 16 рет
Сергіту сәті:
«Бәйге» ойыны
-
Бұл қандай ойын? Қазір №7 тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.
Тақтаға орындалады
А) Х*12+12354=27870 Х=1293
Ә) Х*100 =1600 +24000 Х=256
Б) (Х-30985) /5= 12000-9731 Х=65020
«Қыз қуу» ойыны.
-
Бұл қандай ойын? Тапсырманы орындау арқылы жеңімпазды анықтаймыз.
Математикалық диктант
-
Ұз - 60 м, ені -30 м алаңның сыртқы қоршауының ұзындығын тап.
-
7 км неше м бар?
-
850 саны 170-тен неше есе артық?
-
130 бен 120 сандарының қосындысын олардың айырмасына көбейт.
-
2120 мен 1400 сандарының айырмасынан 8 есес кем сан.
-
6 кв см неше кв мм болады?
-
93 пен 3 -тің бөліндісін 6 есе арттыр.
-
1 ц 50 кг-нан неше есе артық?
-
540 пен 460 сандарының қосындысы олардың айыпмасынан неше есе артық?
-
30000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет?
«Айтыс» ойыны
-
Бұл қандай ойын? Қазіргі тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.
Неге байланысты ұғым?
-
Диаметр, 2. Ұзындығы 3. Р= а*4
радиус, ені S= a*a
центр. биіктігі
Сабақты қорыту: Электрондық оқулықтан тест орындау.
Қорытындылау
-
а * b=b * а
-
(а+b)*c=a*c+b*c
-
(a*b)*c = a*(b*c)
-
Тік төртбұрыштың ауданы
-
Тік төртбұрыштың периметрі
-
Параллепипедтің көлемі
Мақал-мәтел
- Піл к3ті емес, тіл к3ті.
- 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
- Еңб2 адамның 2нші анасы.
- Ерінш2тің ертеңі біт5.
- Оқу мен еңб2 8.
- Әкесіз 7м - жарты 7м, шешесіз 7 м - анық 7м.
- 2 үйге 1 көсеу.
- Саусағы > биші болар, құлағы > күйші болар.
Рефлексия:
-
Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім.» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.
-
Ал «мен бүгінгі сабаққа жақсы түсіндім. Сабаққа жақсы қатыстым. Бірақ дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы қатысам» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 4 деген баға.
-
Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтерің. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырма: № 5 тапсырма 62 бет