Біздің тілегіміз-достық. Сынып сағаты

 Оқушыларға Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін ұғындыру;барлық ұлт өкілдері достық,бейбітшілік,тыныштықты қалайтыны туралы мәлімет беру.Оларды бірлікке,татулыққа,ынтымақты болуға шақыру. Бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу. -Бүгінгі 1-мамыр-бірлік күніне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерді осындай көктемнің керемет мерекесімен құттықтай отырып, әрдайым аспанымыз ашық,халқымыз береке-бірлікте,татулықта,достықта болсын!Сәбилеріміздің шат күлкісінен айырмай,еліміздегі әрб...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Біздің тілегіміз-достық.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігін ұғындыру;барлық ұлт өкілдері достық,бейбітшілік,тыныштықты қалайтыны туралы мәлімет беру.Оларды бірлікке,татулыққа,ынтымақты болуға шақыру. Бір-бірін сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,суреттер,ұлттық костюмдер,шарлар,көгершін суреті,гүлдер.

Барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық жаттығу.

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық,бірлік-жыр-әніміз

Таңғажайып ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз!

ІІ.Кіріспе сөз

-Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр

Бір-бірімен туысқан

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз,қазақ,өзбектер,

Монғол,ұйғыр,дүнгендер,

Армян,тәжік,грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Алатау,Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа дауысы кеп жатыр...

-Бүгінгі 1-мамыр-бірлік күніне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Сіздерді осындай көктемнің керемет мерекесімен құттықтай отырып, әрдайым аспанымыз ашық,халқымыз береке-бірлікте,татулықта,достықта болсын!Сәбилеріміздің шат күлкісінен айырмай,еліміздегі әрбір ұлт өкілдері өз Отандарын сүйіп,ауызбіршілікте,тыныштықта өмір сүрсе екен,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!

Би: «Қара жорға»

Мұғалім: Бүгін сіздердің назарларыңызға,2 «в» сынып оқушылары өздері дайындаған,Қазақстанда тұратын өзге де ұлт өкілдерінің ұлттық киім үлгілерін, ұлттық ас мәзірін,әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлерін,өнерін көрсеткелі отыр.

Мейірхан: Достар болса достық атын ақтаған,

Алыс жолда-жақын жол.

Қара бала,сары бала,ақ бала,

Туыстардай тату бол.

Ортаға қазақтың қыздарын шақырайық.

Нұрберген: Достығымыз жарасқан,

Ақпыз,қоңыр,сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала,тауымыз.

Келесі кезекте өзбек ұлтын шақырайық.

С.Даулет: Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық-туған анамыз,

Жердің қызы,ұлымыз.

Ортаға түрік халқын шақырамыз.

Әлішер: Ән салса егер қосылып әлемдегі балалар:

Орыс,қазақ,монғолдар,грек,швед,болгарлар...

Бөгет болмай дауысқа тау мен мұхит,далалар,

Кетер еді жер беті теңіздейін тербеліп,

Ән салса егер қосылып әлемдегі балалар.

Келесі кезекте орыс халқын ортаға шақырайық.

Лунара: Қол созса егер барлығы бір-біріне балалар:

Орыс,қазақ,монғолдар,грек,швед,болгарлар...-

Кедергі оған алмай тау мен мұхит,далалар,

Кетер еді жер беті гүлзар баққа айналып.

Ортаға сыған халқын шақырамыз.

Перизат: Қол созса егер барлығы бір-біріне балалар:

Күлсе бірге егер де әлемдегі балалар:

Орыс,қазақ,монголдар,грек,швед,болгарлар...-

Достықты бұл бұза алмай тау мен мұхит,далалар,

Кетер еді жер беті шуағымен жылынып.

Ортаға үнді халқын шақырайық.

Гүлназ: Күлсе бірге егер де әлемдегі балалар:

Орыс,қазақ,монғолдар,грек,швед,болгарлар...

Ортаға халқын шақырайық.

Ән: «Ақ көгершін»

Гүлім: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Малика: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айна көңіл-жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласына еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

Ақтілек: Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса!

Аида: Түрленіп бақша бағы,

Өмір де жақсарады,

Бейбітшілік болса!

Эльдар: Үйлер де құламайды,

Ешкімде жыламайды,

Бейбітшілік болса!

Фарзана: Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса!

Хормен: Ақпыз,қара,сарымыз-

Ағайынбыз бәріміз!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Құттықтау сөз.



© 2010-2022