Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Сыныбы:6-сынып.

Сабақтың түрі:қорытынды сабақ.

Сабақтың типі:қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.

Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың формасы: «Қола дәуіріне саяхат »ойын сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Қола дәуіріндегі Қазақстан және қола дәуірі ескерткіштері туралы білімдерін тексеріп, білімдерін бекіту

-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру

-Тарихи сауатты тұлғаны қалыптастыру

Дамытушылық:

-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту.

-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:

-оқушылардыңөз өлкесінің , жалпы мемлекетінің тарихын білуіне қызығушылығын ояту.

- Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, андроновтық тайпалар туралы алған білімдерін тиянақтай отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

  1. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» сабағында алған білімдерін тексеру;

  2. Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;

  3. Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу.

  4. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың оқыту құралдары:оқулық,дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Сабақ көрнекілігі:карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.

Пәнаралық байланысы:Дүние жүзітарихы, қазақ әдебиеті,география

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңілін аудару.

  2. «Экспресс-сұрақтар» Сұрақ-жауап.

  3. «Кім жылдам?» Номенклатура.

  4. «Сөзжұмбақтар шешу»

  5. «Тұлғаны таны »

  6. Қазақтан қола дәуірінде кесте толтыру

  7. Электронды оқулықтан тест орындау әр оқушы

  8. Бағалау.

  9. Үйге тапсырма.

  10. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:

-Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата -бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы тарихи ескерткіштерді сақтау мақсатында біз, бүгін елімізге саяхат жасайық!

Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.

Ойынның шарты:Ойын барысында жеке, топтық, жұптық, тест жұмыстарын орындаймыз.Әр ойын барысында әрқайсыңыздың алдарыңызда жатқан маршрут қағазына алған ұпайларыңызды топ басшысы жазып отырады.

І.Қызығушылықты ояту.

Топтастыру.Оқушыларға суреттері бар үлестірмелер беріледі. Сол суреттерді қарай отырып, қай топқатиісілі екендігін айырып, топтасады.

1 топ: «Беғазы-Дәндібай» 2- топ: «Андрон» 3- топ: «Арқайым» 4- топ: «Алексеев»

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)



«Экспресс-сұрақтар».(флипчарттан штор пайдалану) (барлығы 10 ұпай)

№1.Тапсырма. «Кім жылдам?» Номенклатура.



1.Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер? (Андроново)

2.Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны? (80)

3.Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар? (Петровка, Боголюбов)

4. Қола дәуіріне тән 30 қоныс,150 оба зерттелген аймақ? (Орталық Қазақстан)

5.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым?(Марғұлан)

6.Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым? (Алексеев)

7.Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды ? (Батысқа , оңтүстікке)

8.Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті? (Беғазы-Дәндібай)

9.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы? (б.з.б 12-8)

10.Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің жоспарлы зерттеу басталған жыл? (1946)

№2.Тапсырма (Интерактивті тақтамен жұмыс)

Картаға цифрлармен берілген петрогливтер, қоныстар, жерлеу орындары ескерткіштерін орналастыру І Беғазы-дәндібай тобы -Арқайым,Алеексев,Петровка,Атасу

ІІ Арқайым тобы- Құсмұрын,Виноградовка,Тегіскен,Тесіктас

ІІІ Алексеев тобы- Таңбалы,Таңбалы тас,Тәңірқазған,Бөріқазған,Ешкіөлмес,Баянжүрек

ІҮ Андрон тобы- Дәндібай,Беғазы,Алексеев,Солянка,Лебедевка

№3 Тапсырма «Сөзжұмбақтар шешу»

І Беғазы-дәндібай тобы



1.т





2.қ



о



ұ

3.д



т

д

і

е

4.а

н

и

м

и

з

5.м

й



и



а

з

г

м

и



я

1.Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру.

2.Орасан зор күш иесі.

3.Адамдардың наным-сенімі.

4.Әрбір заттың жаны болатыны туралы сенім.

5.Тылсым күшерді бағындыруға қабілетті әрекеттер жиынтығы.


ІІ Арқайым тобы

1.с

2.қ

ә

о

т

л

б

3.ж

е

з

4.қ

а

з

ғ

а

н

а

е

л

в

а

й

ы

1.Ірі мыс кен орындарын зерттеген қазақ ғалымы

2.Мыс пен қалайының қоспасы

3.Көне заманда 1млн тонна мыс кені өндірілген Қазақстан қаласы

4.Қоланың құрамына енетін металл
ІІІ Алексеев тобы

1

Қ

а

н

ы

ш

2

Қ

о

л

а

3.

4

з

ы

р

я

н

о

в

с

к



а

қ

ш

а

т

а

у

5.О

ш

а

қ

6

7

с

ы

р

ғ

а

у

ы

л

т

ү

й

е

8

О

б

а

9

Т

ү

г

і

с

к

е

н

1.Жезқазғаннан 1млн т кен өндіргенін зерттеген ғалым

2.Мыс-тас ғасырын ығыстырған дәуір

3.Қола дәуірінің қазіргі металл кеніші

4. Қола дәуірінің қазіргі металл кеніші

5.Жертөленің ортасында орналасқан

6.Жертөленің төбесі жабылды

7.Қола дәуірінде Батыс Қазақстанда қолға үйреткен мал

8.Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындары
9.Сырдарияның төменгі ағысындағы ,қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын кесене

ІҮ Андрон тобы

1

2

т

а

м

ғ

а

л

ы

а

б

ы

з

3

М

о

р

г

а

н

а

р

қ

а

и

ы

м

5

х

а

қ

а

н

ұ

л

ы

1.Тасқа шекілген суреттерде күн басты адамдар бейнеленген қола дәуіріндегі жартас

2.Қола дәуірі кезіндегі жоғары дінбасылар

3.Американ тарихшысы «Ежелгі қоғам» еңбегінің авторы

4.Қола дәуірінің ежелгі қаласы

5. Қазақстандағы қола дәуірін жоспарлы зерттеген ғалым



№4 Тапсырма «Тұлғаны таны » толық мәлімет беру әр топ

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс) Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)







№5.Тапсырма. «Қазақтан қола дәуірінде кесте толтыру»

(Интерактивті тақтамен жұмыс)

Тарихи шеңбері

Территориясы

Алғаш табылған жер

Қазақстанда көп қоныстанған жері

Тастағы суреттер

Баспанасы

Қоғамдық құрылысы

Археологиялық символы

Ерекшеліктері

Қаласы

















№6 Тапсырма. «Электронды оқулықтан тест орындау әр оқушы»

Бағалау:бағалау парағы бойынша қорытынды шығарылып, қатысқан оқушылар бағаланады

Үйге тапсырма:

Сынып: 6
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Мақсаты: оқушыларға қол дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: ұжымдық, іздену сабағы сабақ
Әдіс - тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: таратпалар, бағалау парағы, венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 минут)
1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;
2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.

ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін.
Таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
- «Андрондықтар» тобы;
- «Беғазы - Дәндібай» тобы;
- «Қола дәуірі»

1 - кезең. «Сенемін - сенбеймін».( 5 минут)
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш - үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.

1 - топ:
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген
(сенбеймін)

2 - топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық - б. з. б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл - күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)

3 - топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі - терімшілік ( сенбеймін)

2 - кезең: «Ойыңды аяқта» ( топтарға карточка беріледі) ( 5 минут)
Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды.

1 - топ. «Ойыңды аяқта». Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.

2 - топ. «Ойыңды аяқта».
Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай - ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы - тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған.

3 - топ. «Ойыңды аяқта».
Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.............,.............,..........,.......... (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке..........,..............,............. (бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады.

3 - кезең. «Сөздер сөйлейді».(3 минут)
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм ( жанға, рухқа сену)

4 - кезең. « Кім білгір, кім жылдам?». (7 минут)
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

5 - кезең. «Салыстыру кестесі». (8 минут)
Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Мыс - тас ғасыры», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру. Венн диаграммасын сызу.

6 - кезең. «Бекіту. Тест сұрақтары». (10 минут)
7 - кезең. «Қорытынды». (3 минут)
ІІІ. Үй тапсырмасын беру. І - ші жартыжылдық бойынша тестке дайындалу (1 минут)
ІV. Бағалау. (1 минут)







Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі А) Қола дәуірі В) Темір дәуірі. Е) Тас дәуірі

С) Рулық тайпалық кезең.

D) Андронов кезеңі

Е) Тас дәуірі

Дұрыс жауап: E

Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі

А) Рулық

В) Тайпалық

С) Қауымдастық

D) Көшпелілер

Е) Тобыр

Дұрыс жауап: E

Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі

А) Тайпалық

В) Малшылар қауымдастығы

С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы

D) Өндірістік ұжым

Е) Рулық

Дұрыс жауап: E

Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі

А) тобыр

В) терімшілер

С) аналық ру

D) аталық ру

Е) тайпа

Дұрыс жауап: E

Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай

А) терімшіліктің дамуы

В) аңшылықтың тууы.

С) тобырдың қалыптасуы.

D) темірді пайдалану

Е) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.

Дұрыс жауап: E

Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы:

А) кроманьон.

В) синантроп.

С) неандерталь.

D) тік жүретін адам.

Е) епті адам.

Дұрыс жауап: E

Ең ежелгі "епті адамның" мөлшермен өмір сүрген мерзімі.

А) 1 млн жыл бұрын

В) 500-200 мың жыл бұрын

С) 100-35 мың жыл бұрын

D) 40-35 жыл бұрын

Е) 1 млн. 750 мың жыл бұрын

Дұрыс жауап: E

Ең ежелгі адамның еңбек құралы

А) Садақ

В) Бумеранг

С) Болас

D) Найза

Е) Үшкір тас

Дұрыс жауап: E

Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі

А) "Епті адам"

В) Неандертальдық

С) Кромонондық

D) "Саналы адам"

Е) Синантроп

Дұрыс жауап: E

Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді:

А) "Епті адамдар"

В) Неандертальдықтар

С) Кроманондықтар

D) "Саналы адамдар"

Е) Синантроптар

Дұрыс жауап: В

Жер бетінде 40-35мың жыл бұрын өмір сүрген адам:

А) "Епті адам"

В) Питекантроп

С) Синантроп

D) "Тік жүретін адам"

Е) "Саналы адам"

Дұрыс жауап: E

Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі

А) Терімшілік пен жеміс өсіру

В) Егіншілік

С) Аң аулау мен балық аулап күнелту

D) Мал шаруашылығы

Е) Терімшілік

Дұрыс жауап: E

Тас дәуірін (палеолит) қамтитын кезең

А) б.з.д. 12-5 мың жыл

В) б.з.д.5-3 мың жыл бұрын

С) б.з.д. 100-75 ғасырлар

D) б.з.д.75-20 ғасырлар

Е) б.з.д. 2 млн 500 мың-12 мың жыл

Дұрыс жауап: E

Орта тас ғасыры қамтитын кезең

А) б.з.б.1 млн. 750 мың жыл бұрын

В) б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын

С) б.з.б. 75-12 мың жыл бұрын

D) б.з.д.7-5 мың жыл

Е) б.з.б.12-5 мың жыл

Дұрыс жауап: E

Жаңа тас ғасыры қамтитын кезең

А) б.з.д.12-5 мың жыл

В) б.з.д.7-5 мың жыл

С) б.з.д. 3-2 мың жыл

D) б.з.д.2-1 мың жыл

Е) б.з.б.5-3 мың жыл

Дұрыс жауап: E

Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы

А) Солтүстік Қазақстан

В) Батыс Қазақстан

С) Шығыс Қазақстан

D) Орталық Қазақстан

Е) Оңтүстік Қазақстан

Дұрыс жауап: E

Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы

А) "Епті адам"

В) Неондерталь

С) Кроманьон

D) "Саналы адам"

Е) Питекантроп

Дұрыс жауап: E

Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары

А) Күркелер

В) Ағаштан істелген қоршаулар

С) Лашықтар

D) Тұруға қолайлы орман арасы

Е) Үңгірлер

Дұрыс жауап: E

Алғашқы адамдардың аулаған аңдары

А) Қоян, арқар

В) Елік, ешкі

С) Қой, жылқы

D) Ұсақ аңдар

Е) Мамонт мен бизон

Дұрыс жауап: E

Полеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір.

А) Алтай өңірі

В) Алатау өңірі

С) Орталық Қазақстан жері

D) Алматы обылысы

Е) Жамбыл обылысы

Дұрыс жауап: E

Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі:

А) Дәнүккіштер мен сыналар

В) Келі, балталар

С) Қайла мен чопперлер

D) Келілер мен чоппингтер

Е) Қашау мен үшкір заттар

Дұрыс жауап: E

Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері

Жоспар:

1. Жартылай көшпелі мәдениет.

2. Қала мәдениетінің дамуы.

3. Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

4. Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

5. Қыш-құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы.

Оқушылар, өткен сабақтарда біз түркі халықтарының саяси құрылысы туралы өткен едік, бүгінгі сабағымызда түркі халықтарының шаруашылығы, көшпелі, отырықшы өмір салты туралы өтетін боламыз.

«Суретті галлерея»

Оқушылардың алдында төрт түлік малдың, киіз үйдің, мал өнімдері және түріктердің мал бағып жүрген суреттері қойылады. Оқушыларға суреттерге қарап әңгіме құрастыру тапсырылады. Оқушылардан сұрап болғасын мұғалім жаңа сабақтың 1-ші тақырыпшасын түсіндіреді.

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)



Жартылай көшпелі мәдениет.

Мал өсіру - адам баласының ең алғашқы айналысқан кәсіптерінің бір түрі. Мал өсіру тас ғасырынң орта кезеңіне сәйкес келеді.Жаңа тас ғасырында адамдардың қауымдық құрылысы ыдырап, адамдар өзен -көлдердің жағасына қоныстанды. Мал басының өсіруінің дамыған уақыты қола дәуірі. Егер бірінші кезеңде мал үй жанынан онша ұзаққа шығармай бағылса, ал екінші кезеңде жайылымда бағылған. Бұл малдың қоңдылығын арттыруға және мал басының көбеюіне әсерін тигізген. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алды. Тұрақты қыстау, күзеу, көктеу, жайлау жартылай көшпелілікті көрсетсе, кейбір қыстаулардың маңында егін шаруашылығымен айналысушылық та болды. Шаруашылықтың мұндай түрлерін жартылай отырықшы мал өсіру деп атауға болады.

Тұрақты қыстаулар керуен жолдарына жақын орналасса немесе жол бойында тұрса, ондай қыстаулар қыстаққа не қалаға айналып отырған.

Сөйтіп орта ғасырлардың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған.

Қала мәдениетінің дамуы.

Ассоцация құру.



Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломатиялық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында "Ақ өзендегі қала" атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам - ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)









Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.

«Материалдық мәдениет» сөздеріне топтастыру құру

Тұрғын үй

Тағам түрлері

Киім-кешек Құрал-сайман

Қала сырты дуалмен қоршалып, үйлер бір немесе бірнеше бөлмеден тұрды. Қазан ошақтары жылу берді.







Тұрғын үйлердің ішінен күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар табылған. Олар-әр түрлі көлемдегі көзелер, қол диірмендер. Кейбір бөлмелерден астық салатын күбі көзелер, тамақ жасауға, сақтауға, ас ішуге ыңғайлы құмыралар мен қыш ыдыстар көптеп табылды.

Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.

Көшпеліліердің тұрғын үйлері тез жиналатын киіз үйлер болды. Киіз туралы хабар қытай, араб жазба деректерінде кездеседі. Көшпелілердің зираттарына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде табылған тұтыну бұйымдары олардың материалдық мәдениетінен мәліметтер береді. Олар: жерленген адамдармен бірге қойылған қару-жарақтар, ат әбзелдері, темір жебелер, қанжар, семсер, кісе белдік, тағы басқа да көптеген сәндік бұйымдар. Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамның күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы шонданайы, оқшантайы, қыны т.б. болған. Шонданайда-қайрақ, шапқы, қында-пышақ, оқшантайда мылтықтың оқ-дәрісі сақталған. Екіншіден, мұндай керек-жарақтар ілінген кісе асынған адамның беделі де үстем саналған.

Қыш-құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы.

«Қазақ елі» фильмінен «Қолөнердің дамуы» туралы үзінді көрсету

Қыш құмыра жасау өнері дала тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарында жақсы дамыды. Себебі, қалалықтар бір жерде тұрақты өмір сүрді, екіншіден олардың қыш құмыра жасайтын шеберханалары болды. Сондықтан қалалықтар жасаған қыш құмыралардың сапасы жоғары болды.

Қалалардың санының өсуі сауданының жандануына үлкен әсерін тигізді

VI-ХIxғасырлардағы сауда айналымы











Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма: «Дискуссиялық өрнек» толтыру

2 тапсырма: Ти кестесі

Дала тұрғындарына қалалық Қала тұрғындарына көшпелі

мәдениеттің әсері мәдениеттің әсері.

Бағалау.

Үйге тапсырма: § 7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері

  • «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» тақырыбында реферат жазу.

  • 10 сұрақтан тұратын тест құру.

  • Сауданың шығуы, ақшаның пайда болуы туралы мәліметтер әкелу.











Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

Урок по истории на тему Андрон мәдениеті (6 класс)

© 2010-2022