Ашық сабақ Сырым Датұлы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс

(1783-1797ж)

Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары,

барысы, маңызы, қозғаушы күштері, тарихи маңызына терең талдау жасау.

Дамытушылық: Ақпараттық технология әдісі арқылы интерактивті тақтамен

жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, ұлт- азаттық қозғалысты ұйымдастырушы- лық тұлғасына баға беру қасиеттерін ашу, біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағлым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, тірек - сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезені

2. Жаңа сабақты өту жоспары:

2. 1. Көтерілістің себептері мен қозғаушы күштері

2.2. Көтерілістің басталуы

2.3. Кіші жүздің ішкі жағдайы, оның көтеріліске әсері

2.4. Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы

2.5. Шағын көтеріліс

2.6. Дат руының шежіресімен танысу

3. Сергіту сәті, Венн диограммасы

4. Жаңа сабақты бекіту, «Қайнар бұлақ» журналы арқылы

5. Оқушыларды бағалау

6. Сабақты қорытындылау

7. Үйге тапсырма

Жаңа сабақАшық сабақ Сырым Датұлы

Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі- Сырым Датұлы бабамыз. Сырым патша өкіметінің талан- таражына түсіп жатқан атамекенін қорғап, қазақ халқының бостандығы үшін барлық күш жігерін, ақылы мен өнерін сарп етті. Ол жастайынан шешендік, батырлық қасиетімен көзге түсіп, ел арасындағы дау- жанжалдарды әділ шешіп, даналық көрсетті.

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 ж.ж көтерілісі

№2 сызба

Ашық сабақ Сырым Датұлы

№3 сызба









Сырым





Сырым

Сырым Датұлы Е. И. Пугачев



Ортақ белгілері

Жас зиялыларға арналған танымдық журналАшық сабақ Сырым Датұлы



«Қайнар бұлақ»



Жас зиялыларға арналған танымдық журналы

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, ай сайын шығады









Шығарушы және меншік иесі

АСЫҚАТА-ҚАЙНАР













Журнал материалдарын көшіріп басу үшін міндеттң

түрде редакциянығ рұқсаты керек

Мазмұны:



  1. Өз сырымды айтсам.

  2. Бабалар рухымен сырласу.

  3. Теңге ойыны.

  4. Тарихи бас қатырма

  5. Бағалау.









Өз сырымды айтсам:



  1. Менің аты -жөнім:

  2. Мекен - жайым:

  3. Туған жылым:

  4. Қайнар бұлақпен танысқан күн:

  5. Қайнар бұлақта,ы мені қызықтыратын тақырыптар:

  6. Мен күтетін дүниелер:







Сырым Датұлы (1753-1802) - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.Ашық сабақ Сырым Датұлы

Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы Тайпасының

Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.

XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі - патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.







«Теңге» ойыны

С-нұсқасы

5 теңге - Сырымның Е.И. Пугачев шаруалар соғысына қатысуы

10 теңге - Сырым батыр қай жерде өлтірілді?

15 теңге - Кіші жүз қазақтарының құрылтайында Сырым үш Орданың

кеңесшісі болып қай жылы сайланды?

Ы - нұсқасы

5 теңге - Казактар мен Орал қазақ әскері арасындағы шайқас қай жылы

болды?

10 теңге - Сырым төрт ай Орал түрмесіне нешінші жылдары қамалды?

15 теңге -Сырым халық кеңесін өткізіп, Кіші жүздің төбе биі болып

нешінші жылы сайланды?



Р - нұсқасы

5 теңге - Сұлтан Ералы Сырымды тұтқындыған жыл

10 теңге - Сырым нешінші жылы орыс үкіметіне соғыс жариялады?

15 теңге - II Екатерина патша Сырымды тұтқыннан босатуды қай

жылы бұйырды?

Ы - нұсқасы

5 теңге - Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымын түсіндір

10 теңге - Ұлт - азаттық қозғалыстың басты мақсаты неде?

15 теңге - Көтерілістің жеңілу себептері қандай?

М- нұсқасы

5 теңге - Сырым батыр қай жылы өлтірілді?

10 теңге - Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс неше жылға созылды?

15 теңге - Қобдада өткен хан кеңесінде күресті ерікті түрде

тоқтататынын қашан мәлімдеді?



Әрбір дұрыс жауапқа теңгенің санына сәйкес ұпай беріледі.



Тарихи бас қатырма



зіө атрыб, ізі иб

ымырыС недге налоб

лақыхңты нымақ реж ағнлоб



Әрбір дұрыс сөзге 1 ұпайдан беріледі





































Бағалау парағы

  1. тапсырма


2 - тапсырма


Жалпы ұпай






















70 - 80 = «5»

55 - 69 = «4»

34 - 54 = «3»

1 - 33 = «2»



© 2010-2022