• Преподавателю
  • Информатика
  • Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программа, программа интерфейсі (9 сынып)

Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программа, программа интерфейсі (9 сынып)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 25.04.2015 сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программа, программа интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдың пішімі, фидеоны құру және өңдеу бойынша программа, программа интерфейсін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой - өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы

Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалы, сұрыптау, қорытынды мәтін шығару

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейне файл пішімдері

Файл пішімі

Кеңейтім

Қосымша ақпарат

Windows Медиа файлы

.asf

Қосымша ағынды пішім Бұл файл пішімі қадамдастырылған мультимедиа деректерін сақтайды, және оны желі арқылы дыбыстауыш және бейне мазмұнын, кескіндерді және сценарий әмірлерін өткізу үшін пайдалануға болады.

Windows бейне файлы

.avi

Дыбыстауыш бейне кезектестіру Бұл дыбыстық және қимылдық суреттерді Microsoft қор көздерін алмасу файл пішімінде (RIFF) сақтауға арналған мультимедиа файл пішімі болып табылады. Бұл ең жиі қолданылатын пішімдердің бірі, себебі толып жатқан түрлі кодек арқылы қысылған дыбыстауыш және бейне мазмұнды .avi файлында сақтауға болады.

Фильм файлы

.mpg or .mpeg

Кино кәсіпқойлары тобы Бұл Кино кәсіпқойлары тобы жасаған, бейне және дыбыстауыш жазбаларды қысуға арналған ілгерінді стандарттар жиыны болып табылады. Бұл файл пішімі бейне ықшам дискі мен i-ықшам дискіндегі ақпаратқа қолдану үшін арнайы жасалған.

Windows Медиа бейне файлы

.wmv

Windows медиа бейне Бұл файл пішімі Windows медиа бейне кодек пайдалану арқылы дыбыстауыш және бейне жазбаларды қысады, компьютердің тұрғылықты дискіндегі сақтау кеңістігінің аз ғана бөлігін қажет ететін, қатты қысылған пішім.

ЕСКЕРТУ Сіздегі дыбыс немесе фильм файлының файл кеңейтімі жоғарыда көрсетілгендердің бірі сияқты болса да, егер кодек дұрыс нұсқасы орнатылмаған болса, немесе файл сіздегі Microsoft Windows нұсқасы танитын пішімде шифрланбаған болса, файлыңыз дұрыс ойнатылмауы мүмкін. Шифрлау дегеніміз деректі бір мен нөл сандарының ағынына айналдыратын үдіріс болып табылады.

Сабақты бекіту:

Қайталауға: Тармақталу алгоритмі күрделі шарттар

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдың пішімі, фидеоны құру және өңдеу бойынша программа, программа интерфейсі

© 2010-2022