Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»

Оқушылардың өткен тақырыптағы білімдерін  жүйелеу, тұздардың құрамымен,қасиеттерімен таныстыру,химиялық формула мен теңдеу құру,есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың белсенділігін  арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру. Оқушыларды  ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу. I.       Ой қозғау сұрақтары: қышқылдар дегеніміз не, қалай жіктеледі, қолданылуы? II.    Қышқылдарды табу. (интерактивті тақтада Activ Studio программасы негізінде дайындалды) III. Химиялық лаборатория қалташаларынан химиялық ыдыстарды таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Химиялық ыдыстардың атауын айтып өтеді. 1. Қышқылдардың алынуы (колбаның суретінде – оттекті, оттексіз қышқылдардың алыну жолдарын көрсет) 2. Химиялық қасиеті(сынауықтар суретінде – қышқылдарға қанд... Тәжірибе «Сиқырлы құмыра» құмырада жүрген реакция типі  бейтараптану реакциясы. Яғни тұз түзіледі.  Тұздар дегеніміз – молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.  Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз: 1.      Орта тұздар – қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2   Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады. 1.      Қышқыл тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 –кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады. 2.      Негіздік тұздар – негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған.  Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады. 3.      Қос тұздар ...
Раздел Химия
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»Сыныбы

8 «А», 22.02.2013

Уақыты

Тақырыбы

§ 48 Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы


Мақсаты

Білімділік









Дамытушылық







Тәрбиелік


Оқушылардың өткен тақырыптағы білімдерін жүйелеу, тұздардың құрамымен, қасиеттерімен таныстыру, химиялық формула мен теңдеу құру, есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі сұрақ - жауап, әңгімелеу, слайд арқылы көрсету


Сабақтың түрі

Дәстүрлі


Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту.


Көрнекілігі

Интерактивті тақта мүмкіндіктері, үлестірме материалдар,

демонстрациялық тәжірибеге қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер, Бекетов кернеу қатары.


Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Жаңа ақпаратты өз бетімен меңгеру

  3. Оқу тапсырмасын орындау (жаңа сабақ)

  4. Сабақты қорытындылау (үйге тапсырма, бағалау)


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

2

мин







Жаңа ақпаратты өз бетімен меңгеру

(үй тапсырмасы)


  1. Ой қозғау сұрақтары: қышқылдар дегеніміз не, қалай жіктеледі, қолданылуы?

  2. Қышқылдарды табу. (интерактивті тақтада Activ Studio программасы негізінде дайындалды)

  3. Химиялық лаборатория қалташаларынан химиялық ыдыстарды таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Химиялық ыдыстардың атауын айтып өтеді.

1. Қышқылдардың алынуы (колбаның суретінде - оттекті, оттексіз қышқылдардың алыну жолдарын көрсет)

2. Химиялық қасиеті (сынауықтар суретінде - қышқылдарға қандай химиялық қасиеттер тән, реакция теңдеуін жаз)

3. Реакция теңдеулерін аяқтаңдар.

Na2CO3 + 2HCl → NaCl + H2CO3

NaOH + HCl→NaCl + H2O

Fe(OH)3 + 3HNO3 → Fe(NO3)3 + 3H2O

Mg + H2SO4 → MgSO4 + H2

  1. Тәжірибе «Сиқырлы құмыра» құмырада жүрген реакция типі бейтараптану реакциясы. Яғни тұз түзіледі.









5 - 7

мин

Жаңа сабақ


Тұздар дегеніміз - молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз:

  1. Орта тұздар - қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2

Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады.

  1. Қышқыл тұздар - қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 -кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады.

  2. Негіздік тұздар - негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған. Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады.

  3. Қос тұздар - қышқыл құрамындағы сутек атомдарының тобын екі түрлі металл атомдары басқан кезде түзіледі. KAl(SO4)2

Тұздар

Ерімейтіндер BaSO4, MgCO3

Суда жақсы еритіндер

NaCl, KNO3

Аз еритіндер CaSO4, PbCl2

Тұздарды алу жолдары (карточкалар арқылы 2 оқушы тақтаға жазады)
1) Металл мен бейметалдың әрекеттесуі: Мg + Сl2 = МgСl2
2) Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі:

МgО + ЅО2= МgЅО3

3) Негіздік оксид пен қышқылдың әрекеттесуі:

СаО+ 2НСІ = CāCl2 + H2О
4) Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуі:

СО2 + Са (ОН)2 = CаCO3 + H2О
5)Қышқыл мен негіздің бейтараптануы:

H24 +2NaОH = Νa2ЅО4 +H2О
6) Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі: ВаСІ2 + Н2ЅO4 = BaЅО4↓+2HCI
7) Тұз бен тұздың әрекеттесуі: BaCI2 +Na24 = BaSO4↓ + 2NaCI
8) Тұз бен сілтінің әрекеттесуі: CuЅО4+2NaОH= Na2ЅO4+ Cu(OH)2
9) Металдың қышқылмен әрекеттесуі: Zn + 2HCl =ZnCl2 + H2
10) белсендірек металл мен тұздың әрекеттесуі:

Сu + НgCI2 = CuCI2+ Hg

Химиялық қасиеті (тәжірибе көрсетемін, сол арқылы 1 оқушы тақтаға жазады). Тұздарға 5 түрлі химиялық қасиет тән.
1. Тұздар металдармен әрекеттеседі: Fe + CuCl2 =FeCl2 + Cu
2. Тұздар сілтімен әрекеттеседі: СuCI2 +2NaOH = 2NaCI+Cu(OH)2
3. Қышқыл мен тұз әрекеттеcеді: Pb(NO3)2 +H2SO4 =PbSO4↓+HNO3

4. Тұздар бір-бірімен әрекеттеседі: CaCl2+Na2CO3=CaCO3+2NaCI
5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады. СаСО3 → CaO + CO2

Қолданылуын слайдпен суреттерді топтастырып түсіндіремін.

Тірі жасушаларда, жүйке, сүйек және ет ұлпаларында тұз ерітіндісінің маңызы зор. Тұздар өнеркәсіпте, медицинада дәрі - дәрмек өндіру және бояу, улы химикаттар алу үшін .кеңінен қолданылады.

1. Химиялық диктант

2. Массасы 20 г. кальций гидроксидіне CO2 жібергенде түзілетін

тұздың массасын есептеңіз.

Бер: m(Са(OH)2) =20г Са(OH)2 + CO2 = СаCO3 + H2O

т/к: m( СаCO3)-? M(Са(OH)2)=74 г/моль

M(СаCO3)= 100 г/моль

Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»= Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»

Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»(Са(OH)2)=Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»(СаCO3) =0.27моль Сабақ жоспары. Химия пәні 8 сынып «Тұздар»

m(СаCO3) = 0.27 • 100 = 27г

3. 3 «қаламсап» беріледі. Оның жанында суырмалы қағаз бар, онда карточканың нөмірі көрсетілген, сол арқылы тұздардың алынуына берілген тапсырмалар орындалады. Сонымен қатар соның ішінен тұздардың химиялық қасиеттері көрсетеді. Дұрыс, толық жазған оқушы осы қаламсапты ұтып алады.

№ 1 карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Металл + бейметалл =

  2. Негіздік оксид + қышқылдық оксид =

  3. Тұз + қышқыл =

  4. Тұз + тұз =

№ 2 карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Қышқылдық оксид + негіз =

  2. Негіздік оксид + қышқыл =

  3. Тұз + сілті =

  4. Металл + тұз =

№ 3 карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Қышқыл + негіз =

  2. Металл + қышқыл =

  3. Тұз + қышқыл =

  4. Тұз + тұз =

4. Мына өзгерістерді жүзеге асыр.

1.Mg → MgО → Mg(ОН)2→ MgСО3.

2Mg + O2 →2 MgО

MgО+H2O → Mg(ОН)2

Mg(ОН)2 + CO2→ MgСО3 + H2O







35 - 37 мин

Сабақты қорытындылау

(үйге тапсырма, бағалау)

§ 48 Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. Тақырып соңындағы 8,9,10 жаттығулар. Есептер мен жаттығулар жинағынан 5-102, 5-107 жаттығулар.

1-2

мин

Қосымша:
Қышқыл тұзды алу әдістері. К2О + Н3РО4 = К2НРО4 + Н2О
Аз көп калий гидрофосфаты К2О + 2Н3РО4 = 2КН2РО4 + Н2О
Өте аз өте көп калии дигидрофосфаты K2CO3 + H3PO4 = K2HPO4 + H2O + CO2
аз көп калий гидрофосфаты K2CO3 + 2H3PO4 = 2KH2PO4 + H2O + CO2
өте аз өте көп калий дигидрофосфаты K2HPO4 + H3PO4 = 2KH2PO4
(СuOH)2SO4 + 3H2SO4 = 2Cu(HSO4)2 + 2H2О
мыс(II) дигидроксосульфаты мыс (II) гидросульфаты
(AI(OH)2)2SO4 + 5H2SO4 = 2AI(HSO4)3 + 4H2O
алюминий дигидроксосульфаты алюминий гидросульфаты
AlOHSO4 + 2H2SO4 = AI(HSO4)3 + H2O
алюминия гидроксосульфаты алюминия гидросульфаты
Mg + 2H2SO4 = Mg(HSO4)2 + H2
аз көп магний гидросульфаты
2Ca(H2PO4)2 + (CaOH)3PO4 = 5CaHPO4 + 3H2O
кальций гидроортофосфаты
K2O + SO3 + H2O = 2KHSO4
калия гидросульфаты
Fe + 2H2SO4 = Fe(HSO4)2 + H2
көк темір(II) гидросульфаты
KOH + SO3 = KНSO4
Негіздік тұзды алу үшін негіз артығымен, қышқыл жеткіліксіз алынады
Al(OH)3 + 2HCI = AlOHCI2 + 2H2O
көп аз алюминий гидроксохлориді
AI(OH)3 + HCI = Al(OH)2CI + 2H2O
өте көп өте аз алюминия дигидроксохлориді
AIOHCI2 + AI(OH)3 = 2AI(OH)2CI
алюминий гидроксо хлориді алюминий дигидроксо хлориді
AI(HSO4)3 + 2AI(OH)3 = 3AI(OH)SO4 + 3H2O
алюминия гидросульфаты алюминий гидроксосульфаты
AI(HSO4)3 + 5AI(OH)3 = 3(AI(OH)2)2SO4 + 3H2O
алюминий гидросульфаты алюминий дигидроксосульфаты
AI(HSO4)3 + 2(AI(OH)2)2SO4 = 5AI(OH)SO4 + 4H2O



© 2010-2022