- Преподавателю
- Физика
- № 12 Практикалық жұмыс Тақырыбы: «Пайдалы әрекет коэффициенті»
№ 12 Практикалық жұмыс Тақырыбы: «Пайдалы әрекет коэффициенті»
Раздел | Физика |
Класс | 7 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Кабиденова А.А. |
Дата | 02.03.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
№ 12 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Пайдалы әрекет коэффициенті»
Жұмыс тақырыбы: «Жай механизмдердің пайдалы әрекет коэффициентін анықтай білу (Көлбеу жазықтықтың, блоктың, иіндіктің)»
Құрал - жабдықтар: тапсырмалар карточкалары
Теориясы:
Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.жай механизмдердің біреуі де жұмыстан ұтыс бермейді.
Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады:
(1), (2) (3)
Есіңде сақта:
-
Апайдалы < Атолық
-
Толық жұмыстың бөлігі (ұтыстар) - кедергінің күшің жеңуге бағытталған (үйкеліс, ауа т.б.).
-
Кез келген механизмнің ПӘК - ті әрқашан 100 % кем.
-
ПӘК- ің артуына үйкелісті және механизмнің салмағын (массасын) азайту керек.
Механизмдердің ПӘК анықтаудың алгоритмі:
-
ПӘК формуласын жазу (1)
-
Механизммен жасалынатын пайдалы жұмысты анықтау (2)
-
Механизммен жасалынатын ұтылған (немесе толық жұмысты) анықтау (3)
-
Есептеп, ПӘК пайызға айналдыру
-
Жауапты жазу
І. ПӘК механизмдерді анықтауға тапсырмалар
1. Толық жұмыс 40 кДж - ге тең, белгілі бір биіктікке көтеру үшін 30 кДж жұмыс жасалынды. Механизмнің ПӘК анықтаңдар.
2. 2 кН күш жұмсап, жүкті бірқалыпты 6 м биіктікке көтерді, бірақ күш жұмсалған нүкте 0,3 м - ге түсіп қалды. Иіндіктің ПӘК табыңдар.
3. 250 Н күшпен жіпке әсер ете отырып,шелекті массасы құммен 20 кг болатын, жылжымайтын блокты 10 м биіктікке көтерді. Орнатудың ПӘК табыңдар.
4. Көлбеу жазықтық бойымен бірқалыпты орын ауыстыру кезінде массасы 15 кг байланған жүк 40 Н күш көрсетті. Оның ұзындығы 1,8, м, ал биіктігі 30 см болса, көлбеу жазықтықтың ПӘК табыңдар.
5. суретте көрсетілген көлбеу жазықтықтың ПӘК табыңдар. Берілген көлбеу жазықтықтың ПӘК -ті көтерілмелі жүктің массасына тәуелді ма? Жауабыңызды дәлелдеңіздер.
II. Қорытынды.