Мақала Мен және менің мамандығым

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен және менің мамандығым



Менің мамандығым - Дефектолог. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы. 2014 жылы Ақжар ауылындағы «Ақжар орта мектебіне» Дефектолог маманы болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды.

Өмірде екі нәрседен қателеспеген жөн. Оның бірі - жар таңдау болса, екіншісі - мамандық таңдау. Жастарымызға осы екінші таңдауда қателеспеуге аз да болса жол сілтеп, дұрыс бағдар көрсетсем деген оймен, өз үлесімді қоссам деймін. Мен кіммін? Болашақта қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әр бір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем-дефектология әлемі болатын. Қазіргі таңда осы мамандық бойынша мектепте жұмыс жасаймын.

Дефектология әлемі, дефектолог мамандығы мені несімен қызықтырады?Осы мамандықты таңдаған себебім? Бұл мамандықты естігенде қай-қайссыңыз болмасын «Ол не мамандық?» деген сұрақ қоярыңыз сөзсіз. Дефектология - педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылымның арнаулы саласы. Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын балалар. Ондай жандарға қарап арың, ұятың оянады. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мына бес күндік жалған дүниеден баз кешіп кеткеніңде, олардың арасына кірсең, бейнебір өзіңді өзге планетада жүргендей сезінесің. Ғажап өмір! Алдымызға келген әрбір бала - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі - жал дегенде жалғызы, бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет..

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Оны мен өз басымнан білемін.

© 2010-2022