Жыл мезгілі. Күз дефектологтың күнделікті сабақ жоспарының үлгісі

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілі. Күз.

Мақсаты: Оқушыларға күз туралы мағлұмат бере отырып, өз ойларын еркін айтуға жетелеу және оқушыларға оқулық материалдарынан тыс кең көлемде түсінік беру.

Түзете-дамыту: Сөйлеу тілін, зейінің, есте сақтауын, ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялай да, қорғай білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Суреттер, карточкалар, ағаштың бұтағы,гүлдер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөп-мөлдір, таза көңілмен.

Сабағымызды бастайық.

II. Негізгі бөлім.

Балаларды сабаққа дайындау.

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

- Жылдың төрт мезгілі бар.

- Ендеше, жылдың төрт мезгілін ретімен атап беріңдерші?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

- Жеміс-жидек, көкөністер пісетін, құстар жылы жаққа ұшып кететін мезгіл жылдың қай мезгіліне жатады?

-Күзге.

- Ендеше күзде қандай табиғат құбылыстары болады?

- Күзде күн қысқарады, күн суытады, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз.

- Ендеше күз айларын атап беріңдер.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Жаңа сабақ: Жыл мезгілі - Күз.

Видеоролик көрсету "Тасбақа"

Дәптермен жұмыс: 2 сынып Сөздік диктант (қазақ тіліне тән дыбыстарды есте сақтау) Қыркүйек, қазан, қараша, жаңбыр, көкөніс.

4 сынып " Күз туралы" эссе жазу.

Математикалық тапсырмалар: қосу, азайту және көбейтуді есептеуге дағдыландыру.

Бекмуханбет А Мақашова Қ Тұяқова Г Мақсотов Е

6+3=9 8+3+4=15 17-1=16 10+1=11 17-1=16 10+1=11 36*9=324 46+54=100

9+7=16 3+9+3=15 20-1=19 13+1=14 20-1=19 13+1=14 70*8=360 18+62=80

5+8=13 8+7+3=18 18-1=17 11+3=14 18-1=17 11+3=14 53*6=318 86+38=124

Бақталиева А Қазбеков Б

9+11=20 20-10=10 (258+642):3=300

12+6=18 18-6=12 (185+815):5=200

6+7=13 15-6=9 (900+540):9=160

Сергіту сәті: Аспанды бұлт торлайды,

Жаңбыр жауды себелеп.

Кішкене бұтақ астында,

Тығыла қалды көбелек.

Бекіту: Дәптерге жапырақ бастырып, оны сәйкес түспен бояту.

Қорытынды: Бүгін не туралы айттық?

Сабақ сіздерге ұнады ма?



© 2010-2022