Урок - 1 мамыр

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок - 1 мамырЕмбі қалалық №7 орта мектебіУрок - 1 мамыр













Тақырыбы











Дайындаған: Мұхиева Н.С.

28.04.2014 оқу жылы



Тақырыбы: 1 - Мамыр - бірлік күні.

Мақсаты: Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру, өлеңдер арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрби- елеу.

Балалар «Армысың майым» әніне қолдарына жалау, гулдер ұстап, залға кіреді, шеңберде тұрып жаттығулар жасайды. Залдың екі шетіне сап түзеп қарама-қарсы тұру, қарама-қарсы жүріп орындарымен ауысу, екі шеңбер жасау, шайқалу, айналу, екі сапқа тұру. Тәрбиеші: Біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жина-лып отырмыз, мерекеміз құтты болсын! Мерекемізді «Әнұраннан» бастайық «Әнұран» орындалады. Тақпақтар: 1-бала: Ақ, қара деп бөлмейміз, Бір жыл туған төлдейміз. Туысқанбыз, татумыз Биіктерге өрлейміз. 2-бала: Сары, ақпыз, қарамыз, Бәрімізде баламыз, Бір қалада тұрамыз, Бір мектепке барамыз. 3-бала: Сусынымыз қанады, Өнер білім нәрінен. Әлемдегі баланың, Дос болайық бәрімен. 4-бала: Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Тәрбиеші: 1 - Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақ-тың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтиже-сінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» , дейді халық даналығы.

Частушки: 1 -бала: Ты играй, повеселей. Балалайка - три струны! Подпевайте, кто умеет, Выходите плясуны! 2 - бала: Подарю вам три цветочка: Белый, синий, аленький, Я парнишка удалой, Хоть и ростом маленький! 3 - бала: Я люблю повеселиться - Хорошо живется мне: Берегут меня детишки, Словно розу на окне!

Өзбек биі: Андижан полькасы.

Орыс биі: Кадриль. 5-бала: Біз - балдырған теңбасқан, Дос құмағын елге ашқан. Тілейміз - бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан! С.Оспанов.

© 2010-2022