Ашық сабақ Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек және Он жетінші қара сөз.

Бұл өлең мен берілген қара сөзде айтылатын ой бір тақырыпты қамтитындықтан біріктіріп оқытқан жөн. Екеуінде де ақын өмір бойы армандаған «толық адам» идеясы салынған.

Өлең жалаң поэзия емес, оның түкпі тамыры терең философиялық мағынада жатыр.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға Абайдың қара сөзі туралы білімділік түсінік бере отырып оның өзгеше жанр қара -сөздерінің мәнін ұғындыру;

дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін олардың біліктілік деңгейлеріне орай дамыту , ой-тұжырымдарын дәйектей алуға ұмтылдыру.

тәрбиелік: « Әуелде бір cуық мұз- ақыл зерек» өлеңі мен «Он жетінші қара сөзін талдата отырып адам бойында ізгі қасиеттерді оқушы бойынша сіңіру, ақыл, қайрат, жүрек- үшеуін біртұтастықта қарастыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытпалы оқытуға негізделген аралас сабақ..

Сабақтың жабдығы: Абай шығармаларының көрмесі, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ақылдың сөзі, қайраттық сөзі, жүректің жазылған сызбалар, т.б

Сабақтың барысы:а) ұйымдастыру жұмысы

ә)өткен сабақтағы жалғастық

б) жаңа сабақты түсіндіру

в) тірек схемаларымен жұмыс

г) жаңа сабақты бекіту;

д) түсіндірмелі сөздік жұмысы;

е) мәтінді қазақ және орыс тілдерінде түсіндіріп оқыту;

ж) шығармашылық тапсырмалар

з) сабақты қорыту, бағалау;

и) үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру үшін алдымен өлең де қара сөзде сыныпта оқытылады.

Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты,шыдамдылық-

Бұл-қайраттан шығады, білсең керек

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек

Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ

Тулап, қайнап бір жүрек қылаы әлек

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Алдын-ала дайындалған сызбалар арқылы жұмыс жасауға бағдар беріледі. 7-сыныпта өткен он сегізінші қара сөз еске түсіріледі.

Он жетінші сөздің абстрактілік сипайы жайлы түсінік беріледі. Ақылдың сөзін- бір оқушы, Қайраттың сөзін- екінші оқушы,Жүректің сөзін-үшіншіоқушы,ғылымның тұжырымын-төртінші оқушы оқиды. Сабақты дебат үлгісінде жүргізуге де болады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Біреуінсіз біреуінің күні жоқ». Оқушылар пікірлерін ортаға салады.

Бекіту кезеңі

Қайрат

Ақыл

Жүрек

Жалықпай оқу үшін қайрат

керек.Ерінбей еңбек ету үшін қайрат керек .Орынсыз нәрседен бойды аулақ ұстау үшін де қайрат керек.

Пайдалы нәрсені де, зиянды нәрсені де білетін ақыл.

Ұлт сақтайтын, рақым ететін жүрек. Әділет,қанағат,рақым мейірім жүректен шығады.


Ғылымның тұжырымы:

Адам жүрек, ақыл

Қайрат

Абайдың идеясы: Осы үшеуін бірдей ұстағанда толық адам, нағыз адам шығады,

Сабақтың қорытынды мәйігі:

Рухани тазалық, адамды тәрбиелеудегі мақсат ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа дін арқылы тәрбиелеу.

Тән құмары

Жан құмары



Бағалау:


© 2010-2022