Мемлекеттік тіл -менің тілім іс-шара сценарийі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Мемлекеттік тіл-менің тілім! » -атты тәуелсіздік мерекесіне арналған

аудандық байқаудың сценарийі.

Назгүл:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым
Гүл - гүл жайнап біздің, мына, төрімізге.
Армысыздар, аяулы ұстаздар, құрметті қонақтар, патша көңіл көрермендер!

Виктория:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - тәуелсіздік мерекесіне орай-оқушылардың тіл байлығын, тілге деген қызығушылығын, құрметін, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізіліп отырған «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты байқауымызға қош келдіңіздер.

Назгүл:

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Сахнада мектебіміздің түлегі, жас маман Мадияр Зейнелханұлы. Ән «Жаса қазақ тілі»

Виктория:

Ал, құрметті халайық,
Сайысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер -бүгінгі байқауға әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.

Назгүл: Бүгінгі кеш бойы сіздермен бірге сахна төрінде жүргізушілер -Виктория
Виктория: және Назгүл



Назгүл:

Жүректен өлең төгіп қосқан жырға

Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға

Қошеметтеп, көрермен қол соғыңдар

Сайысқа қатысушы тұлғаларға

Олай болса бірінші бөлім «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталады. Оқушылар тәуелсіздік, туған жер, елбасы туралы өлеңдерді жатқа оқиды.

(поэзия кезеңі)

Виктория: Жандары қаламайтын аласаны,

Шәкірттер алда талай бел асады.

Әлемге қазақ халқын танытатын

Сендерсіңдер, еліміздің болашағы - байқауымыздың ендігі бөлімін үміткерлер «Елімнің болашағы менің қолымда!» - атты ой- толғауларымен жалғастырады.

Назгүл: Егемен елімізде болашақтың кілтін қолына ұстап, елдің ертеңін бүгін ойлаған осындай ойлы ұрпақтың тәрбиеленуі көңіл қуантады.

Виктория: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі байқауда бәйге алуға
Үміткерлер аянбай-ақ жан салыпты, - ендігі кезекте оқушылардың өнерін тамашалайық.

Назгүл: Бәрекелді құрметті үміткерлер! Мемлекеттік тілді қандай қызығушылықпен оқып, үйреніп жүргендерінді көріп тәнті болдық. Өнерлерін үстем болсын!

Виктория: Мемлекетіміздің мақтан тұтар азаматы болыңыздар!

Назгүл: Әділ қазы алқасы сайысымыздың қортындысын шығарып , мемлекеттік тілдің үздігін анықтағанша ән мен жырға кезек берейік.

Сахнада 5 сынып оқушылары Карина мен Александраның орындауында «Туған жер» әні.

«Дәулескер» домбырашылар ансамблінің орындауында тамаша күй.

7 сынып оқушысы Ахметова Айзат «Президент» әнін тарту етеді.

Хор «Қазақстаным»

Виктория:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен байқауымыз аяқталды! - сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Назгүл: Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022