- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Ашық сабақ: «Маша мен аю» ертегісі
Ашық сабақ: «Маша мен аю» ертегісі
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Хасенова Г.Т. |
Дата | 20.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Ашық сабақ : «Маша мен аю» ертегісі
Күні:_18.12.2015 ж
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Маша мен аю» ертегісі
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: аю, орман.
Оқу іс-әрекетінің
кезендері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Ұйыдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер.
-Балалар бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.
Балалар шеңбер бойына тұрып, орындайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Кіріспе әңгіме.
-Бүгінгі іс-әрекетімізде «Маша мен аю» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру.
Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Сұрақ-жауап.
-Атасы мен апасы Машаға не деді?
-Олар қайда барды?
-Маша кімнің үйіне кіріп кетті?
-Маша аюға не деді?
-Маша атасы мен әжесіне не пісірді?
-Бәлішті ата мен әжесіне қалай жеткізді?
Қимылдар жасайды.
Балалардың жауабы.
Аюдың.
Бәліш.
Жәшікке кіріп, өзі жеткізді.
Рефлексиялық-түзету
шілік
Қорытындылау.
-Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық?
-Сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын. Игереді: жақсы, жаман қасиеттерді. Меңгереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауды.