Екі қолмен допты кәрзеңкеге лақтыру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Екі қолмен допты кәрзеңкеге лақтыру.

Мақсаты:

Қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына , дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, қимыл-әрекетін, допты екі қолмен 50 см қашықтықта лақтыру, сөздік қорын молайту, ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, еркіндікке, батылдыққа, тапқырлыққа баулу.

Сөздік жұмыс: кәрзеңке, доп.

Қолданылған көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: доп, кәрзеңке, үнтаспа, музыкалық орталық, ойындарға атрибуттар.

Қызмет кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялы ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Күн болып біз күлеміз,
Шуақ боп жайнап жүреміз

Денемізді шынықтырып

Ұзақ өмір сүреміз.

Қиындықтан қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

Шаттық шеңберінде тәрбиешімен бірге қайталайды


Ұйымдастыру ізденгіш кезеңі

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені, біз спорт түрлерінен өз өнерімізді ортаға саламыз. Сендердің жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш. Сендер еңбекқор, күшті, батыл болғыларың келсе спортпен шұғылданыңдар.

І бөлім

  1. Шеңбер бйымен жүру.
    Қолды белге қоямыз,

Үлкен болып өсеміз,

Жұлдызға да жетеміз. (аяқтың ұшымен жүру)

  1. Енді міне өкшемізбен жүреміз.

  2. 1-2-3 жел соққанда
    Жүгіреміз біз алға.
    Жел басылып келеді,
    Жүгіруді баяулатамыз. (маршпен жүру)

    Солға бұрыламыз, сапқа тұрамыз.

ІІ бөлім.

Ертегі желісіндегі жалпы дамыту жаттығулары:

Ерте-ерте ертеде бір қонжық болыпты. Оның қоян деген досы бар екен.

Ол былай секіреді екен:

Бастапқы қалып-қол кеуде тұсында- «қояндарша». 1-2-3-4-әр санақ сайын оңнан солға қарай әр бағытқа секірулер.

Ол құлақтарымен былай қозғайды екен:

Бастапқы қалып - екі қол баста, «құлақ тәрізді»

Оңға қарай еңкею, «құлақтарын қозғалтып»;

Бастапқы қалып;

Солға қарай еңкею, «құлақтарын қозғалтып»;

Бастапқы қалып.

Қолды белге қойып оңға қарай еңкейеді, солға қарай еңкейеді.

ІІІ бөлім. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуы:

«Екі қолмен допты кәрзеңкеге лақтыру»

  • Балалар, бұл не?

  • Қане бәріміз бірге қайталайық - доп.

  • Ал мынау не?

  • Кәрзеңке.

Ендеше біз бүгін кәрзеңкеге допты лақтыруды үйренеміз. 50 см қашықтықта допты кәрзеңкеге лақтырады.


Әр балаға допты кәрзеңкеге лақтыруды

ұсынады.

ІV бөлім. Қимылды ойын

  1. «Аю мен аралар»

Шарты: Аю ұйықтап жатады. Аралар ызындап ұшып жүреді, гүлге қонады. Аюды оятады. Аю араларды қуалайды. Ұсталған ара ойыннан шығады.

  1. Аз қимылды ойын «Қояным»
    Қояным тұршы,бетіңді жушы.
    Айнаға қарашы, шашыңды тарашы .

Әй-әй көйлек кисеңші, бізді

қусаншы.



Аяқтың ұшымен , өкшемен, тізені көтеріп жүреді, жүгіреді, маршпен жүреді.




Ойыншық қоян мен қонжыққа қарайды

Тапсырманы орындайды





Доп

Кәрзеңке

Тәрбиешінің көрсетуімен, белгі тұрған жерден допты кәрзеңкеге тура лақтыруды үйренеді

Балалар лақтырады

Балалар қызыға ойнайды


Қимылдар жасайды

Рефлексиялы түзету кезеңі

Жарадыңдар барлығың,

Шаршадыңдар дегенмен.
Тыныстаңдар тереңмен.

Тыныс алу жаттығуларын орындатады.

«Көбелектерді үрлеу»


  • Балалар, қонжықтың досы не?

  • Балалар, біз бүгін қандай жаттығулар жасадық?

  • Біз қандай ойындар ойнадық?

Жарайсыңдар, балалар.
Ендеше біз бәріміз бірге мына тілектерді айтайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Үлкендерді сыйлайық!

Деніміз сау болсын!

Ешқашан ауырмайық!

Бақытты болайық!

Ата-анамыз ауырмасын!

Дос болайық!

Жарайсыңдар, балалар! Сендер ақылды, мейірімді дос болатыңдарына сенемін. Мына медальдарды сендерге сыйлаймын.

Сабаққа қатысқан балаларды медальдармен марапаттау.


Балалар үрлейді


Қоян

Допты кәрзеңкеге лақтырдық

Қояным, аю мен аралар

Балалар тәрбиешімен бірге тілектерді қайталайды.



Балалар қуанады

Күтілетін нәтиже

Білу керек: көрсетілген жаттығудың әдіс-тәсілін дұрыс орындауға дағдыланады, жаттығу арқылы қол, аяқ бұлшықеттерін жетілдіру.

Меңгеруі тиіс: жүру, секіру, жүгіру техникаларын меңгеруі керек.

Жасай алуы керек: жылдам жүгіре алауы керек, екі қолмен допты 50 см қашықтықта кәрзеңкеге лақтыра алуы керек.






Өткізген «Бастау» балабақшасының тәрбиешісі:

Мукушева Индира Мертаевна

Жарма ауданы, Шуақ ауылы

© 2010-2022