Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық түзету

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық түзету.

МШБ өз үйлерінде немесе түзетушілік қызмет көрсететін реабилитациялық мекемелерде оқытылады және тәрбиеленеді. Реабилитациялық мекемелердегі балалармен психологтар, психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер жұмыс жасайды. Бұл реабилитациялық мекемелердің негізгі МІНДЕТТЕРІ:

  • кескінді тұрғыда диагностика жасау әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін іске асыру;

  • әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу;

  • балалардың бұзылған психофизиологиялық функциясын түзету, балалардың танымдық қызығушылығын дамыту;

  • оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді ендіру т.б. жұмыстар кіреді.

Реабилитациялық мекеменің моделі ауданның әлеуметтік-мәдени және білім беру жағдайының анализінің негізінде жасалуы тиіс (жалпы және реабилитациялық типтегі мекемелердің инфраструктурасы), балалар контингентінің негізінде (денсаулығының психосоматикалық күйі, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мекемелер бойынша бөлу және реабилитациялық қажеттіліктер)

Баланы кешенді реабилитациялау моделі

Медициналық реабилитация Педагогикалық реабилитация

Субьект Оқу іс-әрекетінің субьектісі

Мүмкіндігі шектеулі бала

Тұлға Әлеуметтік субьект

Психологиялық реабилитация Әлеуметтік - педагогикалық

Реабилитация

Аудандық әлеуметтік және білім беру ситуациясының ерекшеліктері-реабилитациялық қызметтің анықталған моделін қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл модель балалардың реабилитациясын ағза деңгейінде (медициналық), тұлға (психологиялық), іс-әрекет обьектісі (педагогикалық), әлеуметтік субьект (әлеуметтік) деңгейінде қамтамасыз етеді немесе комплексті.

Модель балаларға көмекті тек педагогтар ғана емес басқа мамандар да бере алатыны қарастырылған. Реабилитациялық модельдің нақты бағдарлар мен кадрлар потенциалы болуы тиіс. Мұғалім, босатылған сынып жетекшісі, тәрбиеші, әлеуметтік педагог, практикалық психолог, дене шынықтыру мұғалімі, мектеп дәрігері және т.б. міндеттерді шеше алады.

Жалпы оңалту моделінде психологиялық қолдау көтерудің моделі төмендегідей:

  • Оңалту мекемесі келесі жағдайда ғана тиімді қызмет ете алады;

  • Оңалту жұмыстарды ғылыми әдістемелік қамтамасыздандыру;

  • Оңалту мекемені кадрлармен қамтамасыз ету;

  • Оңалту обьектілерін таңдау және диагностика жүргізу;

  • Мекеме деңгейінде оңалту процесі субьектілерінің келісілген әрекеттері

Профилдік оңалту мекемелер кемістігі бар балаларға жағдай туғызады (материалдық-тұрмыстық, кадрлық, әлеуметтік-психологиялық) және оңалтудың нақты басқармаларын жасайды.

Қойылған диагнозға байланысты бала сол мекемеде (дамудағы аномалия табылған жағдайда) немесе профилдік оңалту мекемелерінде тәрбиеленеді.

Бұл жағдайда көмек тереңдетіліп, кеңейтілген түрде көрсетіледі.

Барлық жүйе даму үшін оңалту мекемесінің ішінде нақты белгіленіп орындалуға тиісті функционалды баспалдақтарды қамтуға тиісті. Норма орындалған жағдайда ғана емдеу- сауықтыру шаралары нәтижелі болады.

Психолог пен педагогтың әрекеттестігі педагогтың бала даму тұрғысын өз іс-әрекетіне қатысты өзгертулер жасауға бағытталған, яғни ой стереотиптерін белгілі бір қайта құруға, кәсіби сананың «штамптарын» бұзу адасушылықтарды жоюға. Психолог пен педагогтың диалогын ұйымдастыру үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану, оның зерттеу пәні-оқу мен жеке бала немесе балалар тобының дамуы арасындағы өзара қатысты мәселе. Осындай да бала дамуындағы «қадамдарды» мұғалім әдістемесіндегі «қадамдарды» өзара қатынасын көрсету маңызды. Бір жағынан құрылымдық және қызметтік кемістіктің сипаттамалар талдау керек, ол баланы психологиялық және клиникалық зерттеуімен жүзеге асырылады, басқа жағынан қарағанда оның шағын әлеуметтік орта ерекшеліктерін талдау қажет. Осы міндеттердің кешенді шешімі психологтың ,педагогтың және медициналық қызметтердің тиімді ынтымақтастығы барысында мүмкін болады.

Түзету көмегі тиімді және мақсатқа бағытталған болу үшін баланы зерттеу үдерісі барысында оның интеллектуалдық қабілеттер құрылымын, контингент стилін, дамуындағы құрылымын, когнитивті стилін, дамуындағы компоненттердің басымдылығын анықтау маңызды.Т.В.Розанова баланы диагностикалауда кешенді көшпәндік зерттеуді кезеңде өткізуге ұсынады, әуелі психолог тапсырмаларды орындауда нәтижелердің негізінде танымдық іс-әрекеті, сөйлеуі, эмоциялық-ерік жүйесінің дамуы, мінез-құлық ерекшеліктері мен психикалық дамуында оның ауытқуларының мүмкін себептері туралы қорытындыға келеді.Содан соң өзінің қорытындыларын дәрігерлерге айтады және басқа мамандар жеткізкп, барлығы бірігіп барлық зерттеудің нәтижелері бойында қорытындының мазмұны туралы шешім қабылдайды.Осылайша түзеу көмегінің сипаты анықталады.

Коррекциялық -дамыту бағыттылығы түрлі бағыттағы мамандарды бірлескен күштерінің бірігуін анықтайтын және бірлескен іс-әрекет мотивтердің мәнін бейнелейтін жүйелілік факторы болып табылады. Кешенді көшпәндік диагноз қойылған соң, жеке коррекциялық бағдарламалар жасалған кейін орынды сұрық туындайды: проблемасы бар балама негізгі жұмыс қайда өтеді?

Команданың көмегін қажет етеді, сонымен бірге қосымша жағдайлардың жасалуын күтеді. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі балаларға тиімді көмек беру үшін жаңа типтегі мекемелер қажет, онда жоғары дәрежелі және жоғары технологиялық коррекциялық әсер ата-аналардың мақсатты жұмысымен бірге жүреді. Бала үшін отбасы ең алғашқы және ең ұзақ әлеуметтік байланыстың көзі.Сондықтан да мүгедек балаларды оңалтудың маңызды аспектісінің бірге ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру қажеттілігін В.И.Бондарь айтқан. Көмекті тек дамуында ауытқуы бар балалар ғана емес, сонымен қатар ата-аналары да қажет етеді.

Шаймерденова Салима Каппаровна

© 2010-2022