Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы  "Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері" тақырыбына арналған сабақ жоспары 10 сынып Сабақтың мақсаты:1.Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.3.Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.Саба...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы


Пәні: Жалпы биология

Сыныбы: 10 «а»

Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық

негіздері

Сабақтың мақсаты:

1.Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.

2.Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.

3.Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Өткізу әдісі: саралап-деңгейлеп оқыту

Пәнаралық байланыс: математика

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек -сызбалар, тест

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.

б) Психологиялық икем: «Кім шапшаң?»

Кестеде 10 сөз берелген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.

1.жасуша 2.көбею 3.митоз 4.мейоз 5.ұрықтану

6.зигота 7.хромосома 8.ген 9.гамета 10.генетика

Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір сөйлем құрастыру арқылы оқушыларды сабаққа тарту.

.

Жоспары:

  1. Қайталау - оқу анасы (үй тапсырмасы)

  2. Сызбалар сыры (тірек -сызба) жаңа ақпарат беру

  3. «Білгенге маржан» (мәтінге талдау жасау,)

  4. Кері байланыс (деңгейлік тапсырмалар) Қорытындылау, бекіту

  5. Бағалау

  6. «Әлі де білгім келеді» (үйге тапсырма)

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасы: «Қайталау - оқу анасы»

А) Өткен тақырып бойынша биологиялық диктант

  1. Бірдей гендерді_______деп, ал әр түрлі гендерді______деп атайды.

  2. Басым гендерді_______, ал басылыңқы гендерді________дейді.

  3. Ата-ананы____әрпімен белгілейді, ал ұрпақтарды____әрпімен белгілейді.

  4. Гендердің жиынтығы______деп аталады.

  5. Гендердің сыртқы көрінісін_____деп атайды.

  6. Генетика дегеніміз_______.

  7. ______бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.

  8. Моногибридті будандастыру дегеніміз ______.

  9. Бір белгілердің екіншісінен басым болуы___.

  10. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашқан ғалым__________.

Жауаптары: 1-гомозигота, гетерозигота; 2-доминантты, рецессивті; 3-Р,Ғ; 4-генотип; 5-фенотип; 6-белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым; 7-ген; 8-бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін шағылыстыру; 9-басымдылық; 10-Г.Мендель.

Жаңа сабақ

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негізі

а) Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды.Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді.

Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде, орасан зор табыстарға жетті.Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыда негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.(әрі қарай интерактивті тақтада флипчартта моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері схемасын түсіндіру)

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

ә) Будан организмдердің гаметасында аллельді( жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы деп атайды.

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері




б) Кей жағдайда Ғ-дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминанттылық белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанттылық деп атайды.Хош иісті раушангүл мен намазшамгүлдің тұқым қуалайтын белгілерінен осы құбылысты көруге болады.

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Сонда толымсыз доминанттылық жағдайда Ғ1-дің генотипі Аа гетерозиготалы болса, Ғ2-де 1АА: 2Аа: Іаа қатынасында белгілер ажырайды.

1 кызыл: 2 кызғылт: 1 ак түсті арақатынаста болады. Бұл Мендельдің ІІ заңына сәйкес келеді.

Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дара генотипі белгілі рецессивті гомозиготалы дарамен будандастырылады. Егер алынған ұрпақ біркелкі болса, зерттеліп отырған дараның генотипі гомозиготалы болғаны, ал ажырау жүрсе,оның генотипі гетерозиготалы болғаны.

Мысалы: Түнсұлугүл өсімдігін өзара будандастырған , алынған ұрпақтың жартысы қызғылт, жартысы ақ болып шыққан. Олардың ата-аналарының фенотипі мен генотипі қандай?

Осыны Пеннет торына салсақ:

а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

Мұнда, нәтиже 50\50 яғни 1:1қатынаста ажырау жүрді, онда ата-анасының генотипі гетерозиготалы, фенотипі 50% қызғылт, 50% ақ

Қорытындылау.

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Қандай ғалам?

Негізін кім қалады?

Мендельдің қолданған зерзаты

Қолданған әдісі

Заңдары

Доминанттылықтың типтері

Генетика заңдарының қайта ашылуы

ГМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Е
Н
Е
Т
И
К
А

Бекіту.

Моногибридті будандастыруға арналған есептерді 3 топқа бөлуге болады:

  • Гаметалардың түзілуі мен типін анықтауға арналған есептер;

  • Ата-аналық даралардың генотиптері арқылы ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтауға арналған есептер;

  • Ұрпақтардың фенотипі белгілі болған жағдайда аталық, аналық генотиптерін анықтауға арналған есептер.

1-тапсырма Гаметалардың түзілуі мен типін анықтауға арналған есеп

Берілгені: Генотиптері: а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВв; г) АаВвСс;

д) ААВВСС даралар қандай типті гаметалар?

Шешуі:

а) 1 типті гамета- А

ә) 2 типті гамета -А, а

б) 1 типті гамета- а

в) 4 типті гамета- АВ, Ав, аВ, ав

г) 8 түрлі гамета - АВС, АВс, АвС, Авс, аВС, аВс, авС, авс

д) 1 типті гамета - АВС

2-тапсырма. Ата-аналық даралардың генотиптері арқылы ұрпағының

генотипі мен фенотипін анықтауға арналған есеп

ҚМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріара қоян мен ақ қоянды будандастырғанда, бірінші ұрпақта түгел сұр түсті болады. Берілген суретті пайдаланып, Ғ1 - дегі ұрпақтағы қоянның түсі доминанттылықтың қай типіне жататынын айтыңдар.


Шығару жолы: 1. Р ♀ АА Х ♂аа

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері Г А А а а

Ғ1 Аа Аа Аа Аа

2. Ғ1 аралық сипатты көрсетіп тұр, сондықтан ұрпақ ата-анасына ұқсамайды, аралық сипатта. Мұны доминанттылықтың толымсыз типіне жатқызамыз.

3-тапсырма. Ұрпақтардың фенотипі белгілі болған жағдайда аталық, аналық

генотиптерін анықтауға арналған есеп

Берілгені: Көк көзді ер адамның әке-шешесі қой көзді. Ол әкесінің көзі көк, шешесі қой көзді , қой көзді әйелге үйленді. Осы отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Егер қой көзді белгі көк көзді белгіге қарағанда басым болса, аталған кісілердің генотипі қандай болады?

Шешуі: есепте берілген гендер мен белгілерді үш бөлімнен тұратын кестеге жазамыз. 1-бөлімге - белгілердің фенотипін, 2-бөлімге - сол белгілерді бақылайтын доминантты және рецессивті гендерді, 3-бөлімге - мүмкін болатын генотипін жазамыз.

Белгі

ген

генотип

Қой көзді

А

АА, Аа

Көк көзді

а

аа

Көк көзді ер адам генотипі - аа, қой көзді әйел адамның генотипі - Аа болады , себебі оның әкесінің көзі көк . Сондықтан, бұл отбасында қой көзді бала дүниеге келеді, оның генотипі гетерозиготалы - Аа, әкесі көк көзді болғандықтан генотипі гомозиготалы бола алмайды.

  1. шығару әдіс гаметалар комбинациясын үлгілеу арқылы

Р ♀ Аа Х ♂ аа

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері Г А а а а

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

Ғ1 Аа Аа аа аа (1:1)

фенотипі 50% көк көз, 50% қой көз

генотипі 50% гетерозиготалы, 50% гомозиготалы рецессивті

Жауабы: ер адамның генотипі - аа, әйелдікі - Аа, баласының генотипі - Аа

2-шығару әдіс- Пеннет әдісі ұсынған Пеннет торы арқылы да көруге болады:

а

а

А

Аа

Аа

а

аа

аа

3-шығару әдіс- алгебралық әдіс

Аталық және аналық гаметалардың типін екі мүше ретінде белгілеп, оларды бір-біріне көбейту арқылы генотипін табуға болады:

(А + а) x ( а + а ) = Аа + Аа + аа + аа = 2 Аа + 2 аа

Есепте қолданған үш әдісте де нәтиже біреу.

«Кері байланыс»-деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (5-ұпай)

1.Генетика ғылымы нені зерттейді?

А- жасуша ілімін

В-ұсақ денелерді

С-табиғатты

Д- тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті

Е- жер қыртысын

2. 1906жылы генетика терминін ғылымға енгізген кім?

А- У.Бетсон

В- Т.Морган

С- ДЖ.Уотсон

Д-О.Эври

Е- Ф.Крик

3.1909 жылы дат биологы В.Иогенсен биологияға қандай термин енгізді?

А-зигота

В-ген

С-гамета

Д-даминантты

Е-рецессивті

4.Тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі не?

А-амин қышқылдары

В-негіздер

С-ДНҚ

Д-көмірсулар

Е-РНҚ

5. «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» еңбегінің авторы кім?

А- Н.И.Вавилов

В-А.Вейсман

С-Де. Фриз

Д-Т.Морган

Е-Г.Мендель

ІІ деңгей

«Шаңырақ» сұрақ-жауап

1.Грекшеден аударғанда «dehesis»- шығу тегі сөзінің анықтамасы

(генетика)

2.Де Фриз ашқан теорияның атауы

(мутация)

3.Организмдердің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы

(фенотип)

4.Геннің қайта қалпына келуі (репарация)

Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздеріМоногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері




ІІІ деңгей

1-тапсырма «1-ұпай»

Генетика саласының дамуында халық санасында ұрпақтың сау болуы деген ұғым қалыптасты, осыған орай : «қан тазалығы», «жеті ата» ұғымдарының бүгінгі тақырыпқа сәйкестігі бар ма?

2-тапсырма «2-ұпай»

Сәйкестендіру тестісі:


  1. Ұрпақтардың ата-аналарына сәйкес болуы.

  2. Ата-анадан тарайтын ұрпақтарда айырмашылықтардың болуы.

  3. «Мүлгіген жағдайда» болып,бірнеше ұрпақтан кейін білінетін белгі.

  4. Г.Мендель ашқан заңның дұрыстығы дәлелденген жыл.

  5. Т.Морганның алғашқы ашқан теориясының атауы.

  6. Генетиканың даму тарихындағы кезеңдер саны.

А-геммулалар

Б-үш

В-өзгергіштік

С-тұқымқуалаушылық

Д-1900

Е-хромосома

1

2

3

4

5

6

С

В

А

Д

Е

Б

Бағалау

«Әлі білгім келеді»

Үйге тапсырма § 36 оқу, 169 беттегі №1 есепті шығару





© 2010-2022