• Преподавателю
  • Биология
  • Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері, мутациялық өзгергіштік оқушыға арналған үлестірме материал

Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері, мутациялық өзгергіштік оқушыға арналған үлестірме материал

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Тұқым қуалайтын өзгергіштік түрлері , мутациялық өзгергіштік..

Күтілетін нәтиже: Тұқым қуалайтын өзгергіштік; мутациялық өзгергіштік, олардың түрлері; хромосомалық мутация (полиплоидия, гетероплоидия), гендік мутациялар, мутагендік факторлар, гомологтық қатарлар заңы туралы деректердітүсінуге мүмкіндік беру.

Сабақтың құрылымы:

1.Ақпарат блогы

2.Логикалық тапсырмалар блогы

3.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

4.Интеллектуалды тренинг блогы

5.Күтілетін нәтиже блогы

Оқыту әдісі:Проблемалық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:Көмектеседі,құрастырушы,танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалау.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:Белсенді іздену

Танымдық тапсырмалар:ЛТ,ЖБЕА,ИТ.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге жоспар бойынша оқулық материалын ақпарат блогындағы слайдтарды пайдалану арқылы қол жеткізу,ЛТ блогы бойынша қортынды шығарады.

Оқушыда дағды қалыптастыру:Сөйлеу,логикалық ойлау,салауатты өмір сүре алу,өзін бағалай алу,ұжымда жұмыс жасай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:мутация,комбинативті өзгергіштік,мутациялық өзгергіштік,хромосомалық мутация,полиплоидия,гетероплоидия,гендік мутация,мутагендік факторлар,гомологиялық қатарлар заңы.

Ақпарат көздері:Ж.Шілдебаев,Ж.Қожантаева,Л.Аманжолова Биология.9- сынып.Алматы «Мектеп» 2009

С.Г.Мамонтов,В.Б.Захаров,Н.И.Сонин,Ә.Қ.Қисымова Биология.Жалпы заңдылықтар.9 - сынып.Дрофа - Алматы 2006

Сабақты бағалау:ЖБЕА,ИТ(бонус)

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқулықтан қайталап, өзге дереккөздерге жүгініп барып, Н.И.Вавиловтың еңбегі мен оның маңызы туралы қысқаша хабарлама дайында.



Ақпарат блогы

Жоспар:

  1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, оның түрлері.

  2. «Мутация» ұғымы, мутациялық өзгергіштік, оның түрлері. Гендік мутациялар.

  3. Мутациялық өзгерістің пайда болуын туғызатын мутагендік факторлар. Мутациялық өзгерістің биологиялық маңызы.

  4. Н.И. Вавилов және гомологтық қатарлар заңы. Бұл заңды білудің қажеттілігі.

1..1Тұқым қуалайтын өзгергіштік дегеніміз - бірнеше ұрпақ қатарында белгілердің сақталуымен, генотиптің өзгеруімен жүретін өзгергіштік. Сондықтан да тұқым қуалайтын өзгергіштікті генотиптік өзгергіштік деп те атайды.

1..2Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің түрлері:

  • 1) комбинативтік;

  • 2) мутациялық.

1.3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік тірі организмдердің алуан түрлілігінің негізі болып табылады.

1..4Комбинативтік өзгергіштік - гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне әкелмейтін, тек гендердің әртүрлі болуынан олардың әр алуан комбинациялар құруына байланысты кездейсоқ орын алатын жағдай.

1.5.Мутациялық өзгергіштік - гендер мен хромосомалар құрылысының өзгеруіне байланысты кездейсоқ орын алып, тұқым қуалайтын өзгергіштік

2.1.«Мутация» сөзі латын тілінен аударғанда «өзгеріс» деген мағына береді. «Мутация» ұғымын ғылымға енгізіп, бұл құбылыстың зерттелуіне алғышарт туғызған еңбекті (1901 ж.) жазған голландиялық ботаник Хуго Де Фриз болды.

2.2.Мутация түрлері:

  • хромосомалық;

  • гендік.

2.3.Хромосомалық мутация кезінде хромосомалар саны өзгереді. Хромосомалық мутацияның екі түрі бар:

1) полиплоидия;

2) гетероплоидия.

2.4. Полиплоидия кезінде хромосомалар саны еселеніп көбейеді. Мысалы, 3n - триплоид, 4n - тетроплоид, т.с.с.

2.5. Гетероплоидия кезінде хромосомалар саны еселенбейді: олардың саны не азаяды, не көбейеді. Мысалы, адамда хромосомалар санының қалыпты жағдайдағыдай 46 емес, 47 болуы, оның Даун ауруымен науқас екенін көрсетеді.

2.6. Гендік мутация жекелеген гендердегі өзгеріс нәтижесінде пайда болады. Гендік мутация кезінде ДНҚ молекуласындағы нуклеидтердің орналасу реті өзгереді. Бұдан генетикалық код, синтезделетін нәруыздың қасиеті өзгереді.

3.1. Мутациялық өзгерістерге себепші жағдайлар мутагендік факторлар деп аталады.

3.2. Мутагендік факторларды үш топқа біріктіреді:

• физикалық;

• химиялық;

• биологиялық.

3.3. Физикалық мутагендік факторларға ультракүлгін, радиоактивті сәулелер, рентген сәулелері, т.б. жатады.

3.4. Химиялық мутагендік факторларға әртүрлі химиялық қосылыстар, мәселен, пестициттер жатады.

3.5. Биологиялық мутагендік факторларға вирустар, бактериялар, организмдегі реакциялардың ыдырау өнімдері жатады. Мәселен, аспен бірге түскен радиоактивті зат мутагендік әсер етеді.

3.6. Мутациялық өзгерістердің ерекшелігі мен биологиялық маңызы:

• мутация кездейсоқ пайда болады;

• мутацияның пайда болуына белгілі бір мутагендік факторлар ықпал етеді;

• мутациялық өзгергіштік генетикалық алуан түрлілікті арттырады, оларды ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалануға болады. Мысалға, қазіргі көкөніс өнімдерінің 80%-ы полиплодтар болып табылады.

4.1. Систематикалық жағынан бір-біріне жақын туыс түрлерде кездесетін мутациялардың ұқсас екенін анықтап, тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтық қатарлар заңын ашқан көрнекті орыс генетигі - Николай Иванович Вавилов.

Мысал. Астық тұқымдасына жататын бидай, арпа, күріш, жүгері, тары, тағысын-тағылардың:

• дәнінің түсі мен пішіні; • өніп-өсу мерзімі;

• пісіп жетілуі; • суыққа төзімділігі ұқсас келеді.

4.2. Гомологтық қатарлар заңының маңызы:

• бір түрде кездесетін тұқым қуалайтын өзгерігіштікті біле отырып, басқа түрлерде болатын өзгерісті алдын ала болжауға болады.

Логикалық тапсырмалар блогы

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Мутация түрлері

Хромосомалық мутация түрлері

Мутагендік факторлар

Гендік мутацияның біліну сипатына қарай түрлері

Хромосомалық

Гетероплоидия

Физ. Хим.

Доминантты

Гендік

Полиплоидия

Биологиялық

Рецессивті


Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

 Деңгейлік тапсырмалар:


І деңгей тапсырмалары

1. Генотиптік өзгергіштік деп қандай өзгергіштікті айтамыз?____________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

2. Комбинативтік және мутациялық өзгергіштік қандай өзгергіштікке жатады?_____________________________________

________________________________________________________________________________________________________

3. Полиплоидия қандай өзгергіштікке жатады, бұл кезде не өзгереді? Мысал келтір._________________________________

________________________________________________________________________________________________________

4. Гетероплоидия кезінде қандай өзгеріс орын алады, оның нәтижесі неге әкеледі?__________________________________

________________________________________________________________________________________________________

5. Физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер не туғызады?____________________________________________

________________________________________________________________________________________________________

6. Гомологтық қатарлар заңының селекционер үшін маңызы неде деп ойлайсың?___________________________________

________________________________________________________________________________________________________


ІІ деңгей тапсырмалары

1) Мутациялардың пайдалы да, зиянды да болуының мүмкін екенін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтір.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мутагендік факторларға күнделікті өмірден мысал келтір, әсерін қысқаша сипатта.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





ІІІ деңгей тапсырмалары

«Тұқым қуалайтын», «генотиптік» және «мутагендік» деген сөздердің (сын есімдердің) арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Ойыңды дәлелде.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Интеллектуалды тренинг блогы

 ТОПтЫҚ ЖҰМЫС.

Мутация - кездейсоқ пайда болатын өзгеріс. Қай жағдайда оны болдырмауға тырысқан жөн? Ал мутациялық өзгергіштік қажет болатын жағдайлар қандай? Осы бір арада қарама-қайшылық бар деп ойламайсыңдар ма?

________________________________________________________________________________________________________

Күтілетін нәтиже блогы

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

@Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқулықтан қайталап, өзге дереккөздерге жүгініп барып, Н.И.Вавиловтың еңбегі мен оның маңызы туралы қысқаша хабарлама дайында.

________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________

© 2010-2022