Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстанда таралған сүтқоректілердің жеке отрядтарының кеңінен таралған және сирек кездесетін түрлерімен таныстыру, олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бірінен-бірін ажырата білуге үйрету.Сабақтың міндеттері:білімділік; Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен, олардың отрядтарымен, құрылыс ерекшелігімен, тіршілігімен таныстыру. дамытушылық; сүтқоректілер туралы ой-өрістерін кеңейту, өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.тәрбиел...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақтың тақырыбы: § 59. Қазақстанда мекендейтін

сүтқоректілер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Қазақстанда таралған сүтқоректілердің жеке отрядтарының кеңінен таралған және сирек кездесетін түрлерімен таныстыру, олардың тіршілік әрекеттеріне байланысты бірінен-бірін ажырата білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

білімділік; Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен, олардың отрядтарымен, құрылыс ерекшелігімен, тіршілігімен таныстыру.

дамытушылық; сүтқоректілер туралы ой-өрістерін кеңейту, өзбетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік; Жануарларды қорғауға, аялауға және ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: экология, география, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, таблицалар, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушыларды түгендеу

2) Кезекшілер міндеті

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

1. "Кім тапқыр" суретпен жұмыс

2. "Кім жылдам?" (викториналық сұрақтар)

3. "Ассоциация" ойыны

ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру

ІV. Сабақты бекіту

1. Биологиялық диктант

2. "Терминология" терминдерді білесің бе?

3. "Миға шабуыл" танымдық сұрақтар

4. "Ең,ең,ең...." қызықты деректер

5. "Сен білесің бе?"

6. "Почта" ойыны

V. Сабақты қорытындылау

Зертханалық жұмыс

VІ. Үйге тапсырма

VІІ. Бағалау

Сабақтың жүрісі:

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

1. "Кім тапқыр" суретпен жұмыс

Ұшатын сүтқоректіні көрсет:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Мына сүтқоректілердің қайсысы жұмыртқа салу арқылы көбееді:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Суда тіршілік ететін сүтқоректіні көрсет:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

2. «Кім жылдам?» (викториналық сұрақтар)

1) Сүтқоректілер қандай ортада тіршілік етеді? ( суда, ауада, құрлықта)

2) Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер болады? (май, тер, сүт, иіс бездері болады)

3) Кеуде қуысы құрсақ қуысынан не арқылы бөлінген? (көкет арқылы бөлінген)

4) Сүтқоректілердің ұрығы қайда дамиды? (жатырда)

5) Ілкіаңдарға қандай жануарлар жатады? (үйректұмсық,түрпі)

6) Сүтқоректілерде ең алдымен қандай тістер дамиды? (сүт тістері)

7) Сүтқоректілердің өте жақсы дамыған сезім мүшелері? (иіс сезу)

8) Сүтқоректілерде мойын омыртқасы нешеу? (жетеу)

9) Төменгі сатылы аңдарға қандай сүтқоректілер жатады? (қалталы сүтқоректілер)

10) Сүтқоректілер қандай жануарлардан тараған? (аңтісті кесіртке)

Жүйке жүйесі жақсы дамыған

Жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобы3. «АССОЦИАЦИЯ» ойыны

Ұрығы жатырда дамиды

Ұрпағын сүтпен асырайды

СҮТҚОРЕКТІЛЕР



ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Ескекаяқтылар отряды

Жыртқыштар отряды

Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар отряды

Қолқанаттылар отряды

Қоянтектестер отряды

Кемірушілер отряды

Бунақденеқоректілер отряды



Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі таралған.

Бунақденеқоректілер отряды

Слайд № 13

Ертеден келе жатқан қарапайым сүтқоректілер тобы. Миы нашар дамыған, дене температурасы онша тұрақты емес, көздері нашар көреді, иіс сезу қабілеттері жақсы дамыған. Тұмсықтары алдына қарай шығыңқы.

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерЖұпартышқан-Еділ, Жайық, Тобыл, Обаған өзендерінде кездеседі.

Терісі өте бағалы. Қызыл Кітапқа тіркелген.

Кемірушілер отряды

Слайд №14

Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректілердің 2500-ге жуық түрі жатады.Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар.

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚұндыз-Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген терісі бағалы

жыртқыш аң. Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларының

өзендерінде кездеседі. Қорегі-балық.

Қоянтектестер отряды

Слайд № 15

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Қазақстанда қоянтектестер кеңінен таралған. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, кәсіптік маңызы зор.

Қолқанаттылар отряды

Слайд № 16

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Қазақстанда қолқанаттылардың 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр және қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Жұптұяқтылар және тақтұяқтылар отряды

Слайдтар № 17,18

Жұптұяқтылар күйіс қайтармайтындар (шошқа мен бегемоттар) және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді. Қазақстанда жұптұяқтылардың 10 түрі таралған.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамығын. Екінші және бесінші саусақтары нашар дамыған.

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген.Қазір үш тұқымдасының (тапирлер, керіктер, жылқылар) өкілдері кездеседі. Қазақстан жерінде жабайы жылқы-құлан мекендейді.

ЖЫРТҚЫШТАР ОТРЯДЫ

Сусар тұқымдастар

Мысық тұқымдастар

Қасқыр тұқымдастар

Аю тұқымдастар



АЮ тұқымдастары Слайд №20

Аю тұқымдастарына қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі (гималай) аю жатады.

Қазақстанда биік таулы алқаптарда қоңыр аю кездеседі.

Аюдың аталығы- "матай", аналығы-"кірекей", ұрпағы-"қонжық" деп аталады.

Қоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер


ҚАСҚЫР тұқымдастары Слайд №21

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер Қасқыр тұқымдастарына-шибөрі(шуылдақ), қасқыр, түлкі,қызыл қасқыр

жатады. Қызыл қасқыр өте сирек кездеседі.




МЫСЫҚ тұқымдастары Слайд №22

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер Қазақстанда мысық тұқымдастарының 8 түрі таралған.

Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында қорғауға алынған.

СУСАР тұқымдастары Слайд №23

Ескекаяқтылар отрядыҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер Сусар тұқымдастарына-сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю (балқы), құндыз жатады. Қазақстанда кездеседі. Бұлардың терісі бағалы, кәсіптік маңызы зор.


Слайд №24

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерЕскекаяқтылар отрядына-дене пішіні ұршық тәрізді 30-дан астам жануар түрлері жатады. Аяқтары ескекке айналғандықтан, ескекаяқтылар деп аталған.

Тері астындағы 10 см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді әрі қор заты болып есептеледі. Тіршілігін көп уақытта суда өткізеді, құрлыққа тынығу, көбею, күшіктеу кезінде ғана шығады.

ІV. Сабақты бекіту

1. Биологиялық диктант

1) Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет пайда болған.

2) Сүтқоректілерде алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.

3) Екі бүйрек, екі несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен

зәршығару жүйесі түзіледі.

4) Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған.

5) Жоғары сатыдағы сүтқоректілерді "ұрық жолдастары" деп аталады.

6) Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет

ұрт деп аталады.

7) Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды

өкпе көпіршіктері деп атайды.

8) Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп аталады.

9) «Құндыз-суда, құлан-қырда» мақалды толықтыр.

10) Аюдың бір жасар ұрпағы-"апанақ" деп аталады.

2. "Терминология" терминдерді білесің бе?

Терминдер

Түсіндірме сөздер

1

Орнитология

Құстарды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

2

Герпетология

Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

3

Териология

Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының бір саласы.

4

Қолтұқым

Үй хайуанаттарын жіктеу кезіндегі жүйелік бірлігі

5

Ұрықжолдас

Ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше

6

Кәмшат қайыр

Кәмшаттың жұпар безінен

алынатын өнім

3. "Миға шабуыл" танымдық сұрақтар

1. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, өте сымбатты, саны азайып кеткен жұптұяқтылар отрядының өкілі. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстірт қорықтарында қорғауға алынған жануар? (Қарақұйрық)

2. Қазақстанда ғана таралған кеміруші. 1938ж зоолог-ғалым В.А. Селевин Бетпақдала шөлінен тапқан. Құлағы үлкен, дене тұрқы 9 см, салмағы 30-35 гр. Әлі толық зерттелмеген қандай жануар? (Қалқанқұлақ)

3. Қазіргі жылқының арғы тегі. Бағалы терісі, дәмді еті үшін көптеп ауланып, қазір саны азайып кеткен. Үстірт, Барсакелмес қорықтарында ерекше қорғауға алынған. Бұл жануар туралы аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. Қандай жануар туралы айтылған?

(Керқұлан)

4. Қазақстанның батыс аймағында шөл, шөлейтті жерлерде мекендейтін кеміруші. Жер астындағы қараңғы інінен еш уақытта шықпайды. Сондықтан көзі көрмейді. Күрек тістері өткір, аузының сыртына шығып тұратын, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қай жануар? (Алып соқыртышқан)

5. Аталған сүтқоректі жануар бунақденелілермен қоректенеді, Еділ,Жайық, Тобыл, Обаған шағын өзендерінде мекендейді. Терісі бағалы болғандықтан көп ауланып, саны күрт азайып бара жатқан қандай жануар? (Жұпартышқан)

4. "ЕҢ,ЕҢ,ЕҢ...." қызықты деректер

1) Ең үлкен сүтқоректі- көк кит.Ұзындығы 33 м, салмағы 150т. Киттің бойының

ұзындығы құрлықтағы 5 қабатты үймен тең. Судың бетіне 1000 м тереңдіктен 15-20

секундта шыға алады. Терісінің астында 1 метрдей май қабаты бар, дене тепературасы

тұрақты 34-37ºС ыстық болады.

2) Ең кішкентай сүтқоректі-қызғылт тісті жертесер. Ұзындығы 3-5 см, салмағы 1,7-3 грамм.

Зат алмасуы тез жүретіндіктен өте қомағай болып келеді. Күніне өзінің салмағынан 3 есе

(30 гр) азық жейді

3) Ең жүйрік сүтқоректі-қабылан. Африкада, Иран, Түркменстан елдерінде тіршілік етеді.

Қабылан сағатына 100 км/сағ жылдамдықпен 550 м-ге жүгіре алады.

4) Ең жалқау сүтқоректі-үшсаусақты жалқаңаң. Оңтүстік Африкада ағаш басында тіршілік

етеді. Жалқаулығы сондай түктерінде жасыл балдырлар өседі. Жылдамдығы 1,8-2,4 м/мин

немесе 0,1-0,16 км/сағ.

5) Ең биік сүтқоректі- жайлаң (жираф). Ол сахараның оңтүстігінде Африканың қуаң

саваннасы мен шөлейт аудандарын мекендейді. Оның биіктігі-5,5 метр. Салмағы-1000 кг,

буаз болу мерзімі-15 ай.

6) Ең ұзақ буаз болатын сүтқоректі-азиялық піл. Оның буаз болу мерзімінің ұзақтығы-690-на

760 күнге дейін созылады. Бұл адамның бала көтеруімен салыстырғанда 2,5 есе ұзақ.

7) Ең ақылды сүтқоректі-дельфин.Көптеген мұхиттарда және теңіздерде тіршілік етеді.

Миының салмағы-1700 гр, адамдікі-1400 гр. Ми қыртыстарының иірімі адамдікімен

салыстырғанда екі есе көп. Олар еш уақытта ұйықтамайды, яғни көзін ашып ұйықтайды.

Себебі миының оң және сол бөлігі кезектесіп тынығады.

5. "Сен білесің бе?" (кімнің төлі қандай?)

Жануарлардың атауы

Аталығы

Аналығы

Ұрпағы

1

ДОҢЫЗ

Қабан

Мегежін

Торай

2

БҰҒЫ

Бұғы

Марал

Қодыға

3

ЕЛІК

Күлміз

Сөге

Еңлік

4

АРҚАР

Құлжа

Қозықа

5

АЮ

Матай

Кірекей

Қонжық

6

ҚАСҚЫР

Арлан,

көкжал, сырттан

Шулан, құртқа

Бөлтірік

7

БАРЫС

Барыс

Таутан

Алан


«ПОЧТА» ойыны

Қорықтар

Ұлттық парктер

Зоологиялық қорықшалар

1) Ақсу-Жабағылы

2) Алматы

3) Наурызым

4) Барсакелмес

5) Қорғалжын

6) Марқакөл

7) Үстірт

8) Батыс Алтай

9) Алакөл

10) Қаратау

1) Баянауыл

2) Іле Алатауы

3) Алтынемел

4) Көкшетау

5) "Бурабай"

6) Қатонқарағай

7) Шарын

8) Сайрам-Өгем

9) "Көлсай көлдері"

10) Жоңғар Алатауы

11) "Бұйратау"

12) Қарқаралы

1) Андасай

2) Атбасар

3) Ерейментау

4) Ақтау-Бозащы

5) Сарықопа

6) Ұлытау

7) Бектауата

8) Кирсанов

9) Шалқар

№22 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылысы

Құрал-жабдықтар: Сүтқоректілердің суреттері, ылғалды препараттары, сызбанұсқалары,

сүтқоректілер қаңқасы.

Жұмыстың реті және нәтижесі:

1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылысын зерделе.

Сүтқоректілердің аяқтары қалай орналасқан?

Денелерін не жауып тұрады?

Құлақ қалқандары қандай?

Сүтқоректілердің тістерінің ерекшеліктерін жазыңдар........................................................

Сүтқоректілердің сыртқы құрылысын тауып жазыңдар........................................................

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

2. Сүтқоректілердің қаңқасын талдаңдар, оқулықтағы 288 беттегі 164 суретпен

салыстырыңдар:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

3. Сызбанұсқадағы құстар мен сүтқоректілердің мүшелерін талдаңдар:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

4. Сүтқоректілердің ішкі мүшелерінің орналасу тәртібімен танысу.

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілерҚазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Қорытынды: Қадір Мырза Әлидің «Қызыл Кітап» поэмасынан үзінді:

Отыра алмас ұл шыдап, қызың шыдап

Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ

Қызыл Кітап-

Мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ!

Қызыл Кітап-

Тірі жан тимесін деп

Хайуанатқа берілген қызыл мандат.

Баяғыдай бәрінің халы бірақ-

Мойындарын үзеді әлі бұрап.

Қызыл Кітап-

Бұл өзі қызық кітап:

Тысы жұқа,

Астары қалыңырақ...

VІ. Үйге тапсырма: §59. Қазақстанда мекендейті сүтқоректілер.

№22 зертханалық жұмысты аяқтау. Қорықтар туралы реферат жазу.

298 беттегі тапрсырманы орындау.

VІІ. Бағалау







Маңғыстау облысының білім беру басқармасы



Ашық сабақтың тақырыбы:

«Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер»

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Өткізген: № 1 жалпы орта білім беретін

мектеп-лицейінің І санатты

биология пәнінің мұғалімі

Кужакова Гульмира Ахатовна







2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022