Презентация по биологии на тему Қан құю, қан топтары

«Қан құю,қан топтары»тақырыбында 8а сыныбымен өтілген ашық сабаққаХимия-биология пән мұғалімі,І-деңгей мұғалімі Қалдасбекова Айшаттың рефлексивті есебіМен Қалдасбекова Айшат 15-қаңтар күні 8а сыныбында«Қан құю,қан топтары»тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Ұйымдастыру кезеңінде)оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдедім. Жемістер бойынша топқа бөлдім. Топ мүшелері топ басшысын сайлап алды.Бағалау парағын таратып беріп,критериймен таныстырып өттім.Онда:1Тапсырманы толық орындауы, 2.Сұраққа дұрыс жауа...
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қан құю,қан топтары»тақырыбында 8а сыныбымен өтілген ашық сабаққа

Химия-биология пән мұғалімі,І-деңгей мұғалімі Қалдасбекова Айшаттың рефлексивті есебі

Мен Қалдасбекова Айшат 15-қаңтар күні 8а сыныбында«Қан құю,қан топтары»тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Ұйымдастыру кезеңінде)оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдедім. Жемістер бойынша топқа бөлдім. Топ мүшелері топ басшысын сайлап алды.Бағалау парағын таратып беріп,критериймен таныстырып өттім.Онда:

1Тапсырманы толық орындауы, 2.Сұраққа дұрыс жауап беруі 3.Оқушылардың дәлелді түсіндіруі. Әр тапсырмаға 2 ұпай беріледі.

8-10 ұпайға-5

6-7 ұпайға-4,4-5 ұпай-3,1-3 ұпай-2

ә)Психологиялық дайындық.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындап алдым. Үй тапсырмасын сұрау барысында 1-кезеңде «Жылдам-сұрақ, жылдам-жауап»әдіс-тәсілін пайдаландым (топпен жұмыс) 2-кезең. «Сандар құпиясы» (топпен жұмыс)тәсілін пайдалану арқылы олардың ойлау қабілеттері дамыды.. 3-кезең.Биологиялық диктант (дәптермен жұмыс) тәсілін қолдану арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта түсті.Жаңа сабақты мен интерактивті тақтадан қосымша метериалдар көрсету арқылы түсіндіріп өттім.Қан құю туралы кестені пайдаландым,қан топтарының мінезге қатысы туралы мәліметтер келтірдім. . Мәтінмен жұмысты «Рольдегі оқушылар»бойынша орындады.Онда оларға мәтін таратылып берілді.1 топ - қан құю, қан топтары,2 топ - резус фактор Постер қорғауда оқушылар қосымша мәліметтер жинақтаған,суреттер пайдаланды

Сабақта семантикалық карта,топтастыру тәсілдерін оқушылар топпен бірге бірлесе орындады.Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалады.Кері байланыс ретінде «Күн мен бұлттар»қолданылды.Сабақта оқушылар белсенділігі жақсы болды.Сабақ соңында менің түйгенім оқушыларға қосымша мәліметтер жинақтауға тапсырманы үзбей беруге болады екен.Сонда оқушының ізденушілік,шығармашылық қабілеті дами түседі.Оқушылардың кері байланыс парағын оқи отырып түйгенім оларға топпен жұмыс ұнайтынын білдім.Оқушылар топтық жұмысқа бейімделе бастады.Алайда әр тапсырмада уақытты тиімді пайдалану керетігін өзіме түртіп алдым.


© 2010-2022