Тынысалу жүйесін қорытындылауға арналған бақылау жұмысы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тынысалу жүйесі

I-нұсқа

  1. Тест

1. Мына мүшелердің қайсысы тынысалу жүйесіне жатпайды:

А) өкпе В) трахея С) өкпе артериясы Д) бронхтар

2. Тыныс алу орталығы қайда орналасқан

А) сопақша ми В) аралық ми С) жұлын Д) мишық

3. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше:

А) көмекей В) бронхтар С) мұрын қуысы Д) кеңірдек

4. Ауаның ылғалдануы, жылынуы қай жерде жүзеге асады?

А) өкпеде В) бронхтарда С) мұрын қуысында Д) кеңірдекте

5. Жартылай шеміршекті сақиналардан тұратын мүше:

А) көмекей В) бронхтар С) бронхиолалар Д) кеңірдек

6. «Ағаш» тәрізді тармақталған, кеңірдектің жалғасы:

А) көмекей В) бронхтар С) өкпе Д) өкпе көпіршіктері

7. Өкпе көпіршіктерінің диаметрі қандай?

А) 0,2-0,3 мм В) 0,2-0,4 мм С) 0,3-0,4 мм Д) 0,4-0,6 мм

8. Оттекті тасушы:

А) лейкоцит В) тромбоцит С) гемоглобин Д) фагоциттер

9. Тыныс алғандағы аммосфералық ауадағы оттек (О2) пен көмірқышқыл газының(СО2)мөлшері қандай:

А) О2-25%, СО2-79% В) О2-21%,СО2-0.03% С) О2-16%, СО2-4% Д) О2-35%, СО2-70%

10. Тыныс шығарғандағы аммосфералық ауадағы оттек (О2) пен көмірқышқыл газының(СО2)мөлшері қандай:

А) О2-25%, СО2-79% В) О2-21%,СО2-0.03% С) О2-16%, СО2-4% Д) О2-35%, СО2-70%


  1. Бос орынды толықтыр:

  1. Тыныс алу жүйесіне - мұрын қуысы (кеңсірік), ____, ____, ____,____, өкпелер жатады.

  2. Өкпеде ______ процесі жүреді.

  3. ________әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.

  4. Көмекейдің қабырғасы __________ шеміршектерден түзілген, олар бір-бірімен __________ байланысқан.

  5. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістік ______ деп аталады.

  6. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы ______, ал әйел адамдарда ________

  7. ___________ кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді.

  8. Бронхтардың ішкі беті ________қапталған.

  9. Бронхиолалардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы __________аяқталады.

  10. Альвеоланың қабырғалары _____________жасушаларынан тұрады.

  11. Оң жақ өкпені сайшалар _______, сол жақ өкпені ________ бөлікке бөледі.

  12. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша __________қаптайды.

  13. Плевра қуысында __________сұйықтық болады.

  14. Тынысалу қозғалыстары - _______және _______ арқылы жүзеге асады.

  15. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп _____________________ айтады.

  16. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орта есеппен алғанда ______, ер адамдарда _______.

  17. Тыныстық сыйымдылық мөлшері_______мл.

  18. Тыныс алғандағы қосымша сыйымдылық мөлешрі ________мл.

  19. Тыныс шығарғандағы қосымша сыйымдылық _______мл.

  20. Қалдық ауа сыйымдылығы _______мл.

  21. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды ______дейді.


  1. Сипаттама бер:

а) Тыныс шығару (выдох) механизмін жазыңыз.

б) Тыныс алудың гуморальдық реттелуін түсіндіріңіз.

в) Тынысалу мүшелерінің ауруларын атаңыз.

© 2010-2022